472
оларға арналған тұғырлар болып келеді42. Шырағдандарға арналған тұғыр-
лар зор көркемдік талғаммен жасалған. Олар үш аяқты жарты шеңбер
түпшелерге бекитін, биіктігі 25—35 сантиметрге дейін жететін дөңгелек
немесе көп қырлы салалардан тұрады. Үстіңгі жағында жайпақ табақшасы
бар, оған шырақ қойылады43. Тұғырлар бедерлі өсімдік және әріп өрнегі-
мен әшекейленген. X—XII ғасырлардағы Отырардың моншаларын қазған
кезде табылған тұғырлар өнердің шынайы туындылары болып табылады.
Металдан жасалған көркемдік бұйымдар қатарында құмыралар ете на
зар аударарлық. Құйрықтебе қала жұртының XI ғасырдағы қабатынан та-
былған екі қола құмыра мыс өндеушілердің жергілікті еніміне жатқызыл-
ды. Бүл үлгідегі қүмыралар Таяу ІПығыстың Эрмитаж бен Меторополитен
М узейінің мұражайлық жинағынан мәлім көркемдігі жоғары бұйымдары-
на ұқсайды. Олардың жасалу мерзімі — X ғасыр44.
Жетісудан (Тараз маңы) бүйірі алмұрт бітімдес қүмыра табылды, оның
жоғарғы жағы қасқырдың басы түрінде орындалған. Қасқырдың көзі қызыл
мыстан салынған. Тұмсығының ұшына екі пальметтаның бейнесі және,
ішінде төрт нүктесі бар, жүрек тәрізді өсімдік оратылып ойып жасалған.
Жануардың кұлактары да жүрек тәрізді ширатылып безендірілген. Бүйірінде
медальон түріндегі әшекей бар, оған әрқайсысында жиырма шүңкырдың
ұшы енгізілген (сірә, шұңқырлар түрлі-түсті шыны көз салуға арналған ұя
болар). Құмыра XI—XII ғасырларда жасалған45.
Зергерлік кәсіп.
Қоладан, күміс пен алтыннан білезіктер, шолпылар,
сырғалар, қапсырмалар жасалған.
Талас аңғарының таулы бөлігінде, орта ғасырлардағы Шелже аймағын-
да күміс пен алтын кеніші болған. Бұл жерден күміс көп келемде қазып
алынып, оның Қазақстан, Орта Азия ж әне Орта Шығыс қалаларына тасы-
лғанын X ғасырдағы автор әл-М акдиси хабарлайды46. Бүл арадан кептеген
кен орындары табылды, кен кәсібінің құралдары жиналып, балқыту орын-
дары, күл-қоқыстар, астаушалар, балқыту пештерінің орындары ашылды47.
Ш ымкент кембесінен ж әне ПІу аңғарынан табылған, X—XI ғасырларға
жататын ширатпалы бұратылған күміс білезіктер назар аудартады48. Жеті-
су-Сырдария аймағына тән мұндай білезіктер неғұрлым кейінгі кезде де
жасалынған. Отырардан XIII ғасырдың басына жататын әш екейлердің
қызықты жиынтығы табылды. Бул - ұштарында сегіз қырлы басы бар қола
білезік, күрделі нақышталған, кола шарлар тізілген шаш ұстағыш, айшық-
ты шыны мен кегілдір ұнтактан қатырып жасалған моншактар49. Отырар
дан арабша әріптер таңбаланған, XI ғасырдағы белдіктің құйма тоғасы та
былды50. Ж ақсылық қала жүртын қазған кезде XI ғасырдың қабатынан калк
аны бар қола бадцақ табылды, онда руналық жазу жазылған51. Әшекейлердін
бір бөлігі қалыпта құйылған, олардың екеуі Таразда X—XII ғасырдың қаб-
атынан, біреуі Құйрықтебе қаласының орнынан табылды52.
Әшекейлердің ең кеп тобы — шыны мен түрлі-түсті тастардан — акык-
тан, жүзақтан, хрустальдан, кектастан, яшмадан, інжу-маржандардан жа-
салған моншақтар. Олар Отырарды, Қүйрықтебені, Қызылезенді, Талғар-
ды, Сүмбе мен Антоновканы қазған кезде табылды.
Сүйекті өңдеу мен сүйек ою кәсібінің дамығанын
ж абайы жануарлар
мен үй ж ануарларының кесіп алынған мүйіздерінің бейімделген нұскала-
рыны ң табылуы дәлелдейді. Садақтарға арналған сүйек қаптамалар та
былды; Қ ұйры қтебеде қоқы с төгілетін бір ш ұңқы рдан кесілген сүйек-
473
тер, қалақш алар ұшырасты. Талғардан сүйек түйреуіштер, шахмат тас-
тары табылды.
Тас өндеу, негізінен, орта ғасырлардағы калалардың жұрттарында ең
көп таралған олжалардың бірі — диірмендер жасауға келіп саяды. Олардың
ертедегі орта ғасырларда жасалған түрі бүкіл кейінгі ғасырлар бойында сақ-
талып қалды.
Сауда және ақша айналымы. IX—XII ғасырларда Батыс пен Шығысты
байланыстыратын Ж ібек жолы бұрынғысынша белсенді жұмыс істей бе-
реді. Бірақ енді одан кептеген тармақтар бөлініп шығады.
Ж ібек жолының Қазақстандағы бөлігі Газгирдтен басталып, Испиджа-
бқа, Таразға, одан Құланға, сонан соң Невакетке, Баласағүнға, Бедел және
Ақсу асулары арқылы Шығыс Түркістанға барады. Тараздан Бешташ ж әне
Кугарт асулары арқылы Ферғана аңғарына, ал Адахкес және Дех-Нуджи-
кет қалалары аркылы кимектерге баратын еді53.
Бұл жерден сауда жолдары Енйсей хакастарына бет алып, ол жакка әрбір
үш жылда бір керуен жібек апарып тұрды.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ аркылы Ж анкент-
ке жетті54. Усбаникеттен, Кедер мен Сығанақтан Қаратаудың теріскей бет-
кейіндегі калалар — Балаж бен Созаққа жол шығып, одан әрі Бетпакдала
аркылы Дешті Қыпшаққа барады. Ж анкенттен кимектерге шығатын жол
басталып, ол Сарысудан Үлытау етегіне ж эне Есілдің жағалауымен Ертіс
аңғарына өтетін55.
X
ғасырда Іле аңғары арқылы керуен жолы ететін болды. Мұнда жол
Шу аңғарынан Қордай асуы, Қастек және Сынтас арқылы келетін. Тал-
хизде керуен жолы тармақталып белінеді. Оңтүстік Іле жолы Есік, Ш елек
қалалары аркылы Кегенге, одан әрі Ш ығыс Түркістанға өткен. Екінші тар-
мағы Шелектен Сүмбе қаласына, одан әрі Алмалықка барған. Солтүстік
Іле жолы Жақсылық қаласына, Таңбалы-тас шатқалына беттеп, Іле аркы
лы еткен де, содан соң Екі-Оғыз ж әне Қаялық қалалары арқылы Алакөлдің
жағасымен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіс аңғарларындағы ким ек
терге барған. Солтүстік ж әне оңтүстік жолдар Ш електен Борохудзирге
апаратын жолмен қосылып, Іле аркылы еткелден.әтіп, одан әрі Көктал,
Өсек және Хоргос алқабы арқьілы Алмалыққа шыққан56.
Қазақстанның оңтүстігінде Испиджаб, Кедер, Отырар ж эне Ж анкент,
Оңтүстік-Батыста Тараз бен Баласағұн, Солтүстік—Шығыс Жетісуда Та-
лғар мен Каялық ең ірі сауда орталықтары болды.
Испиджабта жабық базар ж эне мата базары болған57. Испиджабтың ба
ска сауда орындары арасында тималар аталады. Бұлар карбас-маталармен
сауда жасалатын арнаулы орындары бар үлкен керуен-сарайлар болған58.
Әл-Макдиси айтатын рабадтар керуен-сарайлар осылар. Олардын, кейбіре-
улерінде нахшибтіктер мен самарқандықтар тұрған. Сонымен бірге Испид
жаб көпестері Бағдадқадейін товар апарып, ондаМервтен, Балхыдан, Бұхара
мен Хорезмнен барған көпестермен бірге Харб ибн Абдаллах әл-Балхи ра-
бадында тұрған59.
Отырар алқабы жөнінде деректемелерде «Фараб — бай өңір, оның бас
ты каласы Кедер деп аталады... — бұл көпестер жиналатын жер» делінген60.
Кедер деп саналатын Қүйрықгөбе каласы жүртының бір махалласынан сауда
дүңгіршегінің орны аршылды.
Алгаш рет дүңгіршектер Соғды мен Пенджикенттен қазып алынды61.
474
Қазір Онтүстік Қазақстан қаласында да дүңгіршектер болғаны белгілі. Мы-
салы, олардың бірі мынадай. Ол үйдің тұтас кабырғасына жапсарласып
жатыр. Оның көлемі 8,5 шаршы метр. Көше жағынан дүңгіршек ені 1,45 м
ойық аркылы қосылған. Солтүстік-батыс бұрышында қамба, оңтүстік-ба-
тысында сәкі бар.
Д үңгірш ектердің едендерінде ж ерош ақтар болған. Осында ж ерге
кемілген кеспектері бар кіш кене камбалар дүңгіршектермен байланысты.
Құйрықтөбе дүңгіршектерінде кеспектердің болуы әл-Макдисидің шығ-
армасындағы Кедердің «шарап дүңгіршектері» туралы хабарлайтын жол-
дарын еске түсіруге мәжбүр етеді62. Н ақсолар қазып алынған болуы мүмкін.
Сырдарияның төменгі ағысында Ж анкент белгілі сауда орталығына айна-
лады, онда хорезмдік көпестер тұрған63.
Бұрынығысынша Тараз транзиттік ірі сауда орталығы болып кала берді,
ол жөнінде деректемелерде «мұсылмандардың түріктерімен сауда жасай-
тын орны» ж әне «көпестер қаласы» деп жазылады. Тараз көпестерінің Ис-
фаганда өз тобы болған, ал соңғысыныңтұрғындары ІІІелжеде, Талас алқа-
бында сауда жасаған. Жетісудан Тараз аркылы Таластың жоғарғы ағысын-
да ендірілген күміс тасылған. Күміс өндіретін орталыктар Ш елже, Текаб-
кет пен Көл қалалары болған64. Осында ашылған балқыту пештерінің қүл-
қоқыстары деректемелердің хабарларын растайды63.
Іле аңғарында Талғар мен Қаялық сауда орталықтары болды.
Қалалар мен өлке арасындағы сауда кең дамиды. Қалаларға сипаттама
бергенде орта ғасырлардағы авторлардың ең алдымен базарларын сипат-
тап, сол жерлердің товарларына тән бағалар туралы хабарлайтыны кездей-
соқ емес66. Қалаға өлкеден ауыл шаруашылығы өнімі, негізінен астык, жеміс,
ет әкелінген. Егінші халық қала қолөнершілерінен кажетті бүйымдар —
керамика, шыны, зергерлік бұйымдар, әш екей заттар алып түрды.
Қала өмірінде даламен сауданың маңызы зор, ол калалардың өзінше бір
ауылдық өңірі болды. Сауда қала мен даланың екеуіне де пайда келтірді,
бұл жөнінен салжүк құжаттарының бірінде айтылады: «Олардын (көшпелі-
лердің) пайда келтіретін товарлары мен заттары отырықшы адамдардың
байльіғын, игілігі мен пайдасын арттырудың бір көзі. болып табылады.
Ш онжарлар мен жай халық осы игіліктер мен артықшылықтардан өз үлесін
алады»67.
Ж әрм еңке сипатында болған сауда көшпелі дүниемен шектес Сауран,
Ж анкент, Дех-Нуджикет калаларында мейлінше қызу жүргізілген. Испид-
жабқа мал шаруашылығы өнімімен бірге мал Дех-Нуджикет арқылы келіп
отырған68. Сауран оғыздармен сауда орталығы болды. Ибн Хаукаль оғыз-
дар Сауранға сауда жасау үшін келген деп атап өтеді69. Оғыздар Балаж ж әне
Берукет қалаларында да сауда жасаған. Ж анкент аркылы оғыздар Хорезм-
мен сауда жүргізген, ал Хорезм Қазақстан даласы, Еділ бойы, Хазария мен
славяндар дүниесі арасында аралық рөл атқарған70.
Жазиралар мен қалалардың халкы жылқы, мал, жүн, иленбеген тері, киіз,
текем ет, сүт енім дерін, құлдар алып отырды. Кейбір қалалар тікелей
көшпелілерден алынатын, не әкелінген шикізаттан жасалатын товарларды
сыртқа шығаруға маманданды. Мысалы, әл-М акдиси былай дейді: «Шаш-
тан жоғары сортгы шегірен ерлер, жебе салатын қорамсақтар мен шатыр-
лар (әкетіледі). Тері түріктерден әкелініп, иленеді... Ферғана мен Испид-
жабтан — ақ маталармен, қарумен, семсермен ж әне темірмен бірге түріктер-
475
ден ш ы ққан құлдар. Тараздан — еш кі терілері. Ш елж еден — күміс.
Түркістаннан, сол сиякты Хутталдан бұл жерлерге жылқы мен қашырлар
әкелінеді»71. Түріктердің жылкылары ерекше бағаланған. Кимектер сату
үшін жылқы өсірген72. Түрік қойлары да жоғары бағаланған. Истахри «Хора-
санға қой халадждардан әкелінеді, ал Мауараннахрға ет огаздар мен қарлұкта-
рдан... өздеріне керегінен көп мөлшерде жеткізіледі» деп хабарлайды73.
Көшпелілер экспортының маңызды бөліктері арасында мускус пен аң
терілерін атау керек74. Кешпелілер саудасының маңызды тағы бір бөлігі
қүлдар екені айтылады75. Дала тайпалары калаға металл жеткізіп отырған.
Оны өндіретін орталықтардың бірі Орталық Қазақстан болған76. Әл-Идри-
си кимектердің темір, күміс ж әне алтын өндіргенін айтады77. Көшпелілер
өз товарларына қалалық орталыктардан киім-кешек, маталар, астык, кала
қоленерінің бүйымдарын, сәндік заттар айырбастап алған.
IX—XIII ғасырдың басындағы кезеңге товар-ақша қатынастарының өсуі
тән, ол товар айырбасын ығыстырып шығарды. Казакстаннын ірі қалал-
арында теңге сарайлары болған. Испиджабта теңгелер соғылған, бұл іс
бірсыпыра үзіліспен XI ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған78.
Отырарда теңгелер соғу жалғастырылды. 1967 жылы Самарканд көмбесі-
нен Барабтың 222—223 жылдардағы саманилік теңгелері табылды79. Оты
рар және Кұйрықтебе калаларының жұртын казған кезде де нақ сондай
теңгелер табылған80. Бүл калада карахандар мен хорезмшахтар кезінде тен
ге сарайы одан әрі жүмыс істеді. Фарабтан 1164/65—1173/74 жылдарда Қар-
ахан мемлекеті кезінде соғылған теңгелер табылды, зерттеуш ілердің
пікірінше, тенге соғу 1210/11 жылдарға дейін жалғасканы мүмкін81. 1210
және 1217—1218 жылдарда Отырарда соғылған Мұхаммед ибн Текештің
теңгесі мәлім82. Яссыда хорезмшах соктырған тенге табылды83.
XI
ғасырдың 20-жылдарының аяғында Мауараннахрда дирхемнің сапа-
сы күртнашарлады. Онын қүрамындағы күміс 20 процентке дейін күлдыр-
ады. XI ғасырдың аяғына қарай «күміс дағдарысы» бүкіл мұсылман Шығы-
сын, соның ішінде зерттеліп отырған аймақтың қалаларын да камтыды.
Сондыкган XI—XII ғасырларда теңге бағамы алтынмен бейнеленіп, ол
қүнның бүрынғыдан кебірек елшеміне айналды. Оның айналыс кұралы
ретіндегі рөлі арта түсті84.
Жалпы IX—XIII ғасырдың басындағы сауданы сипаттай келгенде, бұл
уақыт үшін халыкаралық сауданың дамуы ғана емес, сонымен катар кала
мен даланы камтитын өлке арасындағы жергілікті сауданың да дамуы тән
екенін атап өткен жөн.
Егіншілік. Қала халқынын кобеюі ауыл шаруашылығының товарлы-
лығын арттыруды, жерді пайдаланудың барған сайын интенсивтендірілуін
талап етті, өйткені Онтүстік Қазақстанның бірқатар алкаптарында, сондай-
ак Оңтүстік-Батыс Жетісу қалаларының ұзын дуалдары шегінде суармалы
және өндеуге қолайлы жер кәлемі шектеулі болатын. М әселен, мамандар-
дың есептеуінше, Шу аңғарында өнделетін жердің жалпы көлемі 700 шар
шы метр, XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында өнделген жерге тең
болған, яғни «артық» жер болмаған, мұның әрбір егіншілік учаскесінен зор
товарлы кайтарымды талап еткені даусыз. Сондықтан колдан суару жүйесі
дамытылып, жетілдіріледі.
Отырар алқабында X—XIII ғасырдың басында суландыру жүйелері жаңа
элементтермен толықтырылады, су қүрылыстары салынады, басты және
476
аралық кашырткылар пайда болады, бөлгіш арнадан су бөлетін ұзын және
тар, тармакталған арықтар қазылады. Тармақталған суландыру жүйесін бөлу
егіс алқабын едәуір кеңейтуге, суармалы жердің пайдалы қайтарымын арт-
тыруға мүмкіндік берді85.
X—XIII ғасырларда Іле өзенінің төменгі ағысында ирригация дамиды86.
Бұрынғысы сиякты, қала ж эне ауыл түрғындары әз учаскелерінде бау-
бақша дақылдарын осірді, жүзім шаруашылығымен және үй жанында мал
осірумен айналысты. Қалалардың жұртын казған кезде Төменгі Барсхан-
да, Қызылөзен каласының жұртында шарап ашытатын орындардың калдық-
тары табылды, Степнинскоенің Актөбесінде екі шарап ашытатын орын
казып аршылды87. Қала тұрғындарының үйлерінде ұралар болып, оларда
астык, кептірілген жеміс корлары сақталған.
Қала ж эне ауыл түрғындары сондай-ак үй жануарларын — жылқы, сиыр,
қой, ешкі ұстаған. Қазып аршылған біркатар тұрғын жайларда кашалар мен
арнайы мал үстайтын коралар анықталды. Бүл жонінен Талғар елді мекені
мейлінше ерекше. Сонымен археологиялық материал Қазақстан тұрғын-
дарында ауыл шаруашылығы маңызды рол аткарғанын керсетеді.
5. СӘУЛЕТ Ө Н Е Р ІЖ Ә Н Е ҚҮРЫЛЫС. СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
Іргелі сәулет өнері соның алдындағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің
дәстүрлерінде дамыды. Түрлері мен кұрылымы жетілдірілді. Н ақ сол кез-
ден бастап сәулет-кұрылыс дәстүрлері мен жаңа идеологияның (исламның)
куатты ұштасуы негізінде сәулет өнері типологиясының негізі калыптасып,
ол содан кейінгі мыңжылдықта тура XX ғасырдың басына дейін дамып
келді88. Құрылыс онерінің одан кейінгі ілгері басуы, түрінің жаңаруы және
бұл орайда жасалған тәсілдердің жиынтығы жергілікті сәулет онері бағыт-
тарының даму ерекшелеріне байланысты шоғырланған сарыны бар Казак-
стан мен Орта Азия үшін бірыңғай стиль болдл>і. Уақыт ете келе шоғырла-
нған ерекшелік .барған сайын айқын корінетін ж әне нақты сипат ала берді,
мұның озі Оцтүстік Қазақстан мен Жетісуда XI—XII ғасырларда дербес
Солтүстік Түркістан дәстүрін боліп көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Қоғамдық және діни үйлердің сәулеті ислам ережелеріне ж әне «мұсыл-
ман Шығысы» елдері сәулет онерінің жалпы бағытына сәйкес дамиды. Діни
кешендер ерекше дамыды. Олардын, сәулеттік ұйытқысы жинақы немесе
аландардың шетіне орналаскан іргелі күрылыстардан тұрған.
Араб-парсы деректемелері X ғасырдың өзінде-ақ Оңтүстік Қазақстан
мен Жетісудың мешіттері бар калаларын атайды. Кейбір қүрылыстар осы
кезге дейін сақгалған. Мысалы, бір кезде соборлы мешіт болған Боран мүна-
расы. Ол X ғасырдың аяғында немесе XI ғасырдың басында, Жетісу халқы
жаппай мүсылмандандырылған кезеңде салынған. Бұл - Орта Азиядағы
іргелі мұнаралы сәулет өнерінің сақталып қалған барлық ескерткіштерінің
ең ертедегісі.
М ұнара жанында жүргізілген қазба жұмыстары ғимараттың жерасты
бөлігінің құрылымын анықтап берді, ол тастан ж ән е күйдірілген кірпіштен
қаланған алаң түріндегі іргетастан тұрған. Осы іргетасқа мұнараның жер
бетіндегі белігі, төменгі жағында екі баспалдағы бар сегіз қырлы жартылай
477
жерасты қабат пен сүйірлене жасалған цилиндр тұрқы түрғызылған, 22 м
болатын ол қазіргі кезге дейін сақталған. Есік жақтауы бес метрдей биікте
орналасқан, оған жанастыра койылған баспалдақпен немесе сакталмаған
мешіт қүрылысының төбесінен кірген, жоғарыға оралма баспалдақпен
көтерілген. Ғимарат күйдірілген кірпіштерді, оюлап-мүсінделген кірпішпен
қатарластыра каланып түрғызылған. Оның декоры кезектесіп отыратын
өрнекті және тегіс белдеулеп қаланған, мұның өзі Орта Азия мұнаралары-
ның көпшілігіне тән болатын89.
Мұнара төңірегіне шоғырланған кесенелердің орындары қазылды. Олар
дын жартылай жерасты белігі сақталған, бірақ құлаған үйіндісі мен деко-
рының сипаты ғимаратты қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Боран кесе-
нелерінің біріншісі төбесі шатырлы-күмбезді етіп жабылған мұнаралы құры-
лыс болған. Кесененің ішкі көрінісі әшекеймен және ішінара кызғылт-
қызыл түске боялған ганчты ойып безендірілген.
Боран кесенесінің басқа екеуі өзгеше үлгіде: бүкіл төбесі биік барабан-
да ш аты рлап-сүйірлеп ж абы лған п ор тал д ы -ц и л и н др тә р ізд і саған а
үлгісінде90. Порталдар екі жағынан үш ширектік бағандармен қорғалған,
бағандар сәнді жақтаулармен, мүсіндеп қаланып, оюлы ганч пен оюлы
кішкене кірпіштерге үштастырылған ширатпалармен безендіріліпті. Кесе-
нелердің мерзімі - Х І-Х ІІ ғғ.91
Талас аңғарының діни қүрылыстары арасында Жамбыл каласының ба
тыс жағында 18 шакырым жердегі Бабаджа-қатын және Айша-бибі кесе-
нелері ерекше назар аударуға лайық. Бабаджа-қатын кесенесі — күйдірілген
кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар әсем күмбезді ғимарат. Төрт
жағында кабырғалардың ішкі ж әне сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы
куыстар бар. Ішке шығыс жактағы есіктен кіреді. Ол бұрыштарында сүйір
қуыстары бар арка тәрізді. Кесене көп қырлы аласа барабанға қойылған
шатырлы күмбезбен жабылған. Күмбез сыртынан күйдірілген текшелер-
мен қапталған. Кесене X—XI ғасырларда салынған деп саналады92.
; Қасында тұрған Айша-бибі кесенесі ішінара сақталған. Күмбезі қүлап
түсіп, қабырғалары тұр. Құрылыс шаршылып жоспарланған. Қабырғала-
рдың бүрыштары терт ширектік бағандармен безендірілген. Қабырғаларға
терең аркалы жақтау-куыстар салынған. Батыс жақтаудың ішкі жағынан
михраб үласып жатқан куысы жартылай арка және бұрыш дөңестері түрінде
жартылай күмбездептолтырылған. Ж ақтаушаның үстіңгі қырлары мен бағ-
андары оюланған балшық блоктардан жасалған. Кесененің сыртқы кабы-
рғалары түгелдей оюлы терракот текшелермен қапталған. Кесененің ішінде
күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған шағын құлпытас сақталыпты.
Кесене XI—XII ғасырларда салынған деп саналады93.
Орта ғасырлардағы іргелі құрылыстар туралы сәулеттік археология қосы-
мша мәліметтер береді. Қ азақстанны ң оңтүстігі мен Жетісудағы қазба
жүмыстары барысында мешіттер мен моншалар аршылды. Кедер деп сана-
латын Құйрықтебе қаласының жұртынан ең ертедегі мешіттің орны қазы-
лды. Ол шахристанның орталығында орналасқан. Мешіттің қабырғалары
күйдірілген және шикі кірпіштен араластырып қаланған. Мешіттің көлемі
36,5x20,5 метрге тең. Мешіт оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытын-
да созылып жатыр. Мешіт ішінен еден эр жерден ғана аңғарылды. Мешіттін
солтүстік-батыс жартысы жақсырақ сақталған, онда еденнен күйдірілген
кірпіштен қаланған 16 бағанның табаны аршылды. Барлығы50негіз: қысқа
478
қатарында 5, ұзынында 10 негіз болды. Бағандардың арасы 3 метрден 3,2
метрге дейін ауытқиды. М ешітке жүргізілген қазба жұмыстары кезінде X—
XII ғасырдың басындағы керамика кешені табылды. Соборлы мешіттің са-
лынған уақыты X ғасыр деп бағдар алғанда, кейінгі, «жоғарғы» мешіттің
мерзімін XI—XII ғасырлар деп санауға болады94.
Талас аңғарындағы Өрнек қаласының жұртын қазған кезде сондай мешіт
табылды. Өрнек Тараз бен Құланның арасында орналаскан қарлұқтардың
Көлшөп қаласы деп саналады. Мешіттің көлемі — 40x20 м. Мешітке оңтүстік
жағынан кіреді, ол үзындығы 3,5 м ж әне ені 3 м дәліз түрінде жасалған.
Мешіттің еденінен бағандардыңтас негізі табылды. Олардың екеуі тас блок-
тар түрінде, біреуінің қабырғасында жапырактар бейнеленген, екіншісінің
қабырғасына антропоморфтық бет ойып жасалған. Үшінші негіз екі саты
лы блок түрінде орнатылған. Қалған бағандардың табандарына жалпақ тас-
тар төселген. Барлығы 55 баған болған, олардың арасы 3—3,5 метр.
Құйрықтөбе мен Өрнек мешіттері діңгекті немесе бағанды құрылыста-
рдың үлгісіне жатады. Мұндай мешіттердің көлемі бағандар арасындағы
төбенің стандартты шаршылары санымен анықталды, олардың аралығы 3,5
метрден 4,6 метрге дейін болды. Оларға Сурхандария облысындағы Сапол-
тепеден табылған мешіттің өте үқсастығы байкалады. Көлемі жағынан ол
біршама үлкенірек: 50x25 м. Оның мерзімі XII ғасырдың басы деп санала
ды. Осы үлгідегі кейініректегі кұрылыстардан Құйрыктебедегі мешітке Хиуа
мен Хазараспадағы XVIII ғасырда салынған Ж ұма мешіт, Үргеніштегі XX
ғасырдың басында салынған мешіттер жақындайды95.
Аталған кезеңде Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда бол
ды. Олар Орта Азияда сәл бүрын салына бастаған96. Үлкен қалаларда мон
шалар ондап саналған. Ш ығыс қаласында монша қоғамдық құрылыстар
қатарында көрнекті орын алды97. Қазба жұмыстары кезінде Отырардың
рабадынан XI—XII ғасырлардағы екі монша аршылды. Нашар сақталғаны-
на қарамастан, солтүстік рабад аумағындағы моншаның жоспарлануы жал
пы белгілері жағынан анықталды. М онша балшық қабаты төселіп, тегіс-
телген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстік бағыты бойы
нша 11,5 м, ал шығыстан батыс бағьггы бойынша 16,5 м, әлем елдеріне қар-
атып бағдарланған. Жоспарланған негізі крест сияқты етіп алынған. Орта-
дағы жай жанасатын тұсынан басқа терт белмемен қосылған. М оншаның
ішінде шешінетін, тынығатын кең белмелер, шомылатын залдар, пештің
оттығының үстіне орналастырылған шабынатын белмелер болған. Н ақ әлгі
терт белме сол міндеттерді атқарған. Моншаның шығыс жағына оггық және
су құятын бешкелері бар белме орналаскан. Осы жерден моншаны сумен
жабдықгаған кұдықтың орны қазып алынды, оны ң қабырғалары күйген
кірпішпен қапталған. Сарқынды су моншадан қүбыр жолы арқылы үйдің
сыртындағы су сіңіргіш шүңқырға ағызылған. М оншаны қыздыру үшін
еденнің астындағы жылу еткізгіш каналдар жүйесі қолданылған. Монша-
ның жоспарлануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу ж эне Орта Шығыстың
моншаларымен ұқсас98.
М онш аның оңтүстік ж ақ жанында тағы бір қүрылыс орналасқан, сірә,
оны кір жуатын орын деп санауға болар. Ол тікбүрыш ты, екі бөлмелі,
көлемді 4x14,5 м. Бір белмесінде тандыр пеш орналасқан, қатарынан екі
кеспек, бөлме ортасына тагор қойылған. Екінші белмеде, солтүстік жақ-
тағы бұрышында су сақтайтын орын болған. Оңтүстік ж эне батыс қабырғ-
Достарыңызбен бөлісу: |