Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері


Бактериялардың плазмидтері, түрлері, олардың функциялары мен қасиеттері



бет10/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
10. Бактериялардың плазмидтері, түрлері, олардың функциялары мен қасиеттері.
Плазмидалар – екі тізбекті ДҢК молекулалары, мөлшері 103 - 106 н.п. Олар бактерияларға аса кажетті кызметтерді кодтамайды, бактериялар қолайсыз жағдайларға ұшыраганда маңызды рөл атқарады.
Фенотиптік өзгерістердің ішінде бактерия жасушаларына плазмидалар аркылы жеткізілетін көріністердің ішінде келесілерін атап кетуге болады:
антибиотиктерге тұрактылык;
• колицин тузу;
• патогенділік факторының өнімі;
• антибиотиктік заттардың синтезделуіне қабілеттілік;
• курделі органикалык заттарды ыдыратуы;
• рестрикция мен модификациялык ферменттерді түзуі.
Плазмидалық ДҢК репликациясы бактерия хромосомасының репликациясына катысатын ферменттер жиынтығымен жүзеге асырылады, бірақ плазмидалардың репликациясы хромосомаға тәуелді емес.
Кейбір плазмидалар катаң бакылауда болады. Бул олардың репликациясының хромосомамен тығыз байланысын көрсетеді яғни әр бактерия жасушасында бір немесе бірнеше плазмидалар көшірмелерінің болатындығын көрсетеді.
Кейбір плазмидалар бактерия хромосомасына кайтымды тіркесіп, бір репликон түрінде жүруі мүмкін. Олар интегративті плазмидалар немесе эписомалар деп аталады.
Кейбір плазмидалар бір жасушадан келесі жасушаға, кейде бөгде токсономиялык бірлікке жататын жасушаларға да ауысып жүруі мүмкін. Ондай плазмидалар трансмиссивті деп аталады. Трансмиссивтілік тек ірі плазмидаларға ғана тән, оларда tra - оперондар бар, оларда плазмидаларды тасымалдаушы гендер біріккен. Ол гендер жыныстық кірпікшелерді кодтайды, ягни трансмиссивті плазмидасы жоқ жасушамен арасында жыныстык көпірше түзу аркылы плазмидалық ДҢҚ келесі жаңа жасушаға беріледі. Бұл процесс конъюгация деп аталады.
¥сак плазмидалар, tra - оперондары жоқтар өз беттерінше беріле алмайды, бірақ трансмиссивті плазмидалар болған жағдайда солардың конъюгациялык аппараттарын пайдаланып берілуге қабілетті. Бұндай плазмидалар мобилизациялык деп аталады.
Медициналық микробиологияда маңызды орынды антибиотиктерге тұрақтылық беретін плазмидалар, оларды R - плазмидалар деп атайды және патогенділік факторларының өнімдерімен камтамасыздандырылатын, макроорганизмде инфекциялык процестің дамуына жағдай жасайтын плазмидалар
Плазмидалар- хромасомадан тыс орналасқан, өзінше репликациялану қабілеттілігі бар жабық сақиналы құрылымнан тұратын ДНҚ. Олар жасушаға қосымша
пайдалы қасиет береді. Бактериялардың плазмидасы өзінше жойылуы мүмкін (элиминация), бірақ олардың негізгі қасиеттеріне əсер етпейді, яғни негізгі қызметін сақтайды жəне де оларда мутациялық, рекомбинациялық өзгерістер болуы мүмкін. Бір бактериядан екіншісіне коньюгация кезінде берілетін плазмидаларды коньюгативті немесе трансмиссивті плазмидалар деп атайды. Коньюгативсіз плазмидалар тек қана коньгативтілердің көмегімен беріледі. Плазмидалар арқылы əртүрлі генетикалық заттар беріліп, микроб жаңа қасиетке ие болады. Ондай факторларға жатады: R-фактор-антибиотикке төзімділік қасиеті; H|r- фактор-күшті коньюгациялық қабілеттілік қасиеті; Col- фактор-колицин синтездеу қасиеті,т.б.; R- факторы бар бактериялар арнайы белок заттар синтездейді. Алғаш рет осындай заттарды ішек таяқшасында болатыны дəлелденген, сондықтан ондай заттарды колицин (Е.Coli) деп атаған, кейіннен колицин тəріздес заттарды басқа да микробтар бөліп шығаратыны анықталды, сондықтан оларды жалпы бактериоциндер деп атайды. Бактериоциннің антибиотиктен ерекшелігі сол, олар өз түріне жататын немесе өте жақын туыстас микробтарды қырып-жояды. Колицин сезімтал микробқа жабысады да, оның метаболизмін бұзып, микробты өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет