7. Бақылау: 7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім. 7.1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
7.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.
7.3. Популяцияның генетикалық құрылымын немесе жеке аллельдердің не генотиптер жиілігін анықтауға арналған есептер.
1-есеп.Жалпы альбинизм аутосомды рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ауру 1 : 20 000 жиілікпен кездеседі. Бұл популяциядағы гетерозиготтардың жиілігін анықтаңыз.
2-есеп. Аутосомды-рецессивті белгімен адамдардың жиілігі 0,25 тең. Доминантты аллельді гомозиготалы тасмалдаушылардың жиілігі қандай ?
3-есеп. Тея-Сакс ауруы аутосомдық рессессивтiк аллельге байланысты (бұл аурудың негiзгi белгiлерi: ақыл-ойдың жетiлмеуi, көздiң көрмеуi, төрт жаста шамасында қайтыс болуы). Жаңа туған нәрестелерде арасында бұл аурудың кездесу жиiлiгi 10:10000 шамасын құрайды. Бұл популяциядағы гетерозиготтардың жиілігін анықтаңыз.
Құзыреттілікті бағалау – тәжирбиелік дағды. Демографиялық факторларды атап өту және олардың популяцияның генетикалық құрылымын өзгерту әсерін түсіндіру
Элементарлы эволюциялық үрдістерді атап өту және олардың популяцияның генетикалық құрылымын өзгерту әсерін түсіндіру