Аузымен орақ ору, біреуге ор қазба деген фразеологизмдердің
мағыналары дами келе, қосымша ой, ситуацияны меңзейтін м ақалға
айналған:
Аузымен орақ ору ↔ Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды Біреуге ор қазба ↔ Біреуге ор қазба, өзің түсесің Сақалын сату ↔ Сақалын сатқан кəреден еңбегін сатқан бала артық Тілінен бал таму ↔ Бал тамған тілден у да тамады Басына түсу ↔ Басқа түссе баспақшыл Ауыз жаппау ↔ Əншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас т.б. Жалпы тілдегі мақал-мəтел, күрделі сөздер, фразеологизмдер сияқты
тіркес түрлерінің барлығы жасалу жолдары ұқсас модельдер. Дегенмен
де мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің өзара айырмашылықтары
мен ұқсастықтары бар.
А й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы:
² Мақал-мəтелдердің мағынасы құрамындағы сөз сыңарларының
/компоненттерінің / бір-бірімен байланыссыз өзара жеке тұрып та
116
қолданыла беретін сөздерден шығады. Мысалы, Көрдім – көп сөз,