Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК
sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА
Құрастырған: С.Қ.Әлмұхамбетова № 4 сабақ 1. Тақырыбы: Онтогенездік дамудың жасушалық механизмдері 2. Мақсаты: адамның онтогенездік дамуын қамтамасыз ететін негізгі механизмдері мен үдерістері жайлы түсінікті және білімді студенттерде қалыптастыру, тәжірибеде теориялық білімді қолдануды үйрету. 3. Оқытудың міндеттері: - онтогенездің және онтогенез кезеңдерінің мәнін ашу - қалыпты онтогенездік даму үшін гаметогенез бен ұрықтанудың маңызы мен рөлін ашу - қалыпты онтогенездік даму үшін жұмыртқа жасушасының полярлылығы, ооплазмалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциация, эмбрионалдық индукцияның маңызын және мәнін ашу - қалыпты онтогенездік даму үшін жасуша үрдістерінің: көбею (пролиферация), миграция, таңдамалы сұрыпталу және апоптоздың маңызы мен мәнін ашу. - клиникалық көзқарас бойынша адам ағзасының жатырішілік даму сатыларын түсіндіру - тәжірибе барысында теориялық білімді қолдануды студенттерге үйрету 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 4.1. Онтогенез: анықтамасы, кезеңдері. 4.2. Онтогенездің алғашқы кезеңдері: гаметогенез, ұрықтану, жұмыртқа жасушасының полярлылығы, ооплазматикалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциация, эмбрионалдық индукция. 4.3. Онтогенездің жасушалық механизмдері: а) жасушаның бөлінуі (пролиферациясы) б) жасушаның ағымы (миграциясы) в) жасушаның сұрыпталуы г) жасушаның өлімі (апоптоз) 4.4. Адамның дамуы кезінде туа біткен ақаулықтардың пайда болуында онтогенездің жасушалық механизмдерінің бұзылуының ролі. жүктеу/скачать 3,88 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |