Желке байламы (ligamentum nuche) нашар дамыған? Шошқада
Иттің кәрі жілік және шынтақ сүйектері арасындағы байланыс синдесмоздың қай түріне жатады? Байлам
Самай сүйегінің тасты бөлігінде қандай тесік орналасқан? Ішкі есту жолы
Алдыңғы және артқы аяқтарда қандай сүйектер метаподийді құрайды? Алдыңғы ж/е артқы аяқ жіліншік сүйектері.
Неге самай-төменгі жақ буыны (articulatio temporo-mandibularis) күрделі, қос білікті буын? Буындағы қимыл екі біліктің бойымен жүреді: 1)жақтар ашылып дабылады, 2) екі бүйіріне қарай қозғалады.
Тор сүйегінің тақташаларының латынша атауларын көрсет: тесікті тақташа-lamina cribrosa; перпендикулярлы тақташа-lamina perpendicularis; көздік тақташа-lamina orbitalis.
Митоздың кезеңдерін көрсет: профаза, прометафаза, метафаза, анафаза, телофаза.
Тек жас төлдерде жақсы көрінетін бассүйегін атаңыз: төбеаралық сүйек-os interparietal
Сүйектердің серпімді (эластинді) талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысты қалай атайды? Синэластоз
Құрылысына қарай буындардың қандай түрлері болады? Қарапайым, күрделі
Жылқының тоқпан жілігіндегі ерекшелік: тоқпан жілік шығырының алдыңғы орта тұсында синовиальды шұңқыр(fossa synovialis) болады.
Тілерсек буынын (articulatio tarsi) қандай сүйектер құрайды және құрылысы мен қызметі жағынан қандай буынға жатады? Сирақ, тілерсек және артқы жіліншік сүйектерінен құралған күрделі, бір білікті буын.
Қай жануардың тоқпан жілігінде дельталы кедір-бұдыр бар? Барлығында
Қай сүйектің басында ойық бар? Ортан жілік
Алдыңғы аяқтың автоподий звеносының базиподий қатарын қандай сүйектер құрайды? Тізе сүйектері. Проксимальды қатарын: кәрі жіліктік(os carpi radiale), аралық(os carpi intermedium), шынтақ(os crpi ulnare), қосымша(os carpi accessorium). Дистальды қатарын: I(os carpi primum), II(os carpi secundum), III(os carpi tertium), IV(os carpi quartum), V(os carpi quintum).
Достарыңызбен бөлісу: |