Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). РНҚ молекуласының пішіні оған басқа молекулаларды тану және  1.6-сурет



Pdf көрінісі
бет18/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.6-сурет
). РНҚ молекуласының пішіні оған басқа молекулаларды тану және 
1.6-сурет.
РНҚ молекуласының конформация- 
сы. (A) Бір РНҚ полимерінің әртүрлі ауданда-
рындағы нуклеотидтердің жұптасуы молекулаға 
ерекше пішін береді. (Ә) Гепатиттің дельта виру-
сымен түзілетін РНҚ молекуласының үш кеңістік-
ті құрылымы; осы РНҚ РНҚ тізбегінің кесілуін 
катализдей алады. Көк таспа қантты-фосфатты 
қаңқаны, ал таяқшалар негіздердің жұптасуын 
көрсетеді (
6.1-бейнефильмді
қара). (Ә, A.R. 
Ferre-DAmare, K. Zhou, and J.A. Doudna, Nature 
395:567-574, 1998 көзінен Macmillan Publishers 
Ltd. рұқсатымен алынған). 


ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ
7
таңдалмалы түрде байланысу, ал кейбір жағдайларда байланысқан молекулаларда хи- 
миялық өзгерістерді катализдеу қабілетін бере алады. Негізінде, РНҚ молекулаларымен 
катализденетін химиялық реакциялар тірі клеткалардағы бірнеше көне және фунда-
менталды процестер үшін өте маңызды. Болжау бойынша, РНҚ-мен іске асырылатын 
созылмалы катализ тіршіліктің ерте кезеңіндегі эволюциясында орталық рөл атқарды 
(6-тарауда талқыланады).
Барлық клеткалар белоктарды катализатор ретінде қолданады
Белок молекулалары, ДНҚ және РНҚ молекулалары сияқты ұзын, тармақталмаған, бар-
лық тірі клеткаларға ортақ болып келетін жолмен синтезделетін мономерлі блоктардан 
тұратын тізбектер болып табылады. ДНҚ мен РНҚ тәрізді, белоктардағы ақпараттық 
мәліметтер сызықты тізбек түрінде болады. Әрбір клеткада көптеген әртүрлі белоктар 
молекулалары болады және, су мөлшерін есептемеген жағдайда, олар клетка массасы-
ның көп бөлігін құрайды.
Белок мономерлері – амин қышқылдары – ДНҚ мен РНҚ-дағы мономерлерге мүм-
дем ұқсамайды және олардың төрт емес, 20 түрі бар. Әр амин қышқылы молекуладағы 
кез келген амин қышқылымен байланыса алатын өзекті құрылым айналасында құрыла-
ды; осы өзекті құрылыммен байланысқан жанама топ әр амин қышқылына ерекше хи-
миялық қасиет береді. Әр белок молекуласы белгілі-бір ретпен қосылған амин қышқыл-
дарынан тұратын полипептид болып табылады. Эволюцияның миллиардтаған жылда-
ры бойы олар белокқа қажетті қасиет беретін тізбек ретінде сұрыпталды. Сонымен, бе-
лок бетінде әрекеттесуші сайттары бар нақты үш кеңістікті пішін түзу (
1.7А-сурет

көмегімен осы аминқышқылдық полимерлер жоғары арнайы жолмен басқа молекула-
лармен байланысып, ковалентті байланыстар түзетін немесе оларды үзетін реакциялар-
ды катализдейтін фермент ретінде қызмет ете алды. Осы жолмен олар клеткадағы хи-
миялық процестердің көпшілігін реттейді және бағыттап отырады (
1.7В-сурет
). 
Белоктардың басқа да функциялары бар – құрылымдардың пішінін сақтау, қозғалыс- 
тарды тудыру, сигналдарды сезу және т.б. – әр белок молекуласы, өзінің генетикалық 
тұрғыдан ерекшеленетін аминқышқылдық тізбегіне сай, айрықша функция атқарады. 
Өз кезегінде, белоктар клетканың генетикалық ақпаратын әрекетке қосатын негізгі мо-
лекулалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет