61
Когнитивтік фразеологияда «өлшем» концептісі «ерекше концептілер»
қатарына енеді.
Фразеологизмнің семантикалық құрылымы этностық ұжымның
қабылдау, ассоциация, интеллектуалды-эмоционалдық тəжірибесімен
тығыз қатынаста болады. Когнитивтік фразеология фрейм туралы оның
басқа да ерекшеліктерін аныықтайды.
Когнитивтік фразеологияға қатысты фрейм туралы Н.Ф.Алефи-
ренконың [2008:81-82б] төмендегі пікірлерін келтірсек: (мысалдар қазақ
фразеологизмдерінің деректері бойынша)
• Белгілі бір мəдени концепт төңерегінде ұйымдастырылған
маңызды, типтік білім бірліктері:
қара сөзді қамшы қылу; сылдыр
көмей, жез таңдай; хан талапайға салу; қыздың жиған жүгіндей;
жатып жастық, иіліп төсек болу; жастығын ала жату;көйлегі көк,
тамағы тоқ; үрерге иті, сығарға биті жоқ т.б.
• Дағдылы жағдаяттарды (стеоретипті ситуация) көрсететін
мəліметтер: «ыстық/суық», «жолы болу/жолы болмау», «байлық/ке-
дейлік», «сараңдық/жомарт»,
«өтірік/шындық», «жылау/күлу» т.б.
Мысалы
:құс қанаты күйгендей; ақ қар, көк мұз; қайығы желге
өрлеу;жұмыртқадан жүн қырыққан; қолы ашық; үрерге иті, сығарға
биті жоқ; ішкені алдында, ішпегені артында; үлде мен бүлдеге ора-
ну; тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырығына жетпеу; ұрттап
ішіп, шайқап төгу; өтірікті судай сапыру; өтірікшінің шын сөзі
зая; еңірегенде етегі толу; ботадай боздау; екі езуі құлағына жету;
жымың қағу т.б
.
• Сөйлеу мен ойлау жағдаяттарына қатысты білім, пікірлердің фра-
зеологизмдер арқылы қайталанып отыратын когнитивтік модельдің
типтері:
көз қылу, (алдау), қолмен қойғандай, санда бар санатта
жоқ; əліптің артын бағу; намысын жырту; асулы қазан, тігулі үй;
шаңыраққа қарау т.б.
• Жанама-туынды аталымдарды біріктіретін білімдер құрылымы:
«Тəуекел»:
қайдан шықса, онан шықсын; не болса, о болсын, не болса
да, не десе, о десін, су ішсем де, у ішсем де, тау күйіп тас жанса да;
қайдан шықса, одан шықсын; көзді жұмып тұрып т.б
т.б.
62
Сонымен, фрейм туралы бұл айтылғандарды түйіндесек: иерархиялық
ұйымдасқан құрылым ретінде фразеологиялық семантикадағы білімдер
жинағы дағдылы жағдаяттарды көрсетеді. Сондай-ақ, фразологизмнің
когнитивтік құрылымы олардың тұрақты əрі үздіксіз білім дина-
микасына негізделеді. Бұл фразеологизмдердің варианттылығынан
көрінеді. Мысалы,
көзі ұясынан (шарасынан) шығу – қорқу
; арам
(суық) қол – ұрлық туралы;
жүзін (түсін), (өңін) жылту – ашуы басылу,
сабасына түсу;
ішіп-жемей мас болу (мəз болу), (бай болу), (тою), (көңілі
толу), (риза болу) – бірнəрсеге риза болу.
Фрейм концептіге қарағанда ішкі құрылымының беріктігімен ерек-
шеленеді. Оның ішкі формасын қалыптастыратын ақпараттарға қатысты
мағыналық бөліктері болады. (Н.Ф. Алефиренко «слоты» деп атайды).
Ақпараттық мазмұн бойынша ол бөліктер қарапайым немесе аялық
білімге қарай күрделі болып келеді.
Мысалы,
БУЫНЫНА ТҮСУ – көңілі жайлану, елжіреу, тоқмейіл болу
деген мағынада.
- Мен бұрын жаумен алысып, сүйегіме қарысып, сыр бермей жүреді
екенмін. Жасым жетті ме, əлде жеңіс қуанышы
буыныма түсіп кет-
ті ме, шаршап-шалдыққанымды енді біліп отырамынн, – деді Төле
би. – Келер жылы хан кеңесіне бара алам ба, жоқ па бір алла біледі.
– Абылайға менен дұғай-дұғай сəлем айтыңдар. Биылғы жеңістің ізін
суытпасын. (Қ.Жұмаділов).
Қазіргі қазақ тілінде
«қалта» – аялық білімге ие болған лексема.
Əсіресе кейінгі тілдік қолданыстарда əрі жиілігімен, əрі көп қырлы кон-
нотациясымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: