354
VI—VII ғасырдың бірінші жартысындағы махаллалар Отырар алқабын-
дағы Кек-М ардан қаласының жұртын казған кезде аршылды. Үйлердің үш
тобы н м ахаллалар деп санауға болады. Олардың әрқайсы сы үлкен
«солтүстік» көшеден тарап, бекініс дуалына барып тірелетін түйық көше-
мен біріккен. Тұйык көшелердің үзындығы - 15, 12, 10 м, махаллалардың
көлемі — 370,350 және 300 шаршы метр. «А» махалласында бес үй бар, біреуі
діни үй, «Б» жэне «В» махаллаларының әрқайсысы 4 үйден түрады.
VII
ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырдың бірінші жартысындағы қала
махалласы Құйрықтөбе қаласының орнын қазғанда аршылды. VII—IX ғасы-
рдың бірінші жартысына дейінгі устіңгі қабаты шайылып кеткен. Махал-
ланың шет жақтары да кираған болып шықты, ал оның орталық бәлігі әже-
птәуір жақсы сакталған. Оның махалласының көлемі 306 шаршы метр бо
лады. Махалланың кұрамына махалла ішіндегі көшенің сол және оң жақ-
тарына орналасқан 4 үй кіреді. Үш үй толық, ал төртіншісінен бір белме
ғана сақталған. Толық сақталған үш үйдің біреуі бір бөлмелі де, екеуі екі
бөлмелі. Махалла ішіндегі кішкене көше қақпамен жабылған; оның үлкен
көшемен қосылатын жерінде табалдырык, тепкішегінің қалдықтары сақта-
лған.
Жоспарлануы жэне салыну сипаты жағынан махаллан
ың
Көк-Мардан-
дағы V I—VII ғасырлардың неғұрлым ертедегі махаллаларынан айырмашы-
лығы жоқ. Махаллалардың қалыптасу себептері мен сипатын ұғынуға эт-
нографиялық материалдар толық мүмкіндік береді. Олар махаллалардың
калыптасуына әулеттік кауым қатысқанын дәлелдейді. Біркатар зерттеуші-
лердің пікірінше, Х ІХ -Х Х ғасырдың басындағы түрғын үй махаллалары
салтының орта ғасырлардағы қалалар тұрғындарының тұрмысынан елеулі
айырмашылығы болмаған33.
I мыңжылдықтың орта шені Орта Азия мен Қазақстан халыктарында
патриархаттык әулетгік қауымнан шағын отбасына көшудің бетбүрысты
кезеңі болды34. Бұл уақытқа отбасының өзінше бір өтпелі түрінің калыпт-
асуы тән келді. Ол енді үш немесе одан да коп ұрпақтан емес, екі ұрпақтан
қүралды. Аға үрпақ әке мен ана болды, үйленген үлдарының бәрі солар-
мен бірге тұрды.
Этнографтар жартылай отырыкдіы ж әнг отырыкшы карақалпақтарда
әулеттік-рулық топтардың «көше» деп аталғанын айтады. Әрбір топты ең
бай немесе ыкпалды ақсақалдар арасынан «көше би» немесе «көшбасы»
басқарған. Әдетте бір ауыл, кейде бірнеше ауыл бірге көшіп-қонғанда неғұ-
рлым ірі қоныстарға жинақы әулеттік топтар болып қоныстанған. Туысқан
отбасылар бірге мал бағып, қуаныштарын бірге атап өткен, салт-жоралар-
ды бірлесіп атқарған35.
Отырықш ы халықта әулеттік-туы сты к топтар айқын аңғарылады.
Тәжіктерде олар «кавм» немесе «каум» деп аталады. Әдетте, мұндай әрбір
топ бір махаллада түрған, топтағы әрбір отбасының иелігінде үй жанын-
дағы ж әне егін салатын жеке жер учаскесі болған, бірак малды бүкіл әулет
бірігіп жайған, егін жинағанда, кұрылыс салғанда да бір-біріне көмек
керсетіп, әулетке ортақ мерекелерді бірге өткізген, мешіті мен зираты да
ортақ болған.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерде шағын отбасымен
қатар
эко-
номикалық және аумақтық бірлік белгілері бар неғүрлым ауқымды бірлестік
те пайда болды. Олар туыстық тегінің ортақтығы бойынша жинақталған
355
отбасылар болып топтаскан. Әрбір топ өзін «бір атаның балалары» деп атағ-
ан: казактарда ол - «ата баласы»; қырғыздарда - «бір аталык балдары»;
түрікмендерде — «бир ата» деп аталған. Топтағы отбасылар саны 2—5-тен
20—15-ке дейін ауытқып отырған. Олар бір ауыл болып көшіп, қыстауда
қатар қонған, малды бірлесіп, кезекпен бағып, еңбек еткенде бір-біріне
көмектесіп отырған, мейрамдарды бірге өткізіп, ғұрыптықасты бірге ішкен.
Алайда әр отбасы малдарына әз ендерін салатын болған36. Көк-Мардан мен
Құйрықтебе махаллаларының тұрғындары әулеттік-туыстык топтардан
тұрған. Махалладағы үйлер саны жекелеген туыс отбасыларына тиесілі 4—
6 үйге жетеді. Этнографиялық деректер бойынша белгілі әулеттік-туыстык
топтың басшысы - «көше би», «көшбасшы» орта ғасырлардағы махалла
раисына (старшина, староста)37 және соңғы орта ғасырлардағы Бүхараның
махалла аксақалына38 сәйкес келеді.
Жетісудың оңтүстік-батысындағы кала жүрттарының шахристанын кеңі-
нен қазу жұмыстары жүргізілген ж оқ ж әне олардың махаллалары салы-
нуының сипаты туралы әзірше деректер болмай отыр, бірақ ол негізінен
Оңтүстік Қазақстан қалаларының салынуына үқсас болса керек.
Қалалык түрғын үй. Қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстанның ертедегі
орта ғасырлардағы калалықтұрғын үйі туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.
VI—VII ғасырдың бірінші жартысына үйлердің екі үлгісітән. Бірінші үлгідегі
үй — бір бөлмелі, тік бүрышты жоспармен салынған. Осындай көлемі 43
шаршы метр болатын үйлердің бірінде үзындығы 4 метрлік иілген дәліз
бар. Кіреберісі тамбур пішіндес. Батыс және солтүстік кабырғаларын бой-
лай ортасына қарай шығынкы келген сөрелі сәкілер орнатылған. Сәкілердің
ені 1 м, шығыңқы жері — 1,2 м, биіктігі 40—45 см. Кіреберістің қарсы алды-
нан ортаға ернеулері балшықпен сыланған келемі 1x1,5 м болатын тік
бүрышты жерошақ казылған. Кіреберістің сол жағында, тамбурда қалың-
дығы 0,3 м кабырғада көлемі 0,2x0,2 м болатын екі камин (кабырғадағы
ошақ) орналасқан. Оңтүстік-шығыс бұрышы саз қалқамен бөлінген, бұл —
шаруашылык бөлімі, өзінше бір ас пісіретін алан. Жайдың еденінен тік
бүрышты терт шүңқыр — тіреуіш бағаналардың орны тазартылды. Тебесі-
нен, сірә, жарық түсетін әрі түтін шығатын тесік жасалган болса керек.
Сонымен бірге түтін есіктен де шықкан, сондыктан да ошак пен каминдер
есікке жақын түр.
Бүл үлгідегі үйлердің сәкілері: екі қабырғада «Г» тәрізді және үш кабы-
рғаны жағалата «П» тәрізді етіп салынуымен ерекше; орталығында екі са-
тылы шығыңқы жері бар. Жер ошактың түрі тік бұрышты, сопак, немесе
алдыңғы жағы дөңгелек болып келеді. Ошақтардың шет жағы қышпен қал-
анып қоршалған. Тұрғын үйді жылыту үшін де, тамақ асу үшін де пайдала-
нылған ашық үлгідегі ошақтар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның орта
ғасырлардағы тұрғын үйінде кең таралған39. Каминдер қабырғаларға ойып
жасалған сфералық куыс болып табылады, олардың түбіне ернеуі аласа
тұтқалы табалар қойылған. Жер ошақтар мен каминдердің атқаратын міндеті
әр түрлі: біріншілері — үйді жылыту және ас пісіру үшін, екіншілері нан
пісіру үшін пайдаланылған. Үйлерде үн тартуға арналған жалпақ диірмен-
дер бар. Азық-түлік қорларын сақтауға арналған кеспектер мен көзелер
бүрыштарға қойылған сәкілердің үстінде тұр. Сонымен бірге күйдірілме-
ген балшыктан жасалған кеспек тәрізді ж әне астау тәрізді ыдыстар койма
ретінде пайдаланылған.
356
Әрбір үйде мінәжат орны кезікті. Әдетте ол кіреберіске карама-қарсы,
саз балшықтан жапсырып жасалған сопақша медальонды бұрыш болып
келеді. Оның астында кішкене бұрышты тақыт — күл қабаты жапкан мех-
рап орналасқан.
Үйлердің көлемі 12 шаршы метрден 45 шаршы метрге дейін өзгеріп оты
рады. Төбені жабу сипаты үйдің көлеміне байланысты болған. Үлкен
үйлердің төбесі төрт бағанмен тірелген, орташаларында бір баған тіреуіш
ретінде пайдаланылып, оған үзынынан бір немесе айқасқан екі діңгек тірел-
ген. Көлемі кішкене үйлердің төбесін кабырғалар ғана ұстап тұрған.
Екінші үлгідегі үйлер — тізбектеле салынған екі бөлмелі. Екінші бөлме
- қойма — бастапқы бәлмеден мықты кабырға арқылы сегменттеу жолы-
мен бәлінген. Қойма үйдің артқы, алдыңғы жақтарында, кейде бүйір жағы-
нда болуы мүмкін. Қоймалардыңкөлемі 8 шаршы метрден аспайды. Тұрғын
үйлердің екі үлгісі де V I—VII ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан үшін
дәстүрге айналған, олардын аддыңғы үлгілері б. з. б. I мыңжылдыктың аяғы-
нан бастап аңғарылады.
VII
ғасырдың екінші жартысы - VIII ғасырдың алғашқы жартысындағы
тұрғын үйлер Қүйрыктобе каласының орнын казу жұмыстарынан мәлім.
Көлемі 63,8 шаршы метр болатын бір бөлмелі үй аршылды. Оған деңгейі
еденнен жоғары сырттан кіретіндіктен кіреберісі жалпак пандус түрінде
жасалынған. Есік куысында есік пен табалдырықтық жақтауы сакталып
қ;иіған. Кірер есік үйден «көрініп тұратын кабырғамен» бөлінген. Бөлменің
үш жағына биіктігі 0,4 метрдей сәкілер салынган. Оңтүстік және батыс
кабырғалары жағындағы сәкілердің ені — 1 м, солтүстік жағындағысы -
0,7 м. Батыстағы қабырғаның ортасында шығыңқы белдеуі бар, оның үзы-
ндығы 2,4 м, ені 1,35 м.
Екі бөлмелі үйлер қосымша бөлмесі болуымен сипатгалады, ол, сірә,
қойма болса керек. Махалладағы осындай бір үйдің түрғын жайының көлемі
28 шаршы метр, қоймасы 16,8 шаршы метр болады. Түрғын жайдың оңтүстік
жағындағы қабырғасында ені 1,7 м сәкі бар. Бөлменің ортасында жер ошак-
тың күйген орны сақгалған. Қойманың ішкі көрінісі сакталмаған, бірақ
онда, Көк-Мардандағы үйлердің қоймаларындағы сиякты, астық корын.сақ-
тауға арналған орындар мен ыдыстар болса керек.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ертедегі ортағасырлыктұрғын үй сан ғасы-
рлық дамудың нәтижесі болып табылады. Оларды көрші аудандармен са-
лыстырғанда оларға тән бірқатар ұқсастықтар байқалады. Оған VII—VIII
ғасырлардағы соғдылардың Гарадани-Хисор қонысындағы бір және екі
бөлмелі үйлер жақын40. Пенджикент үйлеріндегі төрт тіреулі жайлардың
жоспарлануы Көк-Мардандағы терт тіреулі, ал сәкілері шығыңкы белдеу-
лерімен ерекшеленетін үйге ұксас келеді. Көк-Мардандағы тұрғын үйді
оңтүстік-батыс Ферғанадағы тұрғын үйлермен41, Хорезмнің афригидтік
үйлерімен42 салыстырғанда белгілі бір ұқсастық байқалады.
Этнографиялық жағынан осыған ұқсас тұрғын үйлер Памирде сақта-
лған43. Дегенмен де, Орта Азияның солтүстік аудандарынын ертедегі орта-
ғасырларындағы тұрғын үйлермен үксастығына карамастан, Оңтүстік
Қазақстанның тұрғын үйінде б. з. б. I мыңжылдықтың бірінші жартысын-
дағы Сырдария мәдениетінің дәстүрлі белгілері сақталады. Бүлар — Қазак-
станның оңтүстігінде мейлінше таралған тізбектеп жоспарлау, тік бұрыш-
ты және сопақша ашық ошактар, нан пісіру үшін пайдаланылған арнаулы
357
шаруашылық аландары, астына мехрап жасалған мінәжат орындары. Бұдан
кейін үйлердің салынуы мен ішкі көрінісі түрін өзгерте отырып, одан әрі
сакталды және Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырлардағы калаларының
үйлерінде дамытыла түсті44.
Қоныстар әзірше жеткілікті зерттелген жоқ. Жетісуда Құлан оңірінде
(Луговое кала жүрты) бірнеше жайлардан, тұрғын үйлер мен кора-копсы-
лардан, сондай-ак жүзім шырынынан шарап пен тәтті тағамдар ендіретін
шеберхана кешенінен тұратын аула ішінара қазып-аршылды. Ауланың кабы-
рғалары күйдірілген балшык блоктар мен ұзын шикі кірпіштерден кал-
анған45.
Қорғаныс қүрылыстары. Әзірше оларда жеткіліксіз зерттелген. Оңтүстік
Қазақстанда Құйрықтөбе қамалынын бекіністі дуалын зерттегенде оның
күйдірілген балшық блоктарынан қаланып, ені 2,7 м болғанын көрсетті.
Оның бүрыштарына ішкі жағында шағын орындары бар жартылай дөңге-
лендіріп мүнаралар салынған46.
Зерттеушілердің пікірінше, алдыңғы орта ғасырлардағы замоктар мен
қалалардың дуалдары қабырға ішінде жоғарғы жағынан қалқалап жабы-
лған алаңқайды алмастыратын галереялары ж оқ іргелі ғимараттар болған47.
Құйрықтебе сарайындағы салтанат залының ішкі көрінісі бейнеленген
күйдіріп өрнектелген тақтада замок дуалы нақ солай көрінеді48.
Жетісудың оңтүстік-батысындағы Қызылезен қаласы орнының бекінісі
мейлінше ерекше. Шахристанға да, қамалға да, зиратқп да бекініс тұрғызы-
лған. Дуалдарға мүнаралар мен какпалардың алдына құрылыстар салынған.
Шахристанды сырткы жағынан ені 50 метрге дейін жететін ор қоршап жа
тыр. Шахристанның бекініс дуалын келденеңінен қазғанда мынадай қүры-
лым анықталды: саз балшыкты түғырға биіктігі 2,5 м болатын күйдірілген
балшық блоктан дуал түрғызылған. Оның ені - 2,5 м, биіктігі 5 м етіп қал-
анған жері сақталған. Ішкі жактағы бекіністі дуал алдында кұрылыс са-
лынбаған бос алаң калдырылған.
Шахристанға батысынан түйісіп жатқан зираттың дуалы «таспалап
қалау» әдісімен саз балш ы қтан қалындығы 0,2—0,4 м етіліп қаланған.
Төбенің басына күйдірілген балшық блоктан тұрғызылған түғырға дуал
орнатылған. Дуалдың ені етегінен 2,5 м, биіктігі 2,7 м шамасында болған.
Тараз каласы да мықты дуалдармен қоршалған. Күйдірілген балшық
блоктары мен жүмыр тас қабаттарын кезектестіре қалап түрғызылған ду-
алдың ені 3-3,5 метрге жетеді49. Таластагы Актөбенің бекіністі дуалының
көлденең кесіндісі ешнәрсе араластырмай күйдірілген балшықтан тұрғы-
зылғанын көрсетті. Қабырғаның сырты тас сынықтарымен қапталған50.
Басқа қалалар жүртының қала төңірегіндегі аумақты айналдыра салы-
нған үзын дуалдарын қимасынан зертгегенде олардың қүрылымында шикі
кірпіш пен жүмыр және қиыршық тастар пайдаланылып, таспалап қалау
әдісімен тұрғызылғаны анықталды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін
жетеді, олардың сақталып қалған биіктігі әдетте 5 метрден аспайды. Жеті-
судың ертедегі орта ғасырлардағы қалаларының дуалдарын Орта Азия мен
Онтүстік Қазақстан қалаларының бекіністерімен салыстырғанда олардың
салынуы жағынан да, құрылыс техникасы жағынан да жақын және біртек-
тес екені аңғарылды51.
Қала зираттары. Қалалардың қасында зираттар болған. Бүл кездегі қабі-
рлердің ең көп таралған түрі күйдірілген балш ық кесектер мен шикі
358
кірпіштен салынып, төбесі күмбезделіп жабылған тік бұрышты кұрылы-
стар болып келеді. Қазіргі кезде олар обалар түрінде сақталған.
Қазақстанда мұндай құрылыс тұңғыш рет Арыстың орта ағысындағы
Бөріжар қорымынан табылды. Үйінділер астында басқа да күрылыстар —
күйдірілген балшық кесектерінен қаланған тік бұрышты коршаулардың
калдықтары (төбесі сақталмаған), ертедегі жер беті деңгейіне өзеннің мал
та тастары төселген, ал кей жағдайда ыдыстардың сынықтары тоселген қабі-
рлер болды. Неғұрлым ертеректе жерленгендері бір жаққа қарай ығысты-
рылып, кейін қайтыс болғандарды бұрынғының қасына қойылып отырған-
дықтан бір қабірге бірнеше кісі жерленген. Жерленгендер түрлі бағытта
қойылған. Қорым обаларының биіктігі 3—4 м болған жағдайда диаметрі 20
метрге дейін жеткен. Бұл үлгідегі дағдылы қабірлер мына тұрғыда келеді:
32-обаның диаметрі 14-16,5 м және биіктігі 2 м сопақша үйінді түрінде
болды. Оба үйіндісі астында тік бұрышты шошақ төбелі төмпешік жатыр.
Жерлеу лақытының көлемі 7,5 шаршы метр. Оның ішіне ұзындығы 2,5 м,
ал ені 0,75 м дәлізбен кіруге болады. Лақыттың еденінен қаңқалардың ша-
шыЛып жатқан қалдыктары кездесті. Адамды жерлегенде кыш ыдыстар:
шүмегі бар кұмыралар, құятын ернеуі бар қүмыралар, сырты қызыл боя-
умен жылтыратылған саптыаяктар қоса салынған. Сондай-ақ сабы бар бір
жүзді темір пышақтар, темір семсерлер табылды. Қару-жарактар ішінен
жебелердің үш канатты темір ұштарын атап көрсеткен жөн.
Сондай-ақ кұрама белдіктердің лира тәрізді күміс қаптырмалары, тоға-
лар, қару-жарақ заттары, белдік каптырмалары, ақық моншактар, қола
түйреуіштер, тұткатүріндегі бойтұмарлар табылды. Қорымның мерзімі VI—
VIII ғасырлар деп белгіленеді52.
Түркістан маңындағы Шаға қорымынан да осындай жерлеу кұрылыст-
ары табылды. Мұнда 5 оба қазып аршылды. Осындай бір обаның (67) диа
метр! шамамен 30 м және биіктігі 2,2 м болды. Үйінді астында жерлеу күры-
лысы — көрхана бар. Бұл — шикі кірпіштен қаланған, көлемі 5,2x5 м бола
тын тік Сүрышты құрылыс. Керханаға ұзындығы 3,3 м, ені 0,9 м және биіктігі
1,15 м болатын тамбур салынған. Құрылымның калдықтары мен құлаған
үйінділерге Караганда, дәліздің төбесі кырынан қойып қаланған кірпіштер-
ден қорап сияқты күмбез түрінде жабылган.
К өрхананың өзі, сірә, күмбез сиякты етіп жабылган болса керек.
Солтүстік және шыгыс жактарын бойлай биіктігі 15 см ж әне ені 75 см
сәкілер орнатылған. Қабырғалар, сәкілер және еден сыланып, акталган.
Көрханага үрылар түскендіктен оның солтүстік жагындагы сәкі үстіндегі
үш қаңқаның сүйектері шашылып жатыр.
Көрханалардың біреуінен үш қабат етіп қойылган 25 өліктің сүйегі та-
зартылып алынды. Кіреберістегі дәлізде иттің қаңқасы жатты. Ш ага көрха-
насынан өзінше бір археологиялык қазына алынды. Бұлар — әдемілеп жыл-
тыратылған құмыралар мен сакина тұткалы саптыаяқтар, бүйірлерінің орта
тұсы иіліңкі тегенелер. Алмұрт тәрізді кішкене құмыралар, әрнек ізі бар
кеспектердің сынықтары ұшырасты. Темірден соғылган жебелердің үштары,
қайшылардың сынықтары, тоғалар табылды.
Табылған әсемдік заттар ішінде қола білезік, кішкене көз салынған сы-
рғалардың сынықтары бар. Көрханалардың біреуінен VII ғасырдыңаяғы —
VIII ғасырдың басындағы соғдылардың мыс теңгесі табылды. Шаға қоры-
мының мерзімі VII ғасырдың аягы — VIII ғасырдың басы деп белгіленеді53.
359
Жерлеу қүрылыстарының сипаты мен жоспарлануынан, жерлеу ғұрпы-
нан, керамикадан, сәндік заттардан жергілікті қауыншы мәдениетінің
дәстүрі, түріктер мен соғдылардың күшті ықпалы аңғарылады. Оңтүстік
Қазақстан түрғындарының материалдық және рухани мәдениетінде осын
дай компоненттердің болуы аймақтың ертедегі орта ғасырлар кезеңінде
жергілікті отырықшы және қалалықмәдениетінің дамуындағы өзіңцік ерек-
шелікті дәлелдейді.
Ж етісуды ң оңтүстік-баты сы нда А қбеш ім, Қ ы зы лөзен, Беловодск
бекінісі қала қоныстарындағы, Тектүрмас пен Қостебедегі зираттар зерт-
телді. Ең көп және жан-жақты зерттелгендері — Қызылөзен қаласының
жүртындағы қабірлер, онда түрлі уақыттардағы V III-X ғасырдың басын-
дағы терт оссуарлык мола, көрханалар аршылды.
Қызылөзен кала жұртының қалалық зираты қаланың қираған орталығы-
нан 300-350 м жерде жатыр, көлемі — 5 гектардай. Оның негізі оба үйінділері
астындағы қабірлерден тұрады.
Оба астындағы қабірлердің бірнеше түрі — жерден қазылған шұңкыр-
ларға, лакыттарға, шикі кірпіш сағаналарға құрал-саймансыз жерлеудің
ұштастырылғаны анықталды. Олардың мерзімі VI—VII ғасырлар деп белгі-
ленді. Бұдан үңгіп лақыт жасалған бірнеше қабір де табылды; алайда қабірдің
бүл түрі едәуір кейініректегі - VII ғасырдың аяғы - VIII ғасырдың басын
да көп таралған және, тегінде, қалаға отырықшыланған көшпелі халықпен
байланысты болса керек.
Оба үйінділері VII ғасырдың бас кезінде құрылыс, зороастралық ғиб-
адатхана салынған кезде тегістеліп жіберілген. Екінші кезендегі қабірлер
мынадай үлгілерді қамтиды: жерден жартылай өрілген сағаналар, кірпіш
қабірлер, сары топырақтан үңгілген лақыттар, жерден қазылған шұнкыр-
лар, оларға оссуарийлер ж әне кеспектер қойылған, өліктер кеспектерге
немесе отырған күйінде жерленген, олар белгілі бір тәртіпті сақтамай және
қосымша құрал-саймандарсыз қойылған. Ш ұңқырлар мен шағын сағана-
ларға бірнеше сүйектерді қатар салу түрінде жерлеу де басым болған.
Қала зиратының қалыптасуындағы келесі кезең лакыттап және үнгіп
қазылған қабірлер қабатымен байланысты, оның үстіне бұл орайда алдын-
дағы қабаттың құрылыстары қиратып жіберілген. Түрік ғұрпы бойынша
өліктер мехрап бөлмесінің қабырғалары мен сәкілерінің астына жерленеді.
Ең қызықтысы — атымен қоса жерлеу.
Қызылөзен зиратының жоғарғы қабатының мерзімі VIII ғасырдың ор-
тасы — X ғасырдың басы деп белгіленеді және көрханаларда, бір шүңқыр-
лы сағаналарда, ашық аландарда, көрхана қабырғаларының, бекініс дуал-
дарының негіздеріндегі қуыстарға жерлеудің жаңа ғұрпын көрсетіп, кес
пектерге, оссуарийлерге, қүмыраларға салынған бас сүйектер мен әр түрлі
сүйектер табылды.
21
көрхана ашылды, олардың әрқайсысы қоршалған. Бүлар саздан және
шикі кірпіштен салынып, күмбездеп немесе көтеріп жабылған бір немесе
екі бөлімді құрылыстар болған. Осы езінш е бір «кесенелердің» келемі әр
түрлі — 1 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін болған. Көрханалар кірпіш
қаланып бекітілген, бірақ жаңадан жерлеу қажет болғанда бұзылып алы-
натын тар жол да қалдырылған. Көрхана ішінде оссуарийлер, кеспектер,
кезелер тұрды, сүйек үйінділері, жекелеген бас сүйектер жатты. Жекеле-
ген көрханалардың кіреберісіне де өліктер қойьшған. Керхана топтары-
360
ның араларына қүрылыс салынбаған алаңшалар қалдырылған, онда көп
мөлшерде керамика, жануарлардың сүйектері, от іздері жатыр. Мұнда еске
түсіру жоралғылары өткізілген. Табылған сүйек қалдықтары алаңнан казы-
лған кішкене жеке шұңқырларда да, қабырғалардағы кірпіштерді суырып
алып жасалған куыстарда да өліктің жерленгенін көрсетеді. Аршылған
жерлеу құрылыстарының бірі ішкі жағынан өлшегенде қабырғасының ұзы-
ндығы 12,3 м, шаршы түрінде болды. Көрхана ортасында бүкіл ғимаратты
бойлай әр жағында үш-үштен алты бөлік орналаскан кең дәліз бар. Дәліздің
ұзындығы 3,5 м.
Кіреберісі шығыңқы екі пилонмен көркемделген. Керхана күмбездер
жүйесімен жабылған. Бөліктің кіреберістері шикі кірпіштермен бекітілген,
олардың әрқайсысына 1—2 өліктен жерлеген. Бөліктердің еденінде жәңе
бүрыштарында жел үрлеген қабаттар байқалды, олар сүйектердің ұзақ уақыт
бойында ашық және жел соғып тұратын жерде болғанын көрсетеді. Акбешім
қаласының орнындағы шахристанның сыртынан да жерлеу кешені аршыл-
ды, олар сүйектері кеспектерге, ыдыстарға және шүңкырларға жәшіксіз
қойылған, аш ық алаңшаларға және шикі кірпіш тен салынған қойма-
беліктерге өлікті шалқасынан жатқыза салу ғұрпымен жерленген оссуар-
лық зират болып иіықгы. Ақбешімдегі қираған замок алаңынан да оссуар-
лық қабірлер табылды.
Талас аңғарында, Тараздағы қалалық зиратта оссуарлық ғүрыптың VI—
IX ғасырларда таралғаны аңғарылады54. Сонымен бірге мұнда жерден қазы-
лған және шикі кірпіштен тұрғызылған молаларға өлікті қою ғұрпымен
жерленген христиандар қабірлері де кездесті.
Тектұрмасты қазған кезде ағаш табыттар мен оссуарийлерге салып
жерлеген қабірлер табылды. Зерттеушілер оларды христиандар мен зо-
роастралы қтарға ж атқы зады 55. Ж ам укеттегі қал алы қ зиратта шикі
кірпіш тен қаланған көрханаға өліктерді бір-бірлеп ж эне топтап жерле
ген қабірлер табылды. Топтық кабірлерде 20-ға дейін өлік жерленген.
Әдетте, қаңқалардың анатомиялық жағдайы өліктер неғұрлым кейіннен
көмілгеннен кезде ж әне тонаушылық мақсатпен қазғанда бұзылған. Ал
бүзылмаған қабірлерде қаңқалар басын есікке қарата, шалқалап ұзыны-
нан жатты.
Көрханалардан күміс сырғалар, гүл табақшалары бар және дөңестелген
балдақгар, тастан көз салған сырғалар, темір білезіктер, моншақтар, гераль-
дикалық екі қораз түріндегі қаптырмалар, мойынға тағатын қола крест, кола
айнаның отырған адам мүсіні түріндегі тұтқасы табылды. Сүйектер кес-
пекке салып кәмілген және бөлек жерленген сүйек үйінділері де табылды.
Өлікті ұзынынан шалқалатып, «салт атты сияқты» жатқызып жерлеу де
ұшырасты. Жерлеу мерзімі VI—X ғасырлар деп белгіленді. Ең кейінгі жер-
ленгендер — мұсылмандар. Осыған байланысты IX ғасырдың орта шенін-
де-ақ қалалық зираттарда шикі кірпіштен өрілген сағаналарға мұсылман-
дардың жерленуі кездесетінін атап өту қажет. Өлгендер мұсылман ғүрпы
бойынша, зат салынбай, басы солтүстік-батысқа қаратылып, үзынынан
жатқызып жерленген.
Зираттарды қазу жұмыстары қала қауымдарының конфессионалдық
өмірінің күрделі де ала-құла болғаны, алдыңғы орта ғасырлардағы әр
түрлі этникалық ж әне діни топтардың өзара әсері жөнінде түсінік бе-
реді.
Достарыңызбен бөлісу: |