301
Мемлекетте кағаннан кейінгі екінші адам ұлык болған. Кдғанаттағы
жоғарғы лауазымдар - ябғу, шад және елтебер - қаған руының екілдеріне
тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған.
Сот қызметгерін бұрыктар мен тархандар аткарды. Бектер — тайпа бастык-
тары мен өкілдері - жергілікті жерлердегі аксүйектер сословиесінің басты
тірегі болған.
Тағы бір категория — үй-каған барынша назар аударарлық. Деректеме
оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады.
Сондай-ак бір үй болып тұратын бір атадан тараған кеп адамдар да (фами-
лиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды,
демек бұл үй қағаны деген сөз»10. Әңгіме бұл жерде кауымның негізгі эко-
номикалық бөлінісі партиархаттык отбасылык қауым женінде болып отыр.
Кағанаттың канауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым
мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз,
бірак шығыс түрік әлеуметгік терминологиясына ұқсастырып, оларды «қара
бүдун» («тобыр», «кара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік
тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, аксүйек тайпалар, ал екінші
жағынан, оларға бағынышты, вассалдык, тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бүқараға жүктелген
міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты
міндеткерліктердің бірі әскери міндеткерлік (баскаша айтқанда «канмен
төлейтін саіык») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тай-
палардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының күрамы-
на кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі
бағынышты тайпалардың мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл
тайпалар соғыс шайкастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған,
яғни алғы шепке койылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған.
Бағыныштылық әрқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған.
Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары
кезінде түтқынға алынғандардан кұлдар тобы калыптасқан. Бірак ертедегі
түріктердегі «кұл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде
түсінуге болмайды. Қүл тайпалар — үстем тайпаға мал және аң терісі т. б.
түрінде салық төлеп түруға міндетті вассал тайпалар.
Түріктердің кершілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсат-
тарының бірі құлдар алу болған, бүл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды
алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың кыз
баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен
қыздар, яшма мен жібек — мүның бәрі қаған меншігіне түседі», — делінеді
сол кездегі құжаттардың бірінде11. Түріктін Білге-кағанының 720 жылы
басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер «олардың (басмылдар-
дың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты»12 деп хабарлайды. Дерек-
темелерде мүндай мәліметтер жиі кездеседі. Түтқын балаларды үлкен от-
басылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыкқа
пайдаланды .
Мұның бәрі қағанатта құлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, ко-
лөнерші, қала салушы т. с. кұлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды,
бірак кұл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдЫК
деп есептеуге мүмкіндік береді.
Тәуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге-қаған ескерткішінін
текстерінде бектерге және халықка арналған сөздер бар. Онда мынадай жол
302
кездеседі: «...менің шын жүректен шықкан сөзімді сендер (бәрін) осыған
(ескерткішке) карай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына
жеткізіндер!»13. Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне
тәуелді Жетісу аумағындағы отырықшы коныстар мен калалардың соғды
тілдес түрғындары айтылатын болуы керек14; түрік кағандарына бағыныш-
ты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.
Батыс түрік кағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қаты-
настардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі бо-
луына қарамастан, Батыс түрік кағанатында таптардын кұрылу және ерте-
дегі феодалдық коғамдык катынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің
жүргені анық.
Түргеш кағанаты. Батыс түрік кағанатындағы өзара тартыстар, Жетісу-
да өз үстемдігін орнатуға үмтылған қытай императорлық әулетінің әскери-
саяси әрекеттері каған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана
қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он жебе» күрамына кірген тайпалар-
дың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп кимыл жасауы жиілей түсті.
694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одактаса отырып,
шығыста қытай әскеріне карсылык ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде,
Жетісудың өзінде азғыр Нұзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және үлық-оқ тай-
пасынын басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін коршауды ұйымда-
стырған15, бірак шежірешінің сөзіне карағанда, олар жеңіске жете алмаған.
Мұның өзі, сірә, шындықка үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың
сәтсіз аякталуы туралы шежірешінің сөздері наместниктің мәлімдемесіне
ғана негізделген. Әдеттегідей, шайкастың калай болғанын накты суреттеп
баяндау жок, шежіреші тек «жеңілді» дейді де кояды. Ол былай тұрсын,
бүдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін турік Хусэло-
ның16 бастауымен армия ұйымдастырылды (бұлар түріктерден күрылған
болуы керек) делінеді. Бірақ жорыкка әзірленіп жатқан кездің езінде кағ-
анатта жаңа бір күш пайда болады да, мүның куаттылығы соншалык, Хусэ-
ло батысқа жорык жасаудың орнына асығыс түрде тайып түрады.
Бүл күш Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ)17
бастаған түргештер болды.
Бытыраңкылыкжәне Хусэло кағанның кашып кетуі жағдайында түргеш-
тердің көтерілуі күтлеген жерден
болган
оқиға емес еді. Қағанаттьщ сол
қанатының кұрамына кіретін, халкы көп тайпа болған түргештер VI ғасы-
рда-ақ Шу-Іле кос өзені аралығындағы үлкен аймакты алып жатты және
Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардын бакылауында болды.
Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпа
лар саны көбейді. Хусэло жеңілместен бүрын-ақ Үшлік өз жерлерінде
әрқайсысы 7 мың адамнан 20 түтіктік күрды. Бүрын Шудың солтүстік-ба-
тыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп
атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасьг болды. Күнгіт және солай ата-
латын тайпа Іле өзені аңғарында орналаскан18 (олар мүнда XI ғасырда да
тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен)19. Шежіреде айтылғанын-
дай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс
түрік қағанатымен), батыста - хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп,
шығыста тікелей Сичжоу (Түрфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтары-
на дейінгі жерді алып жатқан»20.
Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін
303
к ү р е с т ің б ары сы нд а Іле түргеш тері Қ а п а ға н -қ аға н бастаған шығыс
түріктерімен әскери одақ кұрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің
бірі Ертістен бір түндік жердегі Болушу өзені бойындағы шайқас болып
табылады. Ш у түргеш тері (басқаш а айтқанда, сары түргеш тер) қатты
жеңіліске үшырады, мүның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестері-
не (кара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бүлар қаған
тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлықты
(Сулу) отырғызды.
Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің бо-
лғанын көрсетеді. «Ж аңа Тань тарихында» былай делінген: «Шығындар
(ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы
жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған
олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз колында үстады. Міне, осы кезде
бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады»21. Д ау-ж анж алдар қара
түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске
ұласты. 738 жылы Сұлық-қаған әлген кезден бастап бұл күрес ете-мөте
шиелінісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сөгенің (Сақ-
алдың) ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу (Сулук) үлысын
қара рулар (қаратүргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-
бірі сенбейді»22. Түргеш шонжары шүмекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу-
Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып түра-
тын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...»23.
Қағанаттың ордалары Таласты ж әне Суябта болған қара түргештер мен
сары түргештерде бөліну жүйесі қалыптасты. Алайда VIII ғасырдың 40-
жылдарынан бастап-ақ бұл принцип іс жүзінде сақталмайтын болды. Бы-
тыраңқы тайпалар 751 жылы қытай шабуылына тек сыртқы күштердін
көмегімен ғана тойтарыс бере алды. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлүқ
тайпасының тегеурініне шыдамай кұлады.
Соғдылықтар Ж етісуда. Ілгеріде айтылғандай, Жетісуда соғды коныст-
арының пайда болуы ж әне соғдылықтардың Жетісу қалалары мен Казак-
стан аумағының оңтүстігіндегі ж әне оңтүстік-шығысындағы басқа да ау-
дандарға қоныстануы24 халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланыс
ты болатын.
VII
ғасырдың бас кезінде Жетісуда болған Сюань Цзань былай деп жаз-
ды: «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала орналасқан. Олардын
әрқайсысында басқаларынан тәуелсіз, бірақтүріктерге бағынышты ез бас-
тығы бар. Шудан Гешуанға (Кушанияға) дейін бүкіл ел Сули/Сулиг (Соғ-
ды) деп аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілікпен, екінші
жартысы саудамен шүғылданған»25. Басқа да коптеген материалдар дәлел-
дей түсетін бүл хабар соғдылықтардың Жетісудың жергілікті этникалык
ортасына кәптеп келіп сіңіскенін көрсетеді.
В.
В. Бартольд соғдылықтардың қоныс аударуының негізгі себебі сауда
деп санады26. Алайда, соғдылықтар келуінің басты себебі, сірә, кеңірек бо
луы керек: оны VI—VIII ғасырларда Соғдыда ж әне Орта Азияның басқа да
егіншілік аймақтарында болған әлеуметтік-экономикалы қ езгерістерден
іздеу қажет. Бұл үрдістердің бір көрінісі Нершахидің Бүхарадағы Абруй
баскарып тұрған кездегі тап күресі туралы хабары болып табылады. Аб-
руйдың қысымына төзбеген соғды диқандары мен көпестері Түркістанға
кетуге мәж бүр болады, мұнда олар қала салып, оны Хамукет деп атады27.
304
Соғдылықтардың VI—VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта
Азиядағы араб жаулап алушылықтарымен де байланысты. Тоникөк жазба-
сының хабарларын араб деректемелерімен салыстырып қарау арабқа ка
ре ы Шығыс түрік қағанаты — Ферғана — Шаш - Соғды одағының маңы-
зын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл одақ шығыста араб экспансиясын те-
жеуде жетекші рөл атқарды28. Жетісу бағынғысы келмеген соғдылықтар-
дың арабтарға қарсы күрестегі түріктердің одақтастарының көшіп келген
ең жақын ауданы болды. Соғдылықтардың көшіп келуі Жетісудың егіншілік
және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Алайда оның әле-
уметтік-экономикалық жэне саяси тарихының басты-басты факторлары
Ж етісудың ж ергілікті отырықшы ж әне көшпелі халқының ендіргіш
күштерінің дамуы болды.
Түркі тілдес ортаға түскен соғдылықтар жергілікті тұрғындардың тіліне,
мәдениетіне, әдет-салтына кешті. Түптеп келгенде соғды топтары түрік
халқы бұқарасымен сіңісіп кетті; соғдылықтардың ішінде түрікше сейле-
мейгіндері жоқ дейді XI ғасырда Махмүд Қашғари29.
Жетісудың жергілікті қалалық мәдениетінің дамуына соғдылыктардың
ықпал жасауы әр түрлі тарихи кезендерде бірдей болған жоқ. Соғдылық-
тар VII—VIII ғасырлар кезеңінде неғұрлым зор рөл атқарды. Жетісудағы
қала жұрттарын археологиялық тұрғьщан зерттеу, оған қосымша жазба де-
ректемелер Жетісу қалаларының аралас халкының шаруашылығы, мате-
риалдық жэне рухани мәдениеті туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Соғдылыктар Жетісуда егіншілік мәдениетінің, құрылыс өнерінін, кера
мика қолөнерінің дамуында елеулі рел атқарды30. Соғды жазуынын, тарауы
да, буддизмнің, будда діни архитектурасы мен енерінің таралуы да осымен
байланысты. Мамандардың пікірінше, Ақбешім қала жұртынан табылған
будда ғибадатханаларын соғды сәулетшілері салған31. Соғдылыктардың ке-
луіне байланысты түріктер Жетісуда теңге соғуды игерді. Теңгелерді соғ-
дылықтар түрік қағандары атынан соққанымен, олардағы сездер соғды
тілінде жазылды32.
Соғдылықтардың шығысқа карай ілгерілей енуі бір жақты болған жок.
Орта Азияныңтүріктерге бағынуымен қатар, түріктер Орта Азия шонжар-
лары қатарына, халықтарынын, қүрамына енді. Соғдының өзінде де түріктер
аз рөл атқарған жоқ. Түрік және соғды халықтарының арасындағы өзара
ықпал осылай жүріп отырды, мұның өзі олардың этникалық-саяси тари
хында, материалдық жэне рухани мәдениетінде көрініс тапты.
Сөйтіп, Батыс түрік қағанатының хронологиялық тарихын негізгі үш
кезеңге белуге болады. Бірінші кезен — оның Түрік қағанатына енген
уақыты; екінші кезең - Батыс түрік қағанатының құрылуы; үшінші кезең
- Түргеш қағанатының құрылуы.
2. ҚАРЛҮҚГАР
V I-V II ғасырларда қардұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік
қағанаттары ықпалыньщ аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси
Қиын-қыстау кезевдер барысында қарлүқ тайпаларының бірлестігі аумак-
тық ж эне саяси жағынан ыдырады. Ж азбаша деректерде қарлүқтардың
бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста
305
олардын Откжен таулы жерлерінде (Монголия), Шығыс Түркістанда Бес-
балык аймағында орналасканы айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның
солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі
ертедегі түріктердің руналык ескерткіштерінің деректері бойынша Монгол
Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен
солтүстігі жағындағы аумакка орналаскан «үш карлүк» (қарлүктардың үш
тайпасы) бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұк тайпалары одағының билеушісі
«елтебер» деген атак алған, ұйғырлар мен аздардын билеушілері осылай
аталған. 657 жылы олардың негізгі коныстанған ауданында карлүктардың
үш аймағына коса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы
пайда болды.
Шығыс және Батыс кағанаттардың күшеюіне немесе әлсіреуіне карай
карлұктар кей кездері түріктердің әлеуметтік-саяси бірлестігінің бірде біре-
уіне, енді бірде екіншісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс
түрік кағанаты қүрылғаннан кейін карлұктар оған тәуелді болды. Алайда,
орхон жазуларында айтылғанындай, карлұктар кағандарға карсы бірнеше
рет көтеріліс жасаған және оларға карсы соғыс жорыктарын жасап оты-
рған. Карлұктардың бірінші жорығы 711—712 жылдары болған, бүл жөнінде
Күл-тегін мен оның інісі Могилян-ханның кұрметіне арналған ежелгі түрік
жазбаларында айтылады. Мұнда былай делінген: «Күл-тегін 27 жаска
келгенде карлұктар халқы азаттык пен тәуелсіздік нәтижесінде жауға (бізге)
айналды»33. 715 жылы Білге-каған мен Күл-тегін «касиетті Тамағ жотасын-
да»34 (сірә, Тарбағатай тауларында болуы керек) карлұқтарды женді. Қар-
лұктарға карсы жорыктар онан кейінгі жылдары да (716, 720 жылдары)
жасалды. Білге-қаған елгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай Шығыс түрік мем-
лекеті құлады.
742 жылы Монголия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің
билігін күйреткен үш тайпаның - карлұктардың, үйғырлар мен басмыл-
дардын одағына көшті. Аз уакытка басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың
көсемі каған етілді. Қарлұқтардың басшысы мен үйғырлардың жетекшісі
ябгу (жабғу) атағын алды. Кеп кешікпей, 744 жылы ұйғырлар мен қарлұкта-
рдың бірікке-.і күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды.»Сол жылы
Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік күрылымы — ¥ йғыр
кағанаты пайда болды (744-840 жж.).
V ғасырдан VI ғасырдың орта шеніне дейін үйғырлар Жужань (Авар),
ал содан соң Түрік кағанаттарының күрамына кірген еді. VIII ғасырдын
ортасында үйғыр кағанының саяси үстемдігі Алтайдан шығысында Маньч-
журияға дейін, оңтүстігінде Гобиге дейін, ал 758 жылдан Енисей кырғызд-
арының жеріне дейін жайылды. ¥й ғы р конфедерациясының күрамына
ұйғырлардың әзінің он тайпасы және оғыздардың тоғыз тайпасы кірді-
Үйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болды да, карлүктардың
көсемі «оң (батыс) жақ ябғу» атағын алды. Ибн Хордадбех бүл атакты қар-
лұқша «ж» дыбысымен басталып айтылуымен — әл-жабғу деп жазған35.
Мемлекеттің құрылуы. Қарлұқтардың дербестікке үмтылуы олардын.
Үйғыр кағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлүктар Жеті-
суға коныс аударды', ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара
кырқысқан күресте түргеш кағандары өздерінің бүрынғы күш-кұдіретінен
айрылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары карлүкт-
арға лайыкты карсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердін
306
Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлүк опасыздык, жасап, кашып кетті.
Олар батыстағы он ок халқының еліне келді», — деп көрсетілген36. Түргеш-
тердің әулеттік руларының саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістан-
дағы қытай наместниктері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып
алды, Ш ашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірак мұнда көк тіреген Қытайдың
мүдцелері батыстан ездерінің ықпал өрісін кеңейту максатымен ілгерілеп
келе жаткан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шие-
леніскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайк-
ас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға
үшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Ат-
лах қаласының түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұткынға алы-
нған. Тұткындар арасында қолөнершілер кеп болған37. Талас өзеніндегі
шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор
тарихи маңызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, үйғы-
рлар мен тибеттіктердің кысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас
аңғарында арабтар да тұрактап қала алмай, Ш атка шегінді. Соның нәти-
жесінде карлұктар вз жағдайын нығайтып алды.
Жетісуда түргештердің мүрасы үшін карлұктар мен оғыздар арасында
күрес өрістеді. Алдыңғы ортағасырлык жазбаша деректерде келтірілген
оғыздардың атақты аңыздарына сәйкес, Ыстыккөл мен Талас аумағы оғыз-
дардың ежелгі отаны деп аталған38. Осытайталастын нәтижесінде оғыздар-
дың негізгі бөлігі Жетісу шегін тастап шығып, Сырдарияға кетуге мәжбүр
болды.
766 жылы түргештердің екі қағанының ордалары - Тараз және Суябпен
қоса бүкіл Жетісу карлүктар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси
және әлеуметтік биліктердің карлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда
Қарлұқ мемлекетінің біржола калыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне
бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылда-
ры қарлүқтардын бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың
аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиға-
ларды бейнелей келіп, әл-Марвази былай деп жазады: қарлұктар «бұрын
Тулис тауында түрды және тоғыз-оғыздарға қүл болды. Мұнан кейін олар
өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды,
ал ол жерден мүсылман елдеріне карай жылжыды.»39
VIII—X ғасырларда Алакел ойпаты мен Сырдарияның орта ағысы ара-
сындағы аумақ қарлұқ тайпаларының әскери-тайпалык ақсүйектерінің
билігінде болды.1 Қарлұқтардың мемлекеттік кұрылысы үлестік-тайпалык
жүйенің дамыған түрлері болуымен сипатталады, мүның өзі бір орталық-
тан басқару түріне жәрдемдеспеді. Қарлүқтар жағбуының билігі сөз жүзінде
ғана болды. Жікіл, тухси және ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып оты-
рған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәу-
елсіз иеліктерін нығайтуға ұмтылды. М әселен, жікілдердің билеушісі, «ал
тын Аргу-Талас пен Кашудың ханы, Ордукент пен Ж ікіл-Балықтың биле-
ушісі»40, сірә, карлұқтардың жағбуына тәуелсіз болса керек. Әрбір үлестік
билеушісінің бекіністі калада немесе елді мекендерде орналасқан ордасы
мен әскері болды. Тайпа шонжарларына мұрагерлік сипатта болған артық-
шьшықтар берілді. Қарлүқтар мемлекетіндегі әскери-әкімш ілік басқару
жүйесі олардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысының ерекшелігін
бейнеледі.
307
Билік етуші аксүйек үстем топтардың иерархиялык. катаң жүйесі айкын
бейнеленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қарлүқ конфедерациясының
рулары мен тайпалары да әлеуметтік маңызына қарай бөлінді.
Көшпелі тайпалардың билеп-төстеуші шонжарлары жайылымдық жер-
лерді ғана емес, қалалык орталықтарды да иеленді. Қарлұктар түрған аймак,
«Худуд әл-алам» (X ғ.) авторының мәліметтеріне қарағанда, түріктерге қара-
сты аумақтар арасында халық мейлінше көп қоныстанған және ең бай жер
болған; онда қалалар мен отырықшы қоныстар көп еді. Н ақ сол деректеме-
ге сәйкес, қарлұқтар елінде 25 қала мен коныс болған, олардың ішінде
Қүлан, Мирки, Аталык, Тұзун, Балык, Барсхан, Сикуль, Талғар, Тоң, Пен-
чуль және басқалар бар. Қарлүқтар хақанының каласы ерекше, әл-Идри-
сидің (XII ғ.) мәліметтері бойынша, ол «кеп адам тұратын және бекіністі,
әскері сансыз көп және жарақтары мол» деп сипатталған41. Қарлұқтардың
астанасы мен олардың көптеген қалалары Қазакстанның оңтүстігі мен
Жетісу тұрғындары үшін дипломатиялық және сауда жолы ретінде ғана
емес, сонымен қатар мәдени және рухани жетілу жолы ретінде де зор маңы-
зы болған Үлы Жібек жолының бойында жатты.
Өзара қырқыс, билік пен жайылым үшін күрес қарлұктардың этника-
лық-әлеуметтік қауымын әлсіретгі, солай бола тұрса да, онда патриархат-
тық-феодалдық қатынастар нақ сол кезде одан әрі дамыды.
Қарлүқтардың сыртқы саясаты. Қарлұк жабғуы Оңтүстік Қазақстан
маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде
белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға
қарсы әр түрлі аттаныстарды карлұқтар талай рет белсене қодцады.
Қарлұктардың шығыста Үйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әреке-
ттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы үйғырлар Бесбалық түбінде
карлүқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талкандады. 812 жылы олар кар-
лүқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Фергана
мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп,
Орт?лық Азияға қайтып кетті. Осы катан, жеңілістен кейін карлүк жабғуы
М отолиядағы орталығы Отюкен болған үйғыр қағанының жоғарғы билігін
мойындауға мәжбүр бсдды.
Үйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық
көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған г-ули-
ган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекара-
сы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста - Саян жотасына дейін бар
ды. Қырғыздардың көршілері батыс жақта кимектер, солтүстік жакта — бома
халқы, оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды. Қырғыздар Минуса ойпатында
мейлінше жинақы мекендеді. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасактай ала-
тын, халқы көп бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табандьі
күрестің нәтижесінде қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап женді-
Ішкі Азия даласындағы бұл маңызды оқиға мүсылман тарихнамасында
көрініс тапқан. Мәселен, Гардизи бұл жөнінде мынадай хабар келтіреді:
«Түркістандықтар (қырғыздар) хақан халқына шабуыл жасады; олар бұл
халықтың беделді-бедедді он екі бастығын өлтірді, семсермен турап, хақ-
андықтардың бәрін қырып-жойды. Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-
пан (?) мен халлухтардың (қарлүқтардың) колдарында қалды»42. Үйғырла-
рдың біразы Жоңғария — Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі кдр-
лұқтарға
Достарыңызбен бөлісу: |