Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76

322

Солтүстік-Шығыс Жетісу шегіне қарай көшеді. 766 және 840 жылдар ара- 

лығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай және Алакөл ойпаты аумағы- 

на ірге теуіп,  Шығыс Түркістанда мекендеген тоғыз-ғұздардың солтүстік 

шектеріне дейін  жетті.  Олардың  арасындағы  шекара  Жоңғар жотасының 

бойымен өткен.

840 жылы Орталык Монғолиядағы Үйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін 

оған  кірген  тайпаларды ң  бір  бөлігі  (эймур,  байандұр,  татар)  кимек 

бірлестігінің ұйытқысына қосылады.  Жеті тайпа құрамындағы кимек  фе- 

дерациясы нақ сол кезде қалыптасады.  Енді кимек тайпаларының басшы- 

сы «байғу» (ябғу) атағымен атала бастады112. Ябғу атағы өзінің лауазымдық 

дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған. Түркі тілдес түрлі халықтардың

-  қарлұқтардың, оғыздардын, ұйғырлардың және  басқаларының билеуші 

үстем топтарының ябғу атағы болғаны мәлім.

Кимек тайпаларының конфедерациясы  полиэтникалық қүрылым бол­

ды,  оған түркі тілдес тайпалармен қоса, сірә, татарлардың түріктеніп кет- 

кен топтары да кірген болса керек, ал татарлардың бірлестігі (тоғыз-татар) 

соның алдындағы  уақытта  Орталық Азия тоғыз-оғыздарының құрамында 

олармен тығыз саяси және мәдени байланыста болған еді. Кимек тайпала- 

рының одағы қандас-туыстық байланыстарға негізделген кұрылымға айна- 

лған жоқ, қайта аумақтық-әкімшілік қатынастар принциптеріне негізделді. 

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда,  кимектер  бірлестігі  рулық-тайпалык кұры- 

лымдардан жоғары түрды, өйткені ондағы тайпалар бір-бірімен иерархия- 

лык және вассалдық қатынастармен, қоғамның қатаң регламенттелген не- 

гіздерімен байланысты болды.

IX 

ғасырдың басында кимектер Сырдарияға қарай жылжыды, сонан соң 



қарлұқтармен  одақтаса  отырып,  оғыздардың  кангар-печенег  тайпаларын 

жеңіп, оларды Сырдария мен Арал еңірінен ығыстырып шығаруына кемек- 

тесті.

Кимек қағанатының қүрылуы. VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасы- 



рда  қаулаған  оқиғалар  кимектердің  мемлекеттік  ұйымдарының  дамуына 

түрткі болды, бұл оқиғалар барысында кимек тайпалары Ертістің орта ағы- 

сынан Жоңғар қақпасына дейінгі  аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, 

Оңтүстік Орал мен Сырдария анғарына дейін ілгерілеп барды. Кимектерде 

мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың ба- 

сындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады.  М әсе- 

лен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығы- 

мен ж әне  біршама жоғары дәлдігімен  ерекшеленетін әл-Якуби  кимектер 

мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: 

«Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге  (мамалик), 

соның  ішінде:  қарлұқтар,  тоғыз-ғұздар,  кимектер  ж әне  оғыздар  болып 

белінеді.  Түріктердің  эр  тайпасында  жеке  мемлекеті  бар  және  олар  бір- 

бірімен соғысып жатады.»113 Ибн әл-Факихте (X ғ.) кимақтар туралы кьізық- 

ты мәліметгер бар, од барлықтүріктердің ең күштілері -  оғыздардың, тоғыз- 

ғүздардың және  кимектердің патшалары  бар деп  жазады114.  Ал  классика- 

лык араб географтары эл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде 

(олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді»115 деп хабар- 

лайды.


Кимек билеушісі  едәуір кұдіретгі болған.  IX ғасырдың аяғы -  Х ғасы- 

рдың басында кимек қағанаты қалыптасқан уакыттан бастап, олардың пат-



325

шасы түріктердің ең жоғары атағымен  каған  (хакан) деп атала бастады116. 

«Қаған  — түріктердің  ең  басты  патшасы.  Қаған  —  хандардың  ханы,  яғни 

парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», -  дейді

X ғасырдағы ортаазиялық ғалым әл-Хорезми117. Қаған атағы ябғу атағынан 

екі саты жоғары тұрған.

Сонымен, кимек коғамының тайпадан мемлекеттік күрылымға дейінгі 

әлеуметтік және саяси дамуына карай олардын басшылары атақтарында да 

төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатгы. Салыс- 

тыру  тұрғысынан  алғанда  ертедегі  түріктердің  шонжарларына  мынадай 

дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші каған, үлы қаған атақтары тән 

болған.  Көрініп  отырғанындай,  кимектер  мен  ежелгі  түрік  атақтарының 

арасында  байланыс  бары  даусыз  ж әне  олар  кимектер ортасы  мен  ежелгі 

түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.

Кимектер  қағанының  қолында  нақты  билік  болды,  ол  өз  мемлекеті 

шегінде билеушілерді тағайындаған, ал олар тайпа шонжарларының өкілдері 

болған.  Қағанның  билігі  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  айналасындағы 

тайпа аксүйектерінің  билігі  де  мұрагерлік  бойынша  өтіп  отырды.  Кимек 

кағанының он бір баскарушысының үлестері мүра  бойынша сол баскару- 

шылардың балаларына беріліп отырған118.

Тайпалық бірлестіктер  қүрылған  кездегі  сияқты  кимек  кағанатының 

құрылу  үрдісінде де әскери институттар  зор  рөл аткарды.  Басқарушылар 

сонымен қатар әскери жетекшілер де болып, олар қағаннан қызметі үшін 

үлестер алып отырды.  Үлестік иеліктер  әскер жасактап отырды.  Бүл үле- 

стердегі этникалық орта, негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның 

өкілдерінен  кұралды.  Үлестік-тайпалық жүйе  қоғамдық құрылыстағы  ірі 

өзгерістердің салдарынан туды. Әдетге, үлестердің иелері кимек қағанына 

бағынышты болды.  Әскери және әкімшілік негіздердің біріктірілуі салда­

рынан  ірі  тайпалық  бірлестіктерді  басқарып  отырған  билеуші  көсемдер 

көшпелі жеке  шаруашылығын  нығайтуға және  өздерінің  саяси салмағын 

орнықтыруға ұмтылып отырды. Олардын кейбіреулері қолайлы жағдай туғ- 

анда  мемлекеттегі  жоғарғы  билікті  басып  алуға  ұмтылған  жартылай тәу- 

елді «хандарға» айналды. Кимектер елін суреттеген кезінде Шығыс Казак- 

стан даласында туған, кимек қағанының ұлы Ж анақ ибн Хакан әл-Кимеки 

(X  немесе  XI  ғғ.)  жазған  кітапты  пайдаланған  араб  географы  әл-Идриси 

(XII ғ.) кимектерде осындай «хандар» басқаратын бірқатар дербес иеліктер 

бар екенін жазады. Олардын ордалары айнала дуалмен қоршалған калалар, 

мықты  бекіністі сарай-қамалдар  болған,  олар көбінесе  биік жерлерге ор- 

наласқан.  Бұл қалалар мен  бекіністерде «хандар»  кептеген  әскер ұстаған. 

Олардың байлықтары мен қоймалары қалаларда ж әне адам жете бермейтін 

таулы аймақтарда орналасқан, 



«ханның»

 (малик) нұскауы бойынша мұқи- 

ят қорғалатын бекіністерде сақталды. Кимектер қағанының орталығы, оның 

ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды, ол темір қакпалы ду­

алмен бекітіліп, қоршалды119.  Қалада  оның сансыз көп әскері мен казын- 

асы  болды.  Шынына  келгенде,  қаған  билігі  мен  мемлекетгік  өкімет ара­

сында айырмашылық болған жоқ.

«Худуд әл-аламның» (X ғ.) он бір басқарушысы туралы мәліметтері, сон- 

дай-ақ әл-Идрисидің «кимектер қағанында хаджиб, уәзірлер, әділетгі және 

жақсы мемлекеті бар»120 деген хабары кимектерде мемлекеттік баскару ап­

параты болды деп айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік өкімет қаншалық-

324


ты  қарапайым  болғанымен,  алайда,  ол  ең  алдымен  қоғамның  әлеуметтік 

жіктелуінің  нәтижесі.  Орта  ғасырлардағы  деректердің  жанама  деректері 

кимек  құрылымындағы әлеуметтік  саралануды  айқын дәлелдейді.  Парсы 

тарихшысы Гардизи (XI ғ.) кимектер арасындағы көшпелілер «ез мырзала- 

рының малын бакты» дейді, сондай-ақ «қысқа арнап олар (яғни кимектер) 

әрқайсысы езінің шама-шаркына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп 

алады»  деп атап  көрсетеді121.  Әл-Идрисидің  жазуынша,  тек  шонжарлары 

ғана қызыл және сары жібектен киім кие алған122, сол арқылы олар өздерінің 

қатардағы көшпеліге қарағанда артықшылық жағдайын көрсеткен. Нақ сол 

авторлардың мәліметтеріне қарағанда, кимектердің қалаларында атты әске- 

рмен коса жаяу әскер де болған. Жаяу әскерлер контингентінің әдетте адам- 

дардың екі тобынан:  күйзеліске ұшыраған кәшпелілер мен тұтқындардан 

тұрғаны күмәнсіз.  Кимек тайпаларының қабірлерінен табылған  археоло- 

гиялық материалдар да жерленген адаммен бірге салынған құрал-сайман- 

ның құндылығы мен көлемі әр түрлі екенін айқын дәлелдейді.

Кимек  қоғамындағы мал-мүлік теңсіздігінің  әбден дендеуі,  бір  жағы- 

нан  көш пелі  аристократияны  шығарса,  екінші  жағынан  —  қарапайым 

көшпелілердің  қалың  бұқарасын  күйзеліске  ұшыратты.  Сірә,  малынан 

айрылған көшпелілердің бірқатары Махмүд Қашғаридің айтқанындай оты- 

рықшылыққа (ятұк) көшуге мәжбүр болса керек123.

Ятұқтар  қолөнерін,  балық  аулауды  кәсіп  етті,  қыстауларға  орнығып 

қоныстанды, көшпелі ордалардың төңірегіндегі шағын мекендерде тұрды, 

бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналды.

Кимек мемлекетінде алым-салыктың болғанын түріктердің өндірген ал- 

тынынан билеушінің міндетгі түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға 

болады.


Кимектерде жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулаф- 

тың мына сезінен көреміз:  «Оларда камыс өседі, бұл камыспен олар жаза- 

ды > 124 Тегі кимектер қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін 

пайдаланған  болуы  керек.  Мұны  Ертіс  бойынан,  Тарбағатай  тауларынан 

табылған  затгар  — мезгілі  IX—X ғасырларға  қатысты түрік  жазулары  бар 

кола айналар да көрсетеді125.

IX 

ғасыр мен XI ғасырдың басында кимектер ертедегі түріктердің діни 



нанымдарын  ұстанды,  олардың  арасында Тәңіріге,  бабалардың  аруағына 

табыну  елеулі  орын  алған.  Жекелеген топтары отқа,  күнге,  жұлдыздарға, 

өзенге, тауға табынған. Шаман діні кеңінен тарады. Сонымен бірге кимек- 

тердің кейбір топтары манихей дінін — христиан түсінігіндегі бағытын уағыз- 

даған. Кимектердің шонжарлары арасында ислам айтарлықтай таралған бо­

луы мүмкін;  арабша жазған кітабы сияқгы, Ж анақ ибн Хакан әл-Кимеки 

деген аттың өзі де осыны дәлелдейтін сияқты. Бұл жағынан кимектер кабі- 

рлерінің жекелеген ерекшеліктерінің мұсылманша жерлеу есебіне жатқы- 

зылуының да маңызы аз емес.  Дүниежүзілік діндердің біреуіне  (исламға, 

христиан дініне) тартылудың әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі бір 

көрсеткіші болып табылатыны мәлім.

Әлеуметтік  ж әне  мәдени  жағынан  кимектер  көп  жағынан  ертедегі 

түріктер арасында V I-IX  ғасырларда қалыптасқан дәстүрін мұраға алып, 

дамытгы, ал IX ғасырдың аяғынан XI ғасырдың басына дейін оларда калы- 

птасқан мемлекет болды.

Дёректемелерде  кимектердің  соғыстары,  кершілеріне  шапқыншылық



325

жасауы, оларға жауап ретінде көршілерінің кимектердің мекендеріне  ша- 

буыл  жасауы  туралы  мәліметтер  өте  көп.  Әл-Идриси  былай деп  жазады: 

«Кимектер патшасы — ұлы патшалардың бірі, өзінің қабілеті жағынан даңқы 

шыққандардың бірі... түрік патшалары қаған өкіметінен кауіптенеді, ол кегін 

алады деп қорқады, оның күшінен  сақтанады,  оның шапқыншылықтары- 

нан қашқақтайды,  өйткені  олар мұндай іске бұрын талай  барғанын біледі, 

оларды өз бастарынан өткізген»126.

Кимек билеушілерінің тоғыз-ғұздар  жерінің бір  бөлігін  басып алумен 

аяқталған оңтүстікке әскери экспансиясын Гаган (қазіргі Алакөл) көлінің 

оңтүстік-шығыс  жағалауында орналасқан  Карантия деген кимек қаласы- 

ның  бір  кезде  тоғыз-ғұздар  иелігінде  болғаны  туралы  хабар  дәлелдейді. 

Кимектер  X  ғасырда  өз  иеліктерінің  солтүстік-батыс  бөлігін  ғана  сақтап 

қалған тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы — Шығыс Түркістандағы Жам- 

лекеске шапқыншылық жасаған127.

Сонымен  бірге,  бұл  да  өте  маңызды,  деректемелерде  бейбіт  кездерде 

кимектердің оғыздар жеріне, ал оғыздардың кимектердің жерлеріне көшіп- 

қонып жүргені атап  айтылады.  Сондықтан кимек-қыпшақ тайпалары мен 

оғыз тайпалары арасындағы тығыз байланыстар олардың тілінде, тұрмысы 

мен мәдениетіне ықпал жасағаны кездейсоқ емес.

Әл-Идрисидің жанама деректерін негізге ала отырып, кимектердің каг­

аны Енисей қырғыздарының еліне де шапкыншылық жасаған деп топшы- 

лауға болады.  «Қырғыз елі калаларының бәрі, — деп жазады әл-Идриси, -  

үш күн ішінде жүріп өтетін аумақта орналасқан.  Ол қалалар төртеу, үлкен 

дуалдармен қоршалған ол қалаларда еңбек сүйгіш, жауынгер, ержүрек ха- 

лық тұрады, олар кимектердің езінің көршілерімен  әркашан дерлік соғы- 

сып жүретін соғыс қүмар патшасының пысықтығынан ете-мете  кауіптен- 

уге тиіс.»128 Ал екінші жағынан, қырғыз ж эне кимек тайпаларының түрмы- 

сында ұқсас белгілердің  кеп  болуын  олардың  арасындағы  тығыз этника- 

лық-мәдени  байланыстармен  түсіндіруге  болады.  Мәселен,  кимектердін 

Қырқырхан цеп аталатын ауданы түрғындарыі іың әдет-ғұрпы қырғыздардың 

әдет-ғүрпына ұқсас болуымен мәлім.

Өз кезегінде, шектес жатқан үлыстар мен халықтар кимектердің қоны- 

старына шабуыл жасап  отырған.  Карахандар  кимек жерлеріне  соғыс  жо- 

рығын жасап, кейде олар сонау Ертіске дейін жеткен. 



%

Кимек  қағанатының  қүлауы.  X  ғасырдың  аяғы  XI  ғасырдың  басында 

Кимек мемлекеті ьщырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен 

алғанда, езін-өзі билеуге ж әне өз мемлекеттілігін қүруға үмтылған кыпшак 

хандарының кимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі 

сипаттағы  себеп. Сонымен катар XI ғасырдың басында қоныс аудара бас- 

таган кешпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен бо­

лтан  сыртқы  оқиғалар.  Тайпалардың  қоныс  аударуының  негізгі  себебі  -  

916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемл екетінің құрылуы бол­

ды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан 

әрі  ығысуына  әкеп  соқты.  Тайпалардың  орасан  зор  қоныс  аударуынын 

жаңғырығы ортағасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, 

армян, венгр, Византия, сирия  жэне т.  б. деректемелерінде көрініс тапты. 

Бұл деректемелерден ең аддымен араб ғалымы әл-Марвазиді  (XII ғ.)  атап 

өткен жөн, оныңшығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше құнды аппа­

рат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суретгейді: «Олар-



326

дың (түріктердің) арасында құндар деп аталатын бір топ адам бар, олар қытай 

қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы 

христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен 

кетті. Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыккан. Олар 

(қүндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді.  Бұлар олардан көп 

те күшті болатын.  Бұлар оларды жайылымнан куды. Сонда құндар шарлар 

жеріне келіп коныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмен- 

дер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жакын 

маңайдағы печенегтер жеріне кешіп барды»129.  Бұл арада Армян теңізі деп 

Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі ха- 

лықтарды қамтыды.

Бүл мәліметгерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы кысқаша түрде 

мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және қүн тайпа­

лары  кимек-кыпшақ тайпаларының  бір  тобын  Солтүстік-Шығыс  Жетісу 

мен  Ертіс  өңіріне  ығыстырып,  кимек  мемлекетіне  соққы  береді.  Сөйтіп, 

қайлар қыпшақтарды орнынан козғайды, ал кыпшақтар оғыздарды Сырда- 

рия  өзенінің  аңғарынан,  Аралдың  батыс  оңірі  мен  Каспийдің  солтүстік 

өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз еңірі 

далаларына кошуге мәжбүр етеді.

Оғыздардың  жерін  басып  алғаннан  кейін  қы пш ақ  хандары  едәуір 

күшейіп, кимек-қыпшақ және қуман тайпаларының бұрынғы қоныстанған 

негізгі жерінде күш-куаты жағынан басым болады, ал кимектер осы окиға- 

лар барысында саяси үстемдігінен айрылып қана қойған жок, сонымен катар 

қыпшақтарға тәуелді болып қалды.  Кимектердің бір бөлігі Ертісте қалып, 

екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біра- 

зы қыпшақ тайпаларымен бірге батыска, оңтүстік орыс далаларына қарай 

қозғалды130. Қыпшақгар кимек мемлекетінің орнын  басты.

Этникалық және тайпалық қүрамы. Деректемелерде кимектердің этни- 

калық  және  тілі  жағынан  түріктерге  жататындығына  тікелей  еш  күмән 

келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі кимектерді біра- 

уыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған.  Жазбаша дерек­

темелерде кимек этнонимінің уакыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII тасы- 

рға  жатады.  Араб  географы  Ибн  Хордадбехтің  (IX  ғ.) деректері  бойынша 

саяси  және  әлеуметтік  жағынан  маңызды  түрік  халықтарының  тізімінде 

кимектер тоғыз-ғұздармен, оғыздармен, печенегтермен, карлүқтармен, қы- 

пшақтармен, азкишилермен, түргештермен катар аталады131.

Кимек федерациясының алғашқы құрамы Гардизи еңбегінде келтірілген. 

Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар, байандұр, қыпшак, ланиказ, аж- 

лар  тайпалары  кіреді132.  Гардизи  ешбір  тайпа  жөнінен  ешқандай  мәлімет 

келтірмейді,  оның еңбегінде  бұлар көптен бері  келе  жатқан  және  белгілі 

тайпалар ретінде айтылады. Ол бұл тайпалардың кайдан шыкканын да көрсет- 

пеңді. Кимек одагана кірген тайпалардың тарихын қарастыру олар Қазақстан 

аумағьша Орталық Азиядан көшіп кедді деп топшьшауға негіз береді.

Кимек  тайпаларының  біріншісі,  эймур  тайпасы,  оғыздар  арасында да 

белгілі. Ол VIII ғасырда он екі ұйғыр тайпаларының арасында да айтылады. 

Эймурлардың  кимектер  мен  Сырдария  оғыздары  тайпалары  құрамында 

көрінуі  эймурлардың батыс  және  солтүстік-батыс  бағытына  карай жыл- 

жуын көрсетеді.  Эймурлар кимектерге де,  оғыздарға да араласып, сіңісіп 

кеткен жоқ, олардың құрамына тайпа ретінде кірді.

327


Гардизи еңбегінде айтылатын имек этнонимі VII ғасырдағы кытай шежі- 

релеріндегі  яньмо  деген  түрік  тайпасымен  бір  деп  саналады.  Мұсылман 

деректемелерінде тайпа аты алғаш рет «Худуд әл-аламда» кимектердің ас~ 

танасы Имекияның атында келтіріледі133, баска бір деректерде каған орда- 

сы  Кимекия деп аталады134.  Кимек  конфедерациясы тайпалары  басшыла- 

рының атағы,  Гардизиге  сәйкес,  имек-байғу135,  ал  әл-Масудидің мәлімет- 

тері бойынша — кимек-байғу136 ретінде белгілі.

Махмүд Қашғари кимектерді йемектер деп атайды. Кимектердің үшінші 

тайпасы  — татарлар  бірінші  рет  отыз-татарлар  деген  атпен VI  ғасырдағы 

оқиғаларға байланысты VIII ғасырдағы көне түрік  жазбаларында келтірі- 

леді.  Түріктердің басқа жазбаларында олар тоғыз-татарлар  ретінде мәлім. 

Тоғыз-татарлардың негізгі оғыз тайпаларымен тұрақты саяси өзара іс-қимы- 

лы татар тайпаларының бұл тобын VIII ғасырда Монғолияның солтүстік- 

шығыс  жағында мекендеген  деп  санауға  мүмкіндік береді.  740—840  жыл- 

дарда татарлар  Үйғыр  қағанаты  құрамына  кіреді.  Үйғыр қағанаты  күйре-

4  геннен  кейін  татарлар  оғыз-ұйғыр тайпаларымен  бірге  Шығыс  Түркіста- 

) нға көшіп барды. «Худуд әл-алам» анонимі татарды сеніммен тоғыз-ғүздарға 

жатқызады. Махмұд Қашғари де татарларды түркі тілдес тайпалар арасын­

да атайды.

VIII  ғасырдың  орта  шеніндегі  руналық  жазбалардың тексінде  кимек- 

терге туыс қыпшақтар туралы айтылады. Мұсылман деректемелерінде қы- 

пшаі; этнонимін алғаш  рет Ибн  Хордадбех VIII  ғасырдағы түрік тайпала- 

рының тізімінде де келтіреді.

С. 


Г. Кляшторныйдың пікірінше, қыпшақтардың ежелгі тарихы сир (не­

месе  қытай деректемелері  бойынша  се)  деген  тайпа  атауымен  байланыс­

ты137. IV ғасырда се (сир) тайпасы өз көршілерін бағындырып алды. Оларды 

кырғьгнға  үшыратқан  билеуші  рулар  жаңа  конфедерацияны  басқарды. 

Қытай тарихнамасында олар IV ғасырдан VII  ғасырға дейін сеяньто деген 

атаумен белгілі. VI ғасырдың орта шенінде сеяньтолар түрік кағандарына 

саяситәуелді болды. Олардың едәуір бөлігі Хангайдатүрды, басқа бір бөлігі 

ИІығыс  Тянь-Ш анға  көш іп  барды.  VII  ғасырдың  бас  кезінде  Солтүстік 

Моьғолияда сеяньтолар телелердің он тайпасы одағын басқарды. 630 жылы 

сеяньтолар бүл одақтан бөлініп шығып, орталығы  Отюкенде  (Хангай) бо­

лган өзінің Сир мемлекетін қүрды.  Оньщ шекаралары Алтай мен Хинган, 

Гоби  мен  Керуленге дейін  үлғайды.  Солтүстігінде  сеяньтолардың қағаны 

Енисей қырғыздары елін бағындырды. 646 жылы тоғыз-ғұздар сеяньтолар- 

ды  жеңіліске  үшыратты,  сөйтіп,  сирлер  мемлекеті  кұлады.  Алайда  көп 

кешікпей түріктермен одақтасқан сирлер Орталық Азияда каһарлы күшке 

айналды.  691 жылы түріктермен  бірге олар тоғыз-ғүз тайпаларының кон- 

федерациясын  басқарған  ұйғырлардан  Отюкен даласын тартып алды.  742 

жылы  Орталық және  Батыс  Монғолиядағы  өз  мемлекеті  кұлағанға дейін 

түріктер мен сирлер (қыпшақтар) тоғыз-ғұздарға елу жыл бойы билік етті. 

VIII ғасырдан бастап ертедегі түрік ескерткіші мен мұсылман деректемесін- 

де қыпшақ этнонимі пайда болады.

Ибн Хордадбех  енді  қыпшақтарды кимектерден  белек  атайды.  «Худуд 

әл-алам» бойынша, қыпшақтар — кимектерден бөлініп шыққан және тұрмыс 

салты неғұрлым қарапайым халық. Кимектерден солтүстікке таман жаткан 

аумақты иеленген қыпшақтардың дегенмен де оларға саяси тәуедділігі сақ- 

талып қалды.  Қыпшақтардың билеушілерін кимектердің қағаны тағайын-



328

дады.  Махмуд  Қашғари  имектер  мен  қыпшақтардың  жақындығын  айта 

кедіп,  қыпшақтардың  өздері  өзін  имектер  деп  санамайды,  қайта  оларды 

өздеріне тегі жағынан байланысты деп санайтынын атап көрсетеді138.

Сонымен,  қыпшақтар  туралы  өте  ертедегі  мәліметтердің  бәрі  оларды 

VIII—XI ғасырларда кимектердің тайпалар одағымен (кейіннен мемлекеті- 

мен) саяси жағынан байланысты болған деп санауға мүмкіндік бергенімен, 

алайда бұл байланыстардың әлсіз болғанын, этникалық аумақтарының әр 

түрлі екенін, сондай-ак экономикалық және тұрмыстық сипаттағы айыр- 

машылықтарын атап өтеді139. Кимектер  мен қыпшақтардың бірлігі туралы 

пікір қате, өйткені орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында келтірі- 

лген мәліметтер оларды туыстас екі тайпа деп санауға мүмкіндік береді.

VIII—X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық кауымы- 

ның қалыптасуы күрделі әрі ұзаққа созылған үрдіс болды, оның дамуынан 

екі кезең аңғарылады.

Бірінші кезеңі қыпшақтайпаларының едәуір топтарының Ішкі Азиядан 

Ертіс  өңіріне  келуімен  байланысты,  бүл  олардың  түріктермен  бірге  742 

жылы  Солтүстік  Монғолиядағы  ертедегі  түрік  жерін  басып  алған  тоғыз- 

ғұздардан жеңіліс табуының салдарынан болған еді. Орта Ертіс пен Алтай 

аймағында қыпшақтар кимек федерациясының үйыткысына кірді.  Негізгі 

қыпшақ тайпаларының  езін-әзі  билеуге  үмтылуы VIII  ғасырдың аяғында 

олардың кимектерден бөлініп шығуына жеткізді.

Екінші кезең — VIII ғасырдың аяғынан XI ғасырдың басы на дейін. Негізгі 

этникалық қауымдардың өзара әсері мен бірігуінде кимек тайпалары топ- 

тастырушылық рел атқарды. Бүл кезенде кыпшақтар ертедегі башкүрт, пе­

ченег,  қарлұк  және  әсіресе  оғыз  тайпаларының  конфедерацияларымен 

тығыз этникалық-мәдени өзара байланыстар және әзара ықпал жасап отыр­

ды.  Сонымен  бірге  қыпшақ тайпаларының  ішкі  этникалық даму  бағыты 

ежелгі мекендеушілердің, жергілікті оғыз, угро-фин, сармат-алан этника- 

лық топтарының араласып, сіңісуіне бағытталды.

Нарпативтік деректемелердегі байандұр этнонимі түщ ыш рет Гардизи- 

де  кимектер  тайпасы  регінде  кездеседі.  Сонан  сон  олар  туралы  Махмұд 

Қашғари мен Рашид ад-Ді:н жазып, байандұрларды оғыз тайпасы деп айта- 

ды. Сірә, байандұрлардың бір бөлігі — кимектер қүрамына, ал екінші бөлігі 

оғыздар қүрамына кірген болса керек.

Алтыншы және жетінші тайпалар деп ланиказдар (В. Минорский нил- 

каздар деп есептейді) мен ажларлар айтылады.

Тайпалық құрамға жасалған талдаудың көрсеткеніндей, кимектердің та- 

рихына  Енисей  кырғыздарының  840 жылы  Үйғыр  кағанатын  талқандауы 

зор ыкпал жасады.  Шындығына келгенде  эймурлар  мен  байандүрлардың 

кимек тайпалық одағында да,  Сырдариядағы  оғыздар  одағында да,  ал  та- 

тарлардың кимектер  арасында пайда болуы осы кезге жататын болар.

Кимек мемлекетінің қалыптасуы барысында кимек тайпаларыньщ сан- 

дық құрамы өзгереді. «Худуд эл-алам» мен әл-Идрисидің деректері бойын­

ша,  кимек  мемлекетінің ұйытқысы  12 тайпа болған.  Кимектерге  қарасты 

аумақта қыпшақ бірлестігімен қоса XI—XII ғасырларда жекелеген топтары 

қыпшақтардың рулық-тайпалық кұрамына кірген  кумандар да айтылады. 

Орта ғасырлардағы араб географтары кумандарды дербес этноним ретінде 

атайды,  мүның  өзі  өте  назар  аударарлық  жай,  өйткені  отандық жөне  ше- 

телдік тарихнамада қыпшақтар мен кумандар бір деген пікір кең таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет