Микробиология


Иммундыпатологиялық табиғаты дәлелденген аурулар



бет181/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   216
Иммундыпатологиялық табиғаты дәлелденген аурулар.

Иммундыпатологиялық табиғаты дәлелденілмеген аурулар.



Жылылық аутоантиденелерге негізделген гемолитикалық анемия

Бауырдың біріншілік билиарлық
циррозы

Суықтық гемагглютининді гемолитилитикалық анемия

Карапайым үлдірек және пемфигоид

Иммунологиялық негіздегі бедеулік

Идиотипті Аддисон ауруы

Хашимото тиреоидиті

Идиотипті гипопаратиреоз

Иммунды тромбоцитопения

Вакцинадан кейінгі энцефалит

Суықтық гемоглобинурия

Түйінді периартериит

Симпатикалық офтальмия

Дерматомиозит немесе полимиозит

Пернициоздық анемия

Склеродермия

Қан ұйуының аутоиммундық бұзылуы

Бейспецификалық ойық жаралы колит

Белсенді созылмалы гепатит

Гипертиреоз



Жүйелік қызыл жег

Ревматоидтық артрит

Созылмалы гломерулонефрит




11.4.3. Аллергиялық аурулар
Ағза антигенмен бірінші кездескенде антидене және сенсибилизацияланған лимфоциттердің құрылуымен жауап қайтарады. Антиген сол ағзаға кайталап еңгенде сол антиденелер және сенсибилизацияланған лимфоциттермен байланысқа түседі. Реакция антигеннен арылуға бағытталған, бірақ кейбір кезде реакция патологиялық жағдайға соқтырады. Иммунды жауап калыпты деңгейден асқанда патологиялық процесс туады. Тұлға антигенге көтеріңкі жауап берген кезде аллергия көрнісі пайда болады.
Аллергия төрт түрге бөлінеді. Клиникалық тәжрибеде ол өте маңызды. Күнделікті жағдайда аллергияның жекеленген түрі сирек кездеседі. Әдетте аралас, немесе бір түрі екіншіге айналатын жағдайлары жиі, кездеседі.
11.4.3.1. I-типтес реакциялар (анафилактикалық)
Анафилаксия пайда болу үшін спецификалық цитофилді антиденелер (IgЕ) мен жасушалар қажет. Оның көрнісіне сәйкес жергілікті (тері, шырышты қабық) және жүйелік (анафилактикалы шок) реакциялары бар. Жергілікті түрдің клиникалық сырқаттарына уртикарлық бөртпе, вазомоторлық тымау, бронхиалдық демікпе, не ішек жұмысының бұзылулары жатады. Базофилдер мен тін базофилдерінің аллергияның осы түріне белсенді қатынасы бар болғандықтан, және де олар ағзаның барлық бөлімінде кездесетіндіктен анафилактикалы реакция барлық органдарда өтуі мүмкін (16-сызбанұсқа). Адам организмінің бронхалары мен артериолалары анафилаксияның органдары деп атайды. IgE қоздыратын адамның анафилактикалы реакциялар түріне бронхиалдық демікпенің ұстауы, шөп безгегі, қышыма, сона, не ара шағуы жатады. Табиғи шығу тегі әртүрлі заттар анафилаксия қоздыруға себепкер болады (11.3.-кесте)

Кесте 11.3.


Анафилаксия тудыру қабілеті бар заттардың мысалдары.

Ксеногенді сарысулар

Антилимфоцитарлық сарысу
Сіреспеге қарсы сарысу
Күлге қарсы сарысу
Ақуыздан тұратын басқа препараттар

Өсімдік




Табиғи улар

Араның уы
Сонаның уы
Жыланның уы

Емдеу препараттары

Антибиотиктер (пенициллин)
Салицилаттар
Ақуызды гормондар
Вакциналар (қызылшалық, тымаулқ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет