Синостоз дегеніміз не және бұл байланыс қандай сүйектердің арасында кездеседі? Сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы байланысы. Бассүйек, құйымшақ омырт. Жамбассүйектер және кейбір тізе және тілерсек сүйектерінің байланысы жатады.
ligamentum longitudinale ventrale омыртқа жотасының қандай бөліктерін және қай жағынан байланыстырады? Соңғы көкірек омыртқаларының вентральды қырынан басталып, құйымшаққа дейін созылып омыртқа денелерін төменгі вентральды қыр жағынан байланыстырады
articulatio coxae - қызметі жағынан қандай буын, қандай сүйектер құрайды? Жамбас-ортан жілік буыны, жамбас сүйектің ұршық шұңқыры мен ортан жілік басы
Бассүйегі аралықтарында кездесетін жіктердің түрлері: тегіс жік(sutura plana), тісше жік(sutura serrata), қабыршақша жік(sutura squamosa)