Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76

491

ж әне Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында неф­

рит  кеніштерінен  кен  қазылуы  себепті  жолға  койылған  еді.  Бадахшанда 

өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға 

шығарылды.  I  мыңжы лдықтың  орта  шенінде  Бадахш анның  көктасы  

Қытайға апарылады2.

Орта  Азия  мен  Орта  Шығысты  Жерорта  теңізімен  ж әне  Үндістанмен 

жалғастырған  «Көктас  жолымен»  катар  Ш ығыс  Түркістанды  Қытаймен 

байланыстырған «Нефрит жолы» да болды3.

Б.  з.  б.  I мыңжылдыктың орта шенінде  «Дала жолы»  жандана бастады, 

егер  тарихтың  атасы  Геродоттың  суреттеуіне  ден  қойсақ,  оның  мынадай 

бағыты айкын болады:  ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан соң 

Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматгар жеріне, Ертіске карай,  одан әрі Ал- 

тайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер елі- 

не шыққан. Бүл жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы 

металдардан жасалған бұйымдар таралған4.

Таяудағы  кездің  өзінде  ж ібектің  ойлап  табылуы  ж әне  онымен  сауда 

жасау б.  з.  б.  I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді.  Алайда 

Тайху көліне жакын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын 

жүргізген  кытай  археологгары  неолит дәуіріне  жататын  жібек  маталар, 

белдік пен тоға тапты.  Матаның мезгілі — б.  з.  б.  2750+100 жж. Оған жаса- 

лған талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек 

тоқу қарапайым сатыдлн  шыққанын дәлелдейді.  Б.  з.  б.  V I - V  ғасырларда 

қытай жібегі басқа елдерге,  соның  ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. 

Алтайдағы Пазырық «патшалык»  обаларының б.  з.  б. V ғасырдағы деп са- 

налатын  біреуін  казған  кезде  феникс  кестеленген  жібек  көрпе  табылды. 

Оңтүстік және Батыс Европа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардағы кабі- 

рлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақ- 

тар шықты.

Қымбат тұратын жібектердіңтаралуына сактар мен скифтердің көшпелі 

тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орталык Азия мен Жерор­

та теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.

Алайда, V l-IV   ғасырлардағы Ж ібек жолы туралы айтуға бола қоймас, 

қымбаттоварлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан 

өткен және Хуанхэ езенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс 

және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп 

өткен де,  гректер  мен  этрускілер  жеріне  жеткен деп  шамалау дұрысырақ 

болады5-

Жібек Үндістанға сол кезде барған, мүны «сина патто» — «қытай жібегі» 

деген сөз дәледдейді.

Б.  з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дипломатия- 

лы к және  сауда жолы ретінде  пайдаланыла  бастайды.  Ал  бәрі  138 жылы, 

император  У-ди  Батыстың  беймәлім  елдеріне  жіберген  Чжан-Ц зянға ер- 

ген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталған еді. Чжан-Цзян

13  жыддан кейін қайтып оралды.  Ол қазіргі  Ауғанстан аудандарына дейін 

жетіп,  Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура 

жолмен жүріп өтгі. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер ат- 

танып, ал Қытайға Жерорта теңізі жағасынан, Таяу ж әне Орта Шығыстан, 

Орта Азиядан товарлар әкеліне бастады6.

К әп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиддағы Зеравшан және Қашқ-

492


адария  аңғарларында  орналасқан  ел  —  Соғдыдан  шыққан  саудагерлердің 

колына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» қалаларда 

ж әне  Қытайдың  Ланчжоу,  Дунхуан,  Чаньан  сияқты  қалаларында  сауда 

колониялары  болды.  Мысалы,  Дунхуанда  мыңға  тарта  соғдылар  тұрған. 

Соғдылар Ж апонияға өткен, жібек  жолы жапондардың ертедегі  астанасы 

Нараға жетіп аяқталған.  Осындағы  бір ғибадатханада соғды тілінде жазы- 

лған қолжазба сақтаулы.

Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жол­

дары байланыстырып жатгы.  «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол аркы­

лы  Византияның,  Иранның,  түрік  қағанаттары  мен  соғды  княздіктерінің 

Бохай мемлекеттерімен  ж әне  Ж апониямен  байланыстары  жүзеге  асыры- 

лған. VI ғасырда «Бүлғын жолының» теңіздегі бөлігі «Жапонияға баратын 

жол» деп аталған7. II—V ғасырларда Ж ібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, 

Чаньаннан  басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ аркылы өтетін өткелге, 

одан  әрі  Нань-Ш анның  солтүстік  сілемдерін  жағалап,  Үлы  Қытай  қорғ- 

анының батыс  шеті мен  «Яшма кақпалары  бекетіне»  беттеген.  Осы  арада 

бір жол айрылып, Такла-М акан ш өлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап 

кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары аркы­

лы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашқарға, Аксуға және 

Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунху­

ан,  Хотан,  Ж аркент  арқылы  Бактрияға,  Үндістан  мен  Жерорта  теңізіне 

шыққан, бұл — «оңтүстік жсл» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашға- 

рдан  Ферғанаға және одан  әрі  Самарканд,  Бұхара,  Мерв арқылы Хамада- 

нға, Сирияға барған8.

VI—VII  ғасырларда,  Ферғана  аркылы  өтетін  бұрынғы  жол  төте  ж әне 

қолайлы болғанымен,  Қытайдан  батысқа Жетісу  мен Оңтүстік Қазақстан 

арқылы өтетін ж ол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мы­

надай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағанд- 

арының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар 

бақылап  отырды.  Екіншіден,  Ферғана  арқылы  өтетін  жол  өзара  қыркыс 

салдарынан VII ғасырда қауіпті болды9.  Үшіншіден, түріктердің бай қаға- 

ндары  мен  олардың төңірегіндегілер теңіздің  арғы  жағының  товарларын 

ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.

Сөйтіп бүл басты жолға айналды да, елші ж әне сауда керуенінің негізгі 

көпшілігі  V II-X IV   ғасырларда  осы  жолмен  жүрді.  Ж ібек  жолының  бүл 

бағыты бір орнында тұрактап қалған жок, ғасырлар ішінде белгілі бір учас- 

келері мен тармақтары алма-кезек мейлінше үлкен маңыз алып, керісінше, 

басқаларымен жүріс тоқтап қадды, ал олардың бойындағы қалалар мен сауда 

бекеттері құлдырауға ұшырады. М әселен, VI—VIII ғасырларда негізгі бағыт 

Сирия -  И ран -   Орта Азия  -   Оңтүстік  Қазақстан  -  Талас  аңғары  -   Ш у 

аңғары -   Ы стықкөл ойпаты  -   Ш ығыс  Түркістан  болды.  Бүл  жолдың бір 

тармағы, дәлірек айтқанда, тағы бір бұтағы жоғарыда айтылған жолға Ви- 

зантиядан Дербент арқылы Каспий өңірі даласы — Маңғыстау — Арал өңірі

—  Оңтүстік Қазақстанға шықты.  Иранға қарсы  Батыс түрік қағанаты мен 

Византия  сауда-дипломатиялық  одақ  жасасқан  кезде  ол  ж ол  сасанилік 

Иранды айналып өтгі.  568 жылы  Константинопольге император II Юсти- 

нианның (565-576) сарайына түрік қағаны Дизабулдан соғдылық Маниах 

бастаған  ел ш іл ік  келді,  М аниах,  қы тай  ш еж ір еш іл ерін ің   айтуынш а, 

«...түріктерді  үйретіп,  бағыттап  отырғандардың»  бірі  болған.  Алайда  бұл

493


жолы түріктер де, соғдылар да жібекпен көп молшерде сауда жасауға бай­

ланысты  ортақ максат  кездеді.  Ол  бұлардьщ  екеуіне  де  орасан  көп  кіріс 

келтіретін еді.

Ж ібектің  бір  белігі  Қытайдан  келіп  түсетін,  басқа  бөлігі  Ш ығыс 

Түркістан қалалары мен Соғдының өзінде дайындалатын, бүл орайда оны 

өндірудің өскені сонша, оны өткізу өткір проблемаға айналды. Оны жібекті 

ең ірі түтынушы -  Византияға сатуға парсылардың кедергі жасауы терең- 

дете түсті. Оған өте накты себептер болды, өйткені жібек Византияға сарай 

мен  ақсүйектердің  қажеттері  үшін ғана  емес,  сонымен  қатар тағылардың 

әскерлерін жалдаған кезде валюта ретінде де қажет еді, олар бірінші кезек­

те Иранмен соғыста пайдаланылатын-ды. Егер парсы үкіметі жібекпен емін- 

еркін өткізіп сауда жасауға рұқсат етсе және жібек Византияға дейін жет- 

се,  «онда  бірнеше  жылдан  кейін  Евфратта  сансыз  көп  жалдамалы  армия 

тұрар еді де, оған тойтарыс беруге Иранның бүкіл күші жетпес еді».

Сондықтан  түріктер  мен  соғдылар  парсылармен  уағдаласа  алмады  да, 

түріктер  Византияға  Маниах  елшілігін  жібереді.  Ол  Иранды  және  оның 

бақылауындағы жерді  айналып  өтіп,  Жетісудан  Сырдария  бойымен  Арал 

өңіріне,  Маңғыстау  аркылы  Каспий  өңіріне,  Солтүстік Кавказға,  Кавказ 

жотасы арқылы Константинопольге жетті. Елшілікті жақсы қабылдаған II 

Юстиниан Талас жағалауындағы қаған ордасына өз елшілігін аттандырды. 

Сейтіп, «түріктердің гректерге» баратын жаңа жолы жұмыс істей бастады. 

Оның бағытын археологиялық олжалар жақсы көрсетеді, олар әсіресе К ав­

каз  жотасының  етектерінде  кеп,  онда  Мощевая  балка  қорымы  ашылды. 

Одан жібек бұйымдар, жібек матаға салынған суреттің киындылары, кытай 

көпесінің кіріс-шығыс жазбалары жэне VII—X ғасырлардағы басқа да кәпте- 

ген шетелдік заттар табылды10.

Бұл жолдың бойында Сырдарияның үлкен де бай калалары тұрды, олар 

туралы біраз кейініректе XVI ғасырдағы тарихшы Рузбихан былай деп жаз- 

ды:  «Ходжент  (Сырдария)  езені  Түркістан  бекіністерінің  арасынан  ағып 

өтеді.  Сейхун өзенінен қазып шығарылған арналардың жағасында сондай 

асқақ көрінетін аса биік замоктар сияқты биік б-гкіністер ортасынан ағып 

жатқан өзен жұмактың куаныш-шаттығын айтып тұрғандай».

Кейініректе, IX—XII ғасырларда бұл жол «Тянь-Шань» жолына Карага­

нда азырақ пайдаланылатын болды".  Бірақ XIII—XIV ғасырларда ол қайта 

жанданады.  Қүрлықтағы  саяси жағдай  елшілердің,  көпестердің  жэне  ба­

ска да саяхатшы адамдардын жол таңдауын аныктап берді.

Ал  Қазақстан  Жібек  жолы  ауқымына  кірер  карсаңда  оның  оңтүстігі 

кандай болған еді? Бұрын атап өтілгеніндей, мұнда ежелден  өзіндік мәде- 

ниет дамып, оның қалыптасуына көшпелі тайпалар мен отырыкшы халық- 

тар катысты.  Бұл  ретте  этникалық тұрғыдан  алғанда  көшпелілер де,  оты­

рыкшы  тұрғындар да  біртектес  еді  немесе  бір  үлгідегі  этникалық-саяси 

күрылымдар шеңберінде біріккен болатын. Отырықшы және көшпелі мәде- 

ниеттердің өзара әсері мен бір-бірін байытуы дүниежүзілік прогрестің сара 

жолы болды. Мүндай кірігудің қойнауында өркениетгің Қазақстан мен Орта 

Азия халықтары жасаған көптеген жетістіктері, сондай-ақ оны мекендейтін 

халыктар  этногенезінің бастаулары  жатыр.  М әселен,  б.  з.  б. VI—III  ғасы- 

рларда мүнда сақтардың көшпелі ж эне жартылай  көшпелі тайпалары ме- 

кендеді,  олардың  жоғары  мәдениеті  көптеген  обалы  ескерткіштерді  қазу 

арқылы мәлім,  олардың арасында Бесшатыр, Есік,  Түгіскен, Үйғарақ бар.

494


Сактардың Қытаймен, Үндістанмен, Таяу ж әне Орта Шығыспен сол кездің 

өзінде-ак байланыстары болған. Мұны сақ шонжарларының қабірлерінен 

табылған  қытай. айналары,  Орта  Азиядан,  Ираннан  әкелінген  көркемдігі 

жоғары шетелдік бүйымдар дәлелдейді.  Түгіскендегі шикі кірпіштен кал- 

анған іргелі жерлеу құрылыстары оларды салуға жатжерлік шеберлерінің 

тартылуы  туралы  ойға  жетелейді.  Усун  ж әне  Кангюй  мемлекеттері  өмір 

сүрген уақытта б. з. б. II — біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші 

жартысында,  Ж ібек  жолы  қызу  пайдаланыла  бастаған  кезде,  мүнда  Рим 

шынысы  мен  теңгелері,  кытай  жібегі,  айнасы  мен  лакталған  ыдыс-аяғы, 

Европаның фибул-ілгектері  және Ираннан оймышталып-басылған тастар 

әкелінеді.

Бұл кезенде Ш у, Талас және Сырдария аңғарларында кдлалық орталық- 

тар қалыптасады, оларға мұнаралы дуалдармен қоршалған егіншілік қоны- 

стар негіз болған еді. Қазір олардың көпшілігі Тянь-Ш анның тау етегіндегі 

өңірінен, Арыс аңғарынан, Сырдарияның орта ж әне төменгі ағысынан та­

былды.  Бұл қалалар Арал өңірінің күргақ шел  аймағында, Жетіасар алқа- 

бында әсіресе жақсы сақталған. Олардың күн күйдірген сары дуалдары осы 

кезге дейін асқақтап тұр, сүйір ұшты мүнаралардың үңірейген кездері жа- 

зық далаға қарайды, ал тақырлардың астында ертедегі зор мазарлар жасы- 

рынып жатыр.

VI  ғасырдың  екінші  жартысында  Қазакстан  Кореядан  Қара  теңізге 

дейінгі кеңістікті  камтыған  орасан зор кешпелі  империя Түрік қағанаты- 

ның құрамына кірді.  VI ғасырдың аяғында  Қағанат екі  белікке  — Шығыс 

түрік ж әне  Батыс түрік қағанаттарына белінеді.  Соңғысының орталығы — 

Жетісу, ал астанасы Суяб каласы болады.

Ж ібек жолы учаскесі н ақ сол кезде жанданып, ол Жетісу мен Оңтүстік 

Қазақстанның  қалалық  феодалдық  мәдениетінің  дамуында  маңызды  рел 

атқарды. Жетісуда ол толып жатқан қалалық орталықтардың пайда болуы- 

на түрткі болды, ал Қазақстанньщ  оңтүстігінде не жол бойында болған, не 

оған сауда тармақтарымен байланысты қалалардың тез есуіне себепші бол­

ды.  ■

Егер  батыстан  шығысқа  карай  қарағанда,  Ж ібек  жолының  Қазақста- 



ндағы  белігі  міне  былайша керінеді.  Ж ол Ш аштан  (Ташкенттен)  шығып, 

Түрбаттағы асу арқылы Ж ібек жолындағы аса ірі  орталықтардың бірі  И с- 

пиджабқа  беттейді.  Мұнда  түрлі  елдердің  саудагерлері  тоқтаған,  қалада 

Бұхараның,  Самарқандтың  кепестеріне  қарасты  сауда  құрылыстары  мен 

керуен-сарайлар  болды,  ал  Испиджаб  кепестері  Мерв,  Балх,  Бұхара  мен 

Хорезм кепестерімен бірге Бағдаттағы Харба ибн Абдаллах әл-Балхи раба- 

дында е з факторийін үстаған. Испиджабтан құлдар, ақ маталар, кару, сем­

сер, мыс  пен темір тасылған.  Испиджабтан  керуендер  Ш ығысқа,  Ш арап, 

Будухкет қалалары, Тамтаж ж әне Абараж керуен-сарайлары арқылы Тара- 

зга беттеген.

Талас аңғарында Ж ібек жолыньщ бойындағы бірінші ірі қала Жувикат 

болатын,  одан еткен сон Таразға барған.  Бұл -   Қазақстанньщ  ежелгі қал- 

аларының бірі,  ол VI ғасырдың езінде-ақ белгілі болган.  II  Юстинианның 

Иранға қарсы әскери одақ құру ж әне жібекпен сауда жасасу туралы мөсе- 

лелерді  ш еш у  үш ін  келген,  стратег  Земарх  бастаған  дипломатиялы қ 

елшілігін түрік қағаны Дизабул 568 жылы нақ осында қабылдаған. Дерек- 

темелерде Тараз «кепестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге, ол түргеш-

495


тердің, ал  содан соң қарлұктардың  ж әне  қарахандардың  астаналық орта- 

лығы болған.

Тараздың маңында Бүхарадан шыққандар негізін қалаған Жамукет кал- 

асы тұрды.  Ол VI ғасырдың өзінде-ақ аталады, оның негізін Бұхара соғды- 

лары қалаған, оларға Ж амук деген кісі басшылық етіп, қала да соның есімі- 

мен аталған.  Археологтар Ж амукеттің жұртын Талас  аңғарында, Жамбы- 

лға жақын жерде, Талас өзенінің оң жағалауында, Сарыкемердің қарсысы- 

нан тапты.  Оньщ қираған  жұрты қазір  Костөбе  деп  аталады.  Бұл  қалала- 

рдан басқа Талас аңғарында, аңғардың ірі күміс кеніштері орналасқан тау­

лы бөлігінде Ш елже,  Сус,  К ел және Текабкет сияқты белгілі қалалар  бо- 

лған.

Аңғардың  жазық  жағында  Атлах  қаласы  тұрды,  оның  дуалы  түбінде, 



бұрын атап өтілгеніндей, 751 жылы арабтардың қытай әскерлерімен ықпал 

өрісі  жолындағы  шайқасы  өткен.  Таразға жакын  жерде,  Таластың  бойы- 

мен төмен қарай солтүстікке бет алатын сауда жолында Адахкет және Дех- 

Нуджикет  қалалары  болған,  ал  монғолдар  кезінде  деректемелерде  Янги, 

Янги-Балық және  Кенжек қалалары аталады.

Талас аңғарындағы Таразға керуендер Касаннан Ш атқал жотасындағы 

Шанаш және  Талас  Алатауындағы  Қарабура асуы  арқылы  Ферғана аңға- 

рынан келетін жолмен де барған. Жолдың бұл бөлігі Ж ібек жолының «Фе­

ргана» және «Жетісу» бағыттарын қосып жатты.

Тараздан шығысқа қарай шыққан жол шол жерлермен Құлан қаласына 

бет алады. Тараз бен Кұлан арасындағы жер қарлұқтардікі болатын. Құланға 

баратын  жолда Касрибас,  Көл-Ш өп, Ж ол-Ш өп арқылы өту керек болды. 

Касрибастың жұрты Қырғыз жотасын бойлай еткен ертедегі жол бойында 

түр  және Ақыр  тастың  қираған жұрты ретінде  мәлім,  ол тастан  каланған 

қүрылыс болып табылады, жоспарлануына қарағанда, сірә, бір кезде замок 

болса керек. Көл-Ш епке Өрнек қаласының орны сәйкес келеді, оны қазып- 

аршу оның сипатын керсетті: бұл -  мешіті, жасақтарға арналған казарма- 

лары және теңірегінде қоленершілер мекені бар әдеттегі бекіністі орда.

Қытайлар Цзюйлань деп атаған Қүлан қаласы «түріктер елінің Мауаран- 

нахр  жағындағы шекарадағы  сүйкімді  қалашық»  ретінде  белгілі.  Жолнұ- 

сқаларға қарағанда,  ол Тараздың шығыс  жағында  17 фарсах жерде жатыр 

және .Құлан  ауылының  шығыс  шетінде  орналасқан  Луговое  қаласының 

жүртына сәйкес келеді.  Құланнан  әрі  шығыс  жақта бір-бірінен 4  фарсах 

жерде Мирки және Аспара қалалары тұрған.

Жоддан белінген бір тармақ Сарыққа, сонан соң «түрік қағанының коны- 

сына»  және Қырмырауға барады.  Қырмыраудан  шыққан  жол  Жетісудың 

аса ірі кзлаларының бірі Невакетке — қытайша Синчэнге апарады. Бұл атау- 

дың екеуі де Жаңақала деп аударылады. Невакет түрік қағандарының орда­

сы  ретінде  және  соғдылардың  қаласы  ретінде  белгілі.  Сәті түсіп анықта- 

лғанындай,  Невакетке қазіргі Қызылезен ж әне Новоивановка ауылдары- 

ны ң арасына орналасқан Қызылезен қаласының жұрты сәйкес келеді.

Невакеттен шыққан жол Пенджикент (Бунджикент) арқылы Жетісудың 

аса ірі қаласы Суябқа жеткізген. Ол батыс түріктерінің, сонан соңтүргеш - 

тердің, карлұқтардың астанасы болған.  Ол женінде  кытай ж әне араб  сая- 

хатшылары тура X ғасырға дейін жазады да, сол кезде қала кенеттен шежі- 

релердің бетінде көрінбей кетеді.  Астана релі Баласағүн қаласына кешеді, 

ертеректе оның  аты, сірә,  Беклік немесе  Семекна болса керек.  Баласағұн

496


қарахандардың,  сонан  соң  қарақытайлардың  астанасы  ретінде  белгілі,  ал 

XIII ғасырдың басында оны қиратқан да қарақытайлар болатын. Аз уақыт- 

тан кейін қала қайта салынды, бірақХ ІУ  ғасырдың өзінде-ақ ол қирап жат- 

ты ж эне жартылай қираған сарайлар, мешіттер мен мұнаралар ж әне эпита- 

фиялы ауқымды зираттар ғана мұнда жуырда өмірдің қызу қайнап жатқа- 

нын көрсететін еді.

Сәті түсіп археологтар бұл калалардың орналасқан жерін де анықтады: 

олар қазіргі Тоқмаққаласына жақын жерде жатыр жэне орта ғасырлардағы 

белгілі екі ескерткішке — бір-бірінен 5 шақырым кашықтықта орналасқан 

Ақбешім ж әне Боран калаларының жұртына сәйкес келеді.

Ж ібек  жолы  Суябтан  шығып,  Ыстықкөлдің  не  солтүстік,  не  оңтүстік 

жағасымен жүреді. Оңтүстік бөлігінде керуендер Жоғарғы Барсханнан ірі 

қаладан өткен, ал солтүстік бөлігі аттары бізге дейін жетпеген шағын керу- 

ен-сарайлардың  жұртгарымен  белгілі.  Содан  соң  бұл жолдар  Бедел  асуы 

жанында  тоғы сқан  да,  сол  арқылы,  не  Ташрабат  арқылы  Ж ібек  жолы 

Қашғар мен Ақсуға апарған.

Ы стықкәл  ойпатынан  жол  Сәнташ  асуы  мен  Қарқара  аңғары  аркылы 

Іле аңғарына, содан соң Іленің оң жағалауымен Өсек және Хоргос арқылы 

Алмалыққа  жетіп,  одан  кейін  Такла-М акан  шөлінін  солтүстік  шетімен, 

Хами ж әне Тұрфан жазирасы арқылы Дунхуан мен Қытайға барған.

X—XII  ғасырларда  Ж ібек  ж олыны ң  бір  тармағы  бүкіл  Іле  алқабын 

оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай кесіп өткен. Тармақ Невакет- 

тен басталып, сонан сон, Бунджикетке барып, Қастек асуы арқылы Іле Ала- 

тауының солтүстік беткейлеріне жеткен. Асуға Баласағұннан тағы бір жол 

шыққан. Бүл арада бағдар алатын белгі қасиетті Үрынарж таулары болған, 

ол таулар ІПу ж әне Іле өзендері алаптары арасындағы су айрығын қүраған. 

Бұл  таулар  туралы  сонау  VII—VIII  ғасырларда  қытай  жолнұсқаларында 

айтылып,  оларды  «Цзедань  таулары» деп  атайды.  Мұнда  деректемелерге 

сәйкес он рудың қағаны әрқашанда билеушілер мен ақсақалдарды бекітіп 

отырады.  Үрынарж топонимі қазіргі Үзынағаш қонысының атауында осы 

кезге дейін сақталған. Ж ібек жолыньщ сілемі Қастек, Қаскелең ж эне Ал­

маты орындарындатүрған шағын қалашықтар арқылы өтіп, Талғар қаласы- 

ның солтүстік шетінде  орналасқан  Талхир  қаласына жеткен.  Осында Та- 

лғар өзенінің оң жағалауындағы тау етегінде орта ғасырлардағы үлкен қал- 

аның қираған жұрты жатыр.  Талхиз (Талхир) транзитті сауданың ірі орта- 

лығы болған.

Іле  аңғарына  басқа  жолмен  де  келген  —  ол  Құланнан,  Аспарадан  не 

Нузкеттен НІудың орта ж әне төменгі ағысындағы қалаларға барған. Ташөт- 

кел  өткелінен  өткен жол  Ш у-Іле  тауларының  солтүстік  беткейлеріне  ба­

рып, солтүстік Балқаш өңіріне түскен.  Шуды бойлап төмен қарай жүрген 

жол Қаратаудың теріскей бетіндегі қалаларға шығарған.

Талхизде Ж ібек жолы тарамдалған.  Оңтүстік ж ол Есік, Түрген, Ш елек 

арқылы Борохудзир маңында Іледен өтетін өткелге қарай жүріп, сонан сок 

ол Іленің оң жағалауымен Хоргос арқылы Алмалыкқа беттеген де осы жақка 

ЬІстықкөл аңғарынан келе жатқан жолмен қосылған. Осы бөліктен архео­

логтар шағын Есік, Түрген, Лавар қалашықтары мен үлкен Ш елек қаласы- 

ның қираған орындарын тапты. Іленің оң жағалауымен жол қазіргі Көктал 

қонысы мен Ж аркент қаласы аркылы өткен. Көктал өңірінде Ілебалық кал­

асы тұрған.  Солтүстік жол Талхизден Талғар өзенінің бойымен Іле өзенін-

497


дегі өткелге дейін жеткен, өткел Қапшағай шатқалында орналаскан. Содан 

кейін  жол  Ш еңгелдіге  барып,  одан  ары  Алтынемел  асуы  арқылы  Көксу 

аңғарына түскен де, қазіргі Дунгановка ауылының орнында тұрған Екі-Оғыз 

қаласына жеткен.  Нақ осы жерден Іле алқабындағы аса үлкен бір қаланың 

жұрты  табылды.  1253  жылы  барған  Вильгельм  Рубруктің  айтуынша,  бүл 

қалада «сарациндер» тұрған, яғни иран көпестерінің сауда колониясы  бо­

лган. Рубрук каланы Эквиус деп атайды.

Екі-О ғыздан  ш ы ққан  жол  қарлұк  ж абғуы ны ң  астанасы  Қ аялы қка 

(Қайлаққа) жеткен.  Қаланың базарымен даңқы  шыккан,  онда мұсылман- 

дардан басқа, өз шіркеуі болған христиандар да тұрды. IX Людовиктің мо­

нгол  ханы  М өңкеге  жіберген  елшісі  монах  Вильгельм  Рубрук  солай деп 

хабарлайды.

Қаялық  IX—XIII  ғасырдың  басында  Іле  аңғарының  солтүстік-шығыс 

жағын  иеленген  карлұқтардың ордасы  болды.  Ол  Қаратал  әзенінің  аңға- 

рында, Антоновское ауылының шетінде  орналасқан.  Рубруктің жазбасы- 

на карағанда, Қаялыққа жақын жерде «христиандар қонысы» болған, Ж ібек 

жолы  оны  да  басып  өткен.  Одан  әрі  ол  Тентек  өзенінің  аңғарына  түсіп, 

Алакөлді айналып, Жоңғар қақпасы арқылы Ш ихо аңғарына барған да, ол 

жерден Бесбалық аркылы Дунхуан мен ішкі Қытайға шыққан.  Алакөлдің 

оңтүстік-батыс  жағасында XIII ғасырдағы саяхатшылар  «аймақ астанасы» 

деп атаған  кала тұрған.  Ол Көктұма ауылындағы қала жұртына сәйкес ке- 

леді. Қазір бұл ескерткішті көл суы шайып кеткен.

Алайда Земархтыңжолымен Европаға жету үшін Жібек жолынын Казак- 

стан бөлігіндегі  түпкі нүктелерінің бірі  — Испиджаб қаласының жұртына 

қайтып оралайық.  Испиджабтан шыккан керуен жолы Арыстағы Арсуба- 

никетке, одан әрі Сырдарияның бойымен томен жүре отырып, Арал өңіріне 

жеткен. Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең үлкен калалар 

Отырар-Фараб пен Шауғар болды.  Отырардың қасында X ғасырда Отырар 

жазирасында бас кала болган Кедер қаласы орналасты. Ол «түрлі елдерден 

келген көпестер жиналатын жер» ретінде белгілі.

Отырар кептеген керуен жолдарының тоғысатын торабында тұрды. Бүл 

жерден  бір' жол  —  Ш ауғарға,  екіншісі  Сырдария  арқылы  еткелден  етіп, 

Васидж қаласына шығады.  Соңғысы Ш ығыстың аса кернекті ғалымы Әбу 

Насыр әл-Фарабидің туған жері ретінде  белгілі. X III-X IV  ғасырларда бұл 

қала  Зернук  деп  аталған.  Одан  шыккан  жол  Сырдария  бойымен  жоғары 

ерлеп, оғыздардың Сүткент каласы  арқылы  Ш ашқа, темен қарай Жентке 

барған. Сол жерден Кызылқұм арқылы Хорезмге, Үргенішке, ал одан Еділ 

бойына, Кавказға баратын жол шығады. Ж ібек жолының бұл белігі әсіресе 

XIII ғасырда, Еділдің теменгі ағысында Алтын Орданың Сарай қаласы қалы- 

птасқан  кезде  жандана  түсті.  XIII—XIV  ғасырларда  бұл- жол  Сарайшык, 

Сарай-Бату және Каффа арқылы өткен.

Шауғардан оғыздар  мемлекетінің астанасы  болған Ж анкент қаласына 

жол шыққан.  Бүдан да Қызылқұм арқылы  Хорезмге жол барған. Онымен 

10 күндік жол еткен.

Шауғардан және кейініректе Иассыдан Түрлан асуы арқылы өтетін жол 

Қаратаудың теріскей беткейіне шығып, Сырдарияны бойлай жүретін жол­

мен  қосарласа жүріп отырған.  Онымен  қарым-қатынас  әсіресе  XIII—XIV 

ғасырларда жанданады. Армян патшасы Гетум мен монах Рубрук солтүстік 

Арал  өңірінен  Монғолияға  нақ  сол  жолмен  сапар  шеккен.  Бұл  жолдын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет