Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері


Антигендер. Құрылысы. Жіктелуі. Қасиеттері. Рөлі. Антиденелер. Антиденелердің пайда болу шарттары. Құрылысы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Рөлі



бет18/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
18. Антигендер. Құрылысы. Жіктелуі. Қасиеттері. Рөлі. Антиденелер. Антиденелердің пайда болу шарттары. Құрылысы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Рөлі.
Антиген− организмде антидене пайда болуын және иммундық жауаптың басқа түрлерін тудыра алатын, сонымен қатар антиденелермен және антигентаныстырушы жасушалармен әрекеттесе алатын химиялық
топтасуға тән генетикалық бөгде зат (нәруыз, полисахарид, липополисахарид, липопротеин, нуклеопротеин).
• Антигеннің макроорганизмге кіру жолдары әр салалы: тері, не шырышты қабықша арқылы, организмнің ішкі ортасына тікелей кіру, не организмнің бойында құрылу.
Антигендердің қасиеттері
Антигендердің антигендік, спецификалық және иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады.

Антигендердің жіктелуі
Антигендердің алуан түрі олардың кейбір сипаттамалық қасиетіне негізделіп бірнеше топқа бөлінуі мүмкін:
- тегіне
- табиғатына
- молекулалық құрылысына
- иммуногендік дәрежесіне
- бөгделік дәрежесіне
- активтелу бағыттылығына және иммундық
тітіркенуінің қаматамасыз етілуіне.

• Тегіне сәйкес антигендер экзогендік (организмнен тыс пайда болған) және эндогендікке (ағзаның өзінде пайда болған) бөлінеді. Эндогендіктің арасында ерекше көңіл аударатындары ауто- және неоантигендер. Антигендер (anti-қарсы, genus-тек) - шығу тегіне қарамастан адам организміне енгенде спецификалық иммундық реакция қоздыратын және оның атқарылуына қатысатын заттектер.


Антигенге тән қасиеттер.
1. Жаттылығы
2. Антигенділігі
3. Спецификалығы
4. Иммуногенділігі
5. Белок (ақуыз) табиғаты
6. Молекулалық салмағының жоғары болуы
7. Коллоидты жағдайда болуы

Құнды антигендер – организмге енгенде АД өндірілуіне әсер етеді және олармен спецификалық реакцияларға түседі
микроорганизмдер, олардың бөлшектері,токсинндері,ферменттері т.б глюцидолипидті-протеинді кешендер
Құнсыз (неполноценные) антигендер-гаптендерАД түзілуіне себепкер бола алмайды,бірақ дайын АД-мен реакцияға түсе алады (липидтер,глюцидолипидті кешендер-төменгі молекулалы ақуыздық табиғаты жоқ заттар).

Жұқпалы ауруларға қарсы тұруда спецификалық иммунитеттің, яғни


спецификалық иммунитет факторы– антиденелер пайда болудың
маңызы күшті.
Антиденелер – антигендердің әсерінен организмде пайда болатын
және онымен өзара әрекеттесетін спецификалық гамма-глобулиндер
(иммундыглобулиндер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет