Microsoft Word Послед doc


- Сілтеу есімдігі мен күшейткіш шылауының қосарлануы арқылы: Мың  асқанға бір тосқанның шағы кеп тұрған сəтім осы-ақ!



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
treatise527

- Сілтеу есімдігі мен күшейткіш шылауының қосарлануы арқылы: Мың 
асқанға бір тосқанның шағы кеп тұрған сəтім осы-ақ!  
Сілтеу есімдігі мен сұраулық шылаулар арқылы: Махаббат па? Осы ма? 
... Сендердің берген ақылың осы ма? Əділі осы ма? Жақсысы осы ма?  
Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Құнанбай 
сонда еді. Сонда сілтеу есімдігі жатыс септігінде тұр. Əзімбай өзі де осында 
екен. Мұсағұлға келсе, Базаралы да сонда екен.
Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен болымсыздық етістігі арқылы: 
Бірақ өңі сұп-сұр зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда 
емесБұлар көптік жалғаулы сілтеу есімдігі жатыс септігінде тұр.
Шығыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Əлгіде 
Жұмырдың айтқаны осыдан еді.
Сілтеу есімдігі мен нақтылық «ғана» шылауына болымсыздық 
етістігінің тіркесіп, күрделі баяндауыш қызметінде келуі: Жалғыз осылар ма
Бұлар ғана емес?


92
Жіктеу есімдіктері «Абай жолы» роман-эпопеясынан байқағанымыздай 
тек жіктік жалғауы арқылы ғана сөйлемді тиянақтап қоймай, олар сөйлемнің 
соңында əр түрлі тұлғаларда тұрып, есімді сөйлемдер жасайды. Мұның өзі 
жіктеу есімдіктерінің сөйлемдегі жұмсалу аясының əлдеқайда кең екенін 
көрсетеді. Енді соларды жеке-жеке көрсетелік:
- Нөлдік тұлғадағы жіктеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы - Төрт 
тарапың сай келген, ендігі қазақтың хан төресі сен екенсің!
- Жіктеу есімдігінің жіктік жалғауда келіп оған «ғой» нақтылық 
шылауының тіркесуі арқылы: Жеміс күтіп, нəр алатыны сенсің ғой. Жеткізетін 
сенсің ғой!..
- Жатыс жалғаулы жіктеу есімдігі мен көмекші етістіктердің тіркесуі 
арқылы: Бұрын бұзық ой менде де жоқ еді.  
- Нөлдік тұлғадағы жіктеу есімдіктері мен болымсыздық етістігі 
арқылы: Қазірде Абай байқаса, мына Базаралы ол емес.
Жіктеу есімдігінен кейінгі сөйлем соңында қолданылатын есімдіктің түрі: 
Өздік есімдігі. Егер жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз т.б. сөйлем соңында 
баяндауыш қызметінде жұмсалса, керісінше, өздік есімдігі тек тəуелдік 
жалғауының үшінші жағында келу арқылы жұмсалады. Оның өзі өздік 
есімдігінің көбіне тəуелдік жалғауының үшінші жағында жұмсалуымен 
ерекшеленеді.
Өздік есімдігінің тəуелдік жалғаулы тұлғада келіп, оған көмекші 
етістігінің тіркесуі арқылы: Немересін баулып отырған өзі екен. Бірақ, қаза 
мен жазаны шеккен бұлардың өзі емес.
Өздік есімдігі жатыс септігінде келіп оған болымсыз етістігінің 
тіркесуі арқылы: Сонысы, жəне, жалғыз Қадырбайдың өзінде емес.
Кейде өздік есімдігі нөлдік тұлғада келіп, оған түйдектелген көмекші сөзі 
жатыс жалғаудағы күрделі баяндауыш қызметінде мекендік, бағыттық мағына 
үстейді. Өз байлауы өз ішінде. Сол айтылған, жазылған жырлар əлі күнге 
Абайдың өзінде, өз бойында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет