Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76

Қолөнер

Сақтардың түрмысында  үйдегі  өндірістің  үлкен  мәні  болды.  Еңбек 

күралдарын, киімдер, қару-жарақтар, түрғын үйлер, түрлі аспаптар жа- 

сауға  керекті  ш и кізаттард ы ң   к ө п ш іл ігін   ертедегі  м ал  өсіруш ілер 

жергілікті  жерде  ендіріп,  әңдеді.  Өнерлі  шеберлер  ез  қауымы  мүше- 

лерінін қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылык 

өнімдерін алды.  Қауым ішіндегі айырбасқа коса руаралық ж әне тайпаа- 

ралык айырбас та кеңінен тарады.  Кен-руда шикізаты, біркатар  шаруа-

220


шылык бұйымдары, әш екейлер кейде шалғай жерлерден тасып әкелінді. 

Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер ендірісінен айырмашылығы

-  сак колөнері түрлерінің дамымағандығымен жэне мал шаруашылығына 

тығыз  байланыстылығымен  ерекшеленеді,  үй  кәсібі  де  жақын  болып, 

белініп кете койған жоқ.

Б. з. б. I мыңжылдықтың басы бұрынғы КСРО аумағының оңтүстік және 

оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін ада- 

мға темір кызмет көрсете бастаған заман болды.

Казақстан,  Орта  Азия  ж әне  Сібір  аумағының  ертедегі  халықтары 

ездерінің батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына Караганда темір- 

мен неғүрлым кейінірек танысты деп топшыланатын  едіш. Мәселен, Геро­

дот  массагеттер  тайпаларын  суреттей  келіп,  «темір  және  күміс  олардың 

күнделікті түрмысында мүлде жок, өйткені бұл елде ол металдарды атымен 

кездестірмейсің.  Мүның  есесіне  онда  алгын  мен  мыс  мол» деп тура  айта- 

ды122.  Алайда,  зерттеудің көрсеткеніндей,  мұндай  пікір тым  асырып  айты- 

лған пікір  болып шықты.  Б.  з.  б.  I мыңжылдықтың басында  Қазақстан ау- 

мағының ертедегі тайпалары кызыл және коңыр темір тасы, магнитті темір 

жылтыры сияқты тез балқитын кен түрлерімен таныс болған. Муны Қарқ- 

аралы  қаласына  жақын  Суықбүлак  коныс-жүртын  қазу  кезінде  Тоғай-1 

кенішінен табылған жаксы сұрыпталған темір кенінің үйіндісіне қарап білуге 

болады123. Б. з. б. VII—VI ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орта- 

лкқ Қазақстан  мен  Жетісу  обаларынан табылған  едәуір жиынтығы  (темір 

Қаңжарлар,  пышактар,  жүген  әшекейлері),  сондай-ақ  Аралдьщ  шығыс 

өңірінің ертедегі сактар түрактарындағы тікелей рудадан алынған темір ба- 

лқымасының (кесектер мен қоқыстар) көптеген іздері де осыны дәлелдейді124. 

Қазақстанның бірқатар аудандарында, негізінен орталык бөлігінде (Шығыс 

Қарқаралы аймағы) темір өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біра- 

зы сол кезде пайдаланылған125.

Дегенмен, ежелгі  Қазакстанда мыс  пен қалайы әндіру неғүрлым басым 

болды. Саяқ пен Жезқазғандағы,  Қалба мен Нарымдағы ірі-ірі түсті метал­

лургия орталықтарынан алынған кұрамында күшала жэне калайы бар кол­

адан жасалған  жоғары  сапалы кола  бұйымдары темір  бүйымдарынан-кем 

түскен 

ж оқ, 

сондықтан адамдар темірден көміртегі мол болат қорытуды үйре- 

нген кезде барып қана қоланың орнына темір колданылатын болды.

Сақ заманында  кен ісі  мен руда  шикізатын  алғашкы  өндеу техникасы 

андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ тайпалары әсіресе 

Қола кұю ісі  мен  баска металдарды өңдеу техникасында  елеулі табыстарға 

жетті.

Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстык мақсаттарға арнап алуан түрлі 



бұйымдар жасалды. Құйма қалыптар ретінде қыш, металл, кейде тас пайда- 

ланылды. Жебенің күйма ұштары мен канжарлар жасау үшін олар екі неме­

се үш ұялы жармалардан тұратын карапайым кұйма калыптарды ко;іданды, 

сақ металлургтері металл бұйымдарын жасаудың «жойылатын үлгі» тәсілімен 

Күю сияқты күрделі әдістерін де білген.  Оның мәні балауыздан немесе тоң 

майдан үлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптау болатын. Балшык 

кепкеннен кейін қалып түтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе 

майдың орнына металл қүйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі бұйымдар: улкен 

мыс  қазандар,  кұрбан  шалатын  үлкен  үстелдер,  үлкен  қоңыраулар  кұйы- 

-ВДы.  Құйма  қалыптарда  олардың  салмақты  жармаларын  бөлетін  тіректер



221

р етін де  күбы рлар деп   аталатын  арнайы   істелген  кіш кентай  цилиндрлер  қо- 

лданылды. Ж ануарларды ң куыс м үсін дерін  ж асау үш ін м әнерлі біліктер мен 

қ үйм а  ж алғамалар  пайдаланылды.  К ұйы п  ж асалған  заттардың  к өбі  кейін 

кырналып,  тегістелді,  кажет ж ерл ер і  бүрғы м ен  тесілді.

Қ алайы м ен  аптау  техникасы н  м ең гер у  ер тедегі  кұю ш ы ларды ң  елеулі 

жетістігі болды.  Қалайымен апталған бұйы мдар онш а татганбайды  әр і көпке 

шыдайды.

С ак металы  арасы нда  кола  ж ә н е   мы с  казандар,  кұрбан  шалғыштар  мен 

шырағдандар  жиынтығы  ерекш е  коп  орын  алады,  олар Ж етісу сактарынын 

өн ер і м ен коркем  қүймаларыны ң ж алпы  ж ұрт таныган еск ер тк іш ін е айнал- 

ды.  М еталл  ө н деудің   жоғары   дең гей і  мен  көркем   құйма  өн ер і  сақ  заманы 

қола индустриясы  гүлденген кезен. болғаны н д әл ел д ей д і.  Ш аруаш ылықтың 

ж аңа түрлері,  м әден и еттің  бірш ам а  би ік  д ең гей ге  ж етіп дамуы ,  тұрмы стың 

киындауы  к ел е-к ел е  ең б е к   күралдары ны н,  кару  м ен  түрмыс  ж ә н е   табы ну 

заттары ның  алуан  түрлі  бол уы н   талап  етті.  А л ай да  кола  д ә у ір ін ін   ш ой 

ш үйделі  балталары,  пальстав  сияқты  шоттары,  кырлы  ж ә н е   үшты  кашаул- 

ары, ж етісулы к үлгідегі деп  аталатын орактары сиякты кола бүйы мдары ның 

ең   м інсіз түрлері  сақталып  қалды.

Ертедегі  құймаш ы лар  ат-тұрманы н,  к ару-ж ар ак   пен  тұрмыстык  кер ек - 

жарактар  ж асауға  ерекш е  назар  аударды.  К о н е   сак  заманы ны ң  ж үген дер і 

еб ед ей сіз әр і күрделі  болаты н.  О ны ң кола ауыздықтары  екі ұш ы кіш кентай 

үзеңгі  гәріздес  етіліп  жасалды .  Ү зе ң г і  т әр ізд е с  ауыздыктар  ж үген   ж ақтау- 

ларына айшыктармен жалғастырылды; үш тесігі н ем есе ілгегі бар бүл айшык- 

тар  қоладан,  сүй ек тен ,  м үй ізден   жасалды .

Б.  з.  б. V ғасы рдан  бастап ж үген д ер   бары нш а ыңғайлы етіліп  жасалатын 

болды ;  ауы зды қтарды ң  үш тары  ш ығы рш ы қталы п,  екі  тесік ті  айш ықтар 

шықты,  тұтас  алғаида  ж ү ге н н ің   күрылысы  бірш ам а  қарапайым  бол а түсті. 

Осы уакыттан  бастап  ауы зды қ тем ір ден   жасалатын  болды .  Ат ә б зел д ер ін ің  

баска  да  к әп теген   керек-жарақтары :  айылдын  күйма  тоғалары,  каңылтыр 

каптырмалар, тартпалардың айкаскан ж ерл ер іне арналғам алуан түрлі өткер- 

мелер де  м әлім .

Сақтардың кару-жарағы ж ебелі шағын садактардан, парсылар ақинак деп 

атаған,  ш абуға да, түйр еуге де  ыңғайлы  канж арлардан,  үзын  сем сер л ер ден , 

сүйм енш елер,  найзалардан  ж ә н е   бітім і  әр   түрлі  (бір   жағы  істік  не  ж алпак 

ж үзді,  екінш і  жағы  балға  секілді  ұзы н  сапты  карулар)  ж ауы нгерлік  балта- 

лардан  тұрды.  Сак  ж ауы н гер ін ің   сауы т-сайм аны   қоладан  істелген  дулыға- 

дан,  шағын  қалканнан  ж ә н е   ж е б е   салы нған  к ор ам сак   іл ін ген   бел дік тен  

түрды.  Ж е б ел е р д ін   үш ы  ә р   түрлі:  қоладан  ж асал ған   неғүрлы м  ер т едегі 

үңғылы  ж ә н е   қыска  сапты  түрлері  болды .  Ү ңғы лы   түрлері  сүй ір   ж апы рак 

т әр ізді, р ом б т әр ізд і н ем е се  бір  жағы  сүй ір  р о м б  т әр ізд і болды .  Ж ебел ер д ің  

сапты  үштарының  канды  басы  үш   кырлы  етіліп  ж асалды .

Б.  з.  б. V   ғасырдан  бастап  Қ азақ стан   аумағы нда,  сір ә ,  ск и ф тер ден   ауы- 

скан  болса  к ерек,  қанды  басы   үш   кырлы,  ұңғылы  ж е б ел ер   тараған.  Ж еб е- 

лер дің  үштары кептеп ж асауға неғұрлы м  ыңғайлы б о л у  үш ін біркелкі түрде 

келеді де,  бүрынгы үлгілер бір тіндеп  кала бастайды .  Темірден ж асалған ж е ­

бел ер  шыға бастайды, бұларды ң бастапкылары үш  кырлы сапты кола ұш та- 

рды ң бітім іне үксас болды . Б ізд ің  зам аны м ы зды ң И—III ғасырларында тем ір 

ж е б е   үш тары барлық ж ер де  тарала бастайды.

Б.  з.  б.  VII—VI  ғасырларда  соғы с  канж арлары   қоладан  күйылды.  А лға-

222


шкы акинактардын. ерекше  белгісі  саңыраукұлақ тәрізді қалпакша немесе 

шомбал  кесек  бәйегі,  көлденен  келген  сопакша  калағымен  немесе  қол 

тірейтін  кырымен  коса  кұйылған  сабы  болды.  Кейбір  ақинақтар,  мәселен, 

Нүрманбет-4 корымынан табылған акинак өте шебер жасалған126. Неғұрлым 

кейінгі  кезендегі  канжарлардың тұтқыры б.  з.  б. VI ғасырдың аяғынан бас- 

тап ұштары төмен немесе жоғары караған айшыктүрінде болды. Тұтқырлар 

кебінесе ғажайып жыртқыш кұс -  самұрыктын бас бейнесімен безендірілді 

немесе  сакиналанып түйыкталды.  Мұндай  канжарлардын  бәйектері  бітімі 

жағынан  көбелектің  канатына  ұксас  болды  немесе  қарапайым  калакша 

тәріздес  жасалды.  Патша  кабірлерінен  (Есік)  табылған  семсерлер  мен  ка- 

нжарлар  алтынмен  апталған.  Б.  з.  б.  VI  ғасырдың  аяғында-ак темірден  не 

кола аралас  темірден  жасалған  канжарлар  кездеседі.  Солтүстік  Қазакста- 

ндағы  Айдабол корымынан табылған ақинақ осындай қоспа металдан  жа- 

салған канжарлардын мысалы бола алады127. Б. з. б. IV—III ғасырлардан бас- 

тап соғыс қанжарлары тек темірден ғана жасалатын болды.

Корамсақтар мен акинактар әдетте жауынгерлердің белдіктерімен бірге 

табылады.  Сақтардың  белдіктері  салмақтылығымен  ерекшеленген,  әдетте 

күрастырмалы  болып,  іші  куыс  ірі  кола  қаптырмалардан  тұрған.  Мүндай 

қаптырмалардьщ сырткы беті ою-өрнекпен әшекейленді, кейбіреуі мүсіндер 

тәріздендіріліп жасалды.

Тұрмыстық керек-жарактан  ең көп табылатыны — пышактар.  Олардын 

бәрінің де жетесі шағын тікше, сабынын үшы дөнгелетіліп жастлған немесе 

тура сабының өзіне дейін тесілген болады.  Б.  з.  б. VI ғасырдың аяғында-ак 

кола пышақтардын орнына түгелдей дерлік темір пышактар жасалатын бол­

ды. Темір пышақтар ең карапайым әдіспен — б.  з. б. VII—V ғасырлардан-ак 

Колданыла бастаған темірді суыктай соғу әдісімен жасалады. Б. з. б. VII—VI 

ғасырлардан бастап салмакты, жиегі шығынкы, дөңгелек табақша қола айна­

лар кеңінен тарады. Олар айнаның сыртына орнатылған ілмегімен әйелдердің 

белдіктеріне ілінді. Б. з. б. V—IV ғасырларда олардын орнына дөңгелегі жай- 

пак және жиегінде қарапайым тұткасы бар айналар шықты. Елоулі бір нәрсе, 

сақ айналарының өзінін алдындағы андронов айналарынан айырмашылығы

— олардын бетіне балқытылған калайы жалатылған, мұнын өзі оларды жыл- 

тыратып тұрған.

Сақ заманында металл өндеумен бірге колөнердін түрмыстык ыдыс-аяк 

жасау, тас кашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылык сиякты 

басқа түрлері де болды.

Сақ тайпаларының басым көпшілігінін көшпелі тұрмысы ыдыстың жаңа 

түрлерін туғызып,  жаңа материалдарды — металл, тері  және  ағашты  кджет 

етті. Көшпелі тұрмыс басым болған Орталык Қазақстанда керамикалык ыдыс 

тым аз жасалды, тері, ағаш және металл ыдыстар ұсталды. Жетісу, Ертіс бойы 

және  Батыс  Қазакстанның  орманды-далалык аудандары  сиякты  басқа ау- 

дандарда 



керамикалык 

ьщыстар  бұрынғысынша  жасала  берді,  бірак  олар- 

дың түрі қода дәуіріндегі  отырыкшы,  бақташы тайпалардың ыдыстарынан 

басқаша болды.

Жетісуда  көшіп-қонғанда  алып  жүруге  колайлы  түркы  аласа,  жатаған 

ьщыстар  кеңінен  таралды.  Олардың  арасында  жайпак дөңгелек  тостаған- 

Дар,  шомбал саптыаяқтар, текше тәріздес  ыдыстар  мейлінше  жиі  ұшырас- 

ады.  Түбі  деңгелек  ыдысты  Батыс  ж әне  Солтүстік  Казакстаннын  мал 

әсірушілері де пайдаланған, ол бірінен бірі үлкейе беретін жеке-жеке таспа

223


сиякты  саздан  жасалған.  Керамика  жасаған  кезде  калып  ретінде  топырак 

толтырылған мата үлгі пайдаланылған. Жетісудың обалы молаларынан жай- 

пак табактар  мен  астаулар түріндегі  ағаш  ыдыстар табылды,  көмбедегі та- 

былған  заттардың  арасынан  алуан  түрлі  тағандар  мен  аяктары  бар  үлкен 

кола казандар да көп кездесті.

Шығыс  Қазакстанның таулы  аудандарынын  тұрғындары  түрі  басқаша 

кыш ыдысты артық санаған.  Мүнда майкүйғыш тәрізді  және тік  мойынды 

кұмыралар мен аласа көзелер жиі кездеседі. Б. з. б. V -IV  ғасырларда мүндай 

кұмыралардың сыртына көбінесе қоңыр түсті минерал бояумен әшекей са- 

лынған.


Таулы Алтайдың Пазырық обаларынан ағаш және тері ыдыстардың өте 

мол жиынтығы табылды. Ауданның табиғи жағдайлары аркасында (оба тоңы) 

онда алуан түрлі нақыштармен әшекейленген торсыктар, мал және аң тері- 

лерінен жасалған аяққаптар, ағаштан ойылған биік аяктары бар ағаш үсте- 

лдер  сақталған,  оларды  маталар,  тұс  киіздер  мен  кілемдердің  үлгілері  сақ 

тайпаларының тері илеу ісінің және колөнерінің басқа да түрлерінің жан- 

жақты дамуын толыктыра түседі128.

Ертедегі темір дәуірінен бізге тас пен сүйектен жасалған бұйымдар жет- 

кен.  Сақ заманында тасқа қашап өрнек салу, бір және  екі жағынан  бурты- 

лап тесу жэне абразив материалмен тегістеп жылтырату техникасы кемел- 

денді. Канжармен жэне пышақпен бірге белдікке тағылып жүретін қайрақ 

тас сак малшысн мен жауынгерінің жанынан тастамайтын заттарь: болған. 

Белдікке такканда ыңғайлы болу үшін оның жоғарғы жағы арнайы тесілетін 

болды. Кайрақ тасқа арналған негізгі материал күм тас болды. Бүл тас неғұ- 

рлым күрделі бүйымдар тастан құрбан шалатын үстел жасау кезінде колд- 

анылды. Мүндай заттарды жасарда өз ісіне  жетік шебер өзекті әрі өрнекті 

кұм тастың неғұрлым әдемі түрлерін іріктеп алған.

Ертедегі сүйек оюшылар материал ретінде оларға шаруашылык кәсіп пен 

аңшылықтың өзі  беретін  шикізатты  пайдаланды.  Ең алдымен  жылкының, 

койдың, маралдың жілік сүйектері, жылқының такта сүйектері, марал мен 

таутекенің  мүйіздері  өнделді.  Барлық  сүйектер  өнделердін  алдында  үзак 

қайнатылған. Өткір металл қүралдардың жиынтығы пайдаланылып, сүйек- 

тен және мүйізден жебе үштары, айшыктар, белдікке салынатын алуан түрлі 

қаптырмалар, түйреуіштер, тізбелер, жайпак бедерлі тоғалар мен  ілгектер, 

шаш түйрегіштер жасалды.

Іле  өзеніндегі  Бесшатыр  корымының Тянь-Шань  шыршасымен  жабы- 

лып, шірімей сақталған кабірлері ағаш ендеу мен ағаш құрылыстарды салу- 

дың кейбір ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді.  Бесшатыр мазарларын 

салу үшін құрылыс ағашы  Іленің қарсы беттегі  жағасынан  200-250 шақы- 

рым, Іле Алатауының сілемдерінде дайындалған. Ағаш кесілген жерде бүта- 

лып,  тегістеліп,  беренелерге  кертелер  салынған.  Дайындалған  бөренелер 

арнаулы ағаш сүйретпелермен өзеннің жағасына тасылған, содан кейін бай- 

ланып,  қарсы бетке  өткізіліп,  қүрылыс орнына жеткізілген.  Ауыр  бөрене- 

лерді үш метрден астам биіктікке кетеру кезінде иіндер мен шығырлар жүйесі 

пайдаланылған. Бөренелерде сақталған өндеу іздері балташылыққұрал-сай- 

мандарының ішінде ауыр қола балталар — шапашоттар, алуан түрлі шоттар, 

қашаулар,  үскілер,  пышақтар  болғанын  аңғартады.  Сақ  заманында  ағаш 

үсталығы да  дамыды.  Ағаштан  сүт күятын  ыдыстар,  ағаш тостағандар,  та- 

бакша,  келілер және үй ішінің баска да керек-жарактары жасалды, кабық-

224


тан зооморфтык және өсімдік бейнелес күрделі өрнектер киылды, олармен 

ер-тоқымдар,  ағаш  табыттар,  жебе  салынған  корамсактар,  эр  түрлі  қын- 

кынаптар әшекейленді.

Сақтардын коғамдық құрылысы

Б. з. б.  I мыңжылдықтың басы сак қоғамындағы алғашқы рулық катыпа- 

стар  ыдырап,  жана  әлеуметтік  қүрылымның  калыптасу  үрдісінің  жедел 

жүруімен сипатталады.

Қазакстан  жерінде бүл ұзакка созылған  үрдістің басталуы сак заманы- 

ның алдындағы кола дәуіріне ұштасып жатады.  Сол кездің өзінде-ак, алга- 

шкы ірі коғамдык еңбек бөлінісінен, мыс пен кола металлургиясының тууы 

мен дамуынан кейін алғашында үлкен патриархаттык, ал одан кейін шағын 

және моногамиялы отбасылар окшаулана бастады.

Археологиялык  деректер  жеке  адамдык,  ал  кейін  барып  отбасылык 

меншіктін. шықканын айкын корсетеді. Мұндай арнаулы әлеуметтік инсти­

тут таңбалардан  -   б.  з.  б.  II  мыңжылдықтың аяғында және I мыңжылдык- 

тың басында кыш ыдыстар мен кейбір кола заттарға салынған жеке меншік 

белгілерінен көрінеді129.  Алғашкы кауымдық катынастардың ыдырауы сак 

заманында, б. з. б. I мыңжылдыктың алғашкы жартысында одан әрі жалғаса 

берді.


Сақ  коғамының  эксномикасындағы  кошпелі  және  жартылай  көшпелі 

мал шаруашылығына көшуден, металлургия ондірісінін өсуінен туған про- 

грестік езгерістер косымша өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастын дамуына, 

жеке меншіктің корлануына және катардағы кауым мүшесін канау элемент- 

терінің  шығуына  әкеліп  сокты.  Өндірістің  негізгі  кұрал-жабдыктары  мен 

еңбек өнімдерін бөлу жөнінде бір кезде болған алғашкы тендіктін орнына 

археологиялык деректемелер бойынша айқын аңгарылатын мүлік тенсіздігі 

келіп шыкты. Жерге кауымдык меншіктін сакталуы тұсында малға отбасы­

лык жеке меншік пайда болды.

Бір  кезде  әмбебап әлеуметтік үя болган,  озіндегі ондірістік катынастар 

кандас-туыскандык байланыстармен сәйісес келіп барынша тығыз астаскан 

РУ туыстық  жагынан  емес,  аумақтык-өндірістік  принцип  бойынша  күрьь 

лған  қауымға біртіндеп орын  бере  бастады.  Тарихи  үрдіс  алгашында  кога- 

мдық кұрылыстың рулык байланыстарға тікелей тәуелділігінін әлсіреуіне, 

ал түптеп  келгенде  кауымдардың рулык текке  карамастан,  экономикалық 

және  аумақтық  мүдделер  негізінде  күрылуына  алып  келді.  Коршілестік 

кауым  ж ерді  м енш іктенуш і  болған  суармалы   егін ш іл ік  елдер ін ің  

кепшілігінде осындай болды. Мұнда рулық байланыстар коршілестік кауы- 

мдардың  өндірістік  мүдделерімен  кайшылыкка  ертерек  түсті.  Шаруашы- 

лығының негізгі түрі көшпелі және жартылай кәшпелі мал шаруашылығы 

болған қоғамдарда ескі рулықтәртіптер жаңа коғамдык кұрылымдарда үзақ 

уақыт сақтадды, 



бірак 

енді кәшпелі кауымның өндірістік негізі ретінде емес, 

экономикалықтеңсіздік пен канаудың шын мәніндегі катынастарын бүрке- 

мелеген рулық байланыстар түрінде сакталды.

Алғашқы  рулық  катынастардың  ыдырау  заманын  әскери  демократия 

кезеңі немесе алғашкы көршілестік кауым кезеңі деп атайды.  Соңғы анык- 

тама қазіргі  уақытта барған  сайын жиі  қолданылады, өйткені  ол  заманның 

әл еу м е ттік -э к о н о м и к ал ы қ   сипаты н  н еғұрлы м   д әл  б е р е д і130.  Бірак



8  - Қазакстан тарихы,  т.1

225

көршілестік  (жер)  қауымның түрлері  бірдей  болмады,  сондықтан  мүндай 

анықтаманы  әмбебеп  анықтама деп  атауға  болмайды.  Екі  ұғымның да  -  

әскери демократия мен алғашкы көршілестік қауым үғымдарының бір-бірін 

жоққа шығармайтынын атап өткен жен. Олар тек алғашқы қауымдық құры- 

лыстың ьщырау заманындағы коғамдық қүрылымының әр түрлі жақтарына 

баса назар аударады.  Патриархаггың пайда болуы -  оның бастапқы кезеңі, 

ал соңғы шебі таптық кұрылысқа кеш у болды131.

Сақ  заманы  қоғамдық  құрылысының  күрылымын  схемалық тұрғыдан 

былайша елестетуге  болады:  шағын  туыс  отбасылар  тобы  (патронимия)  -  

көшпелі  кауым  -   тайпа  -   тайпалар  одағы.  Бүл құрылымның  патронимия 

деп  аталған  төменгі  ұясы  ербіген  үлкен  патриархаттық-рулық  әулеттің 

үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөлінген әулет бас- 

шысының есімімен аталды132. Көшпелі-жайылымдық қауым патронимиялар 

жиынтығынан құрылды. Оның негізіне ендірістік, аумақтық белгі алынды, 

бірақ көшпелі және жартылай көшпелі қауымдарға тән белгі рулық инсти- 

туттардың консерватизмінде және отбасылардың бірігу принциптеріне олар­

дын ықпалының күштілігінде болды.

Тайпа қоғамдык қүрылыстың маңызды сатысына айналды.  Тайпаға тән 

ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарында оның өз жерінін, 

атының және осы тайпаға тән диалектінің болуы, діни ұғымдарының және 

діни ғұрыптарының ортактығын, ортак істерді талкылау үшін тайпалық кен- 

естің,  жоғарғы  көсем  мен  аскери  басшының  болуы  тән  болды.  Бұл  енді 

әскери-демократиялық құрылыс ие болған қоғамдық билік пен басқарудын 

үйымдастырылу түріне айнадды. Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыды- 

рау заманының әлеуметтік ортактығының жаңа және  жоғарғы  үлгісі  бол­

ды.


Ертедегі  темір  дәуірінде  Қазақстан  аумағында  оның  оңтүстік,  шығыс 

және орталык аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағы- 

на, ал оның батыс және ішінара солтүстік аудандарын мекендеген тайпалар 

савроматтайпалар бірлестігіне кірген. Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенін- 

дегі тайпалык одақтар  мемлекеггіліктің тууының алғашқы сатысы  болды. 

Сайланып қойьілатын  көсемдердің  қолына азаматтық және  олардың  бас- 

шылығымен әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар кұрылды.

Қазақстан ауМағындағы тайпаларда таптық қоғам  мен  мемлекет құры- 

луының тарихи үрдісі баяу жүріп, бірнеше жүздеген жылдарға созылды, ал 

таптардың қүрылу қарқынына тұрақты деуге келмейтін мал шаруашылығы 

жағдайларында қосымша енімнің алғашқы қорлануының ерекшелігі шешуші 

ықпал  жасады  деген  пікір  бар133.  Алайда археологиялық  материалдар  бүл 

онша дұрыс емес және проблеманы шешуде Қазақстанның әрбір аймағын 

саралап қарау қажет деп топшылауға негіз береді.

Қазақстанның оңтүстігі (Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу) өзінің табиғи- 

климаттық жағдайларының  ерекшеліктері  мен  Орталық және  Орта  Азия 

мемлекеттерімен сан ғасырлықсаяси, экономикалык, мәдени байланыстар- 

дыанықтаған географиялықжағдайы арқасында әлеуметтік-экономикалык 

тұрғыдан алғанда езгеше, үдемелі карқынмен дамьщы және қоғамдық құры- 

лыстың неғұрлым жоғары сатысында тұрды. Мұны археологиялық, әсіресе 

Жетісудағы деректемелер растайды. Бұл тұрғьщан алғанда Бесшатыр коры- 

мы мәдени және ежелгі сәулет өнерінің ескерткіші ретінде ғана емес, соны­

мен  қатар мүлік теңсіздігінің ескерткіші ретінде де ғылыми назар аударта-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет