Сын есімді сөйлемдер. М.Əуезовтің роман-эпопеясында сын есімді есімді
сөйлемдер 13,2 пайыз құрайды, оның ішінде таза сын есімдісі 8,8 пайыз, ал
құрама баяндауыштысы 4,6 пайыз. Сын есімдер есімді сөйлемде сапалық та,
қатыстық та, дара, күрделі түрде де кездеседі.
-Сапалық, қатыстық сын есімдер жай сөйлем жəне құрмалас сөйлемде де
кездеседі: Бірақ, үні зор, лебі екпінді, батыл. Күрделі баяндауыш түрінде:
Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сəнмен тартылған, кіршіксіз аппақ. -Сапалық сын есім есімді сөйлемде нақтылық шылаулармен де, ойдың
тиянақтылығын нақтылайды: - Қара көктің жал-құйрығы қара ғой. -Сын есімді есімді сөйлемдер құрмаластың бағыныңқы жəне басыңқы
сыңарында да жұмсалады: Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бəрінде жақсы болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ. - Сын есімдер барлық шырай түрінде келеді: - Құнанбаевтың білімге
ұмтылу талабы аса зор. - Салыстырмалы шырай арқылы: Қанша дегенмен
қырдың қара заңынан, мұсылманның қожа, молласының шариғатынан
Россияның заңы адамға мейірімдірек, рахымдырақ қой. -Асырмалы шырай: Бірақ, байқап қараса Тоғжан тіпті ұялшақ. Тағы да
талай күннен толас таппаған, ақыры үскірген сұмдық суық. -Қатыстық сын есімдер арқылы жасалған сын есімді сөйлемдерді екі бөліп
қарастыруға болады, біріншісі: есімдерден сын есім тудыратын өнімді
жұрнақтар арқылы: –лы,-лі, -ды,-ді,-дай,-дей,тай,-тей,-сыз,-сіз,-шаң,-шең,-дас,-
дес: Олар, анау көрініп тұрған екі, Ақшоқы биігіндей... Қонақ үйі шешелер
үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз... Тағы біреуі – қан иісін сезіп
жаланып жүрген түлкідей. -Өнімсіз жұрнақтар арқылы: Соның бəрі шетінен қалжыңқой, ашық.
-Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар –ыңқы,- ңқы,- уық,-
уік, -шақ,-шек, -ғыш,-гіш,-қыш,-кіш арқылы: Олар жаңағы интернаттың төрт
баласынан сəл қалқыңқы. -Қатыстық сын есімдер салаластың екі сыңарында да кездеседі: Олар əрі
қызғаншақ, əрі жорымтал, аңдығыш. -Өнімсіз –ғы,-гі,-ғыр,-гір жұрнақтары: Сөзге жүйрік мінезбенен іске де
алғыр. -Сын есімдер жіктеліп те, тəуелденіп те сөйлемді тиянақтайды:
Парақорлық- кітап айтатын күнəнің үлкені... -Айтқаным айтқан, жазықтысың, арамсың. -Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде де салалас сөйлемдерде мол
жұмсалады: Толық денелі, дөңгелек жүзді Нұрғаным сұлу да, сəнді екен. -Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде сабақтас құрмаластың
бағыныңқы жəне басыңқы сыңарында да жұмсалады:
106
Омбы қар қорықтың шет-шетінде қалың болғанмен, дəл шилердің ішіне
кіргенде оншалық қатты емес, күпсек екен. -Сын есімдер модаль сөздермен де түйдекті тіркесті есімді сөйлемдер
жасайды: Аузы сөзге олақ болса да, алқыны, екпіні күшті тəрізденеді. -М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сын есімді есімді
сөйлемдер парасаттылықты, армандауды, сұлулықты, өлшемді т.б. мағыналарда
жұмсалады.
- Сын есімдер арқылы жасалған жай сөйлемнің ішінен жақсыз сөйлем
жасалмайды, жай сөйлемнің басқа барлық түрі кездеседі.
-Құрмалас сөйлемдердің салаласынан: мезгілдес (ыңғайлас) салалас,
қарсылықты салалас, талғаулы салалас, түсіндірмелі салалас.
-Сабақтас құрмалас сөйлемнің қарсылықты бағыныңқылы сабақтас,
салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы
сабақтас, себеп бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас,
шартты бағыныңқылы сабақтас түрлері мол кездеседі.
-Көп бағыныңқылы сабақтас жəне аралас құрмалас сөйлемдер де мол.
-Сын есімді есімді жай сөйлемдерге қарағанда сын есімді есімді құрмалас
сөйлемдер басым.