Ионды емес немесе ионсыз БАЗ. Бұл топқа енетіндердің молекулалары диссоциацияға бейім емес, яғни олар суда ерімейді, еріген кезде де диссоциацияланбайды. Әдетте мұндай БАЗ дифильді молекулалары полюсті болса да ионогенсіз бүйір тізбегі бар ұзын көмірсутекті тізбектен тұрады. Ондағы полюсті топ оның суда еруін қамтамасыз етеді. Әрине, олар гидроксил тобынан тұрады. Оларға жоғары молекулалық спирт немесе органикалық қышқыл, фенол сияқтылардың бір молекуласы мен этилен тотығының бірнеше молекуласы ірекеттескенде туындайтын қосылыстар мысал болады:
CnH2n+1OH + m(CH2-CH2) CnH2n+1(OCH2CH2)mOH