2. Күрсақтың ішкі киғаш бұлшық еті (m. obliquus abdominis internus)
құрсақтың бүйір қабырғасының ортаңғы ет қабатын құрайды. Ол сербектен
басталып, бұлшық еттік бөлігі қабырға доғасының ішкі бетіне бекіп, бұлшық
еттің жалпақ шандыры құрсақтың вентральды бетінде қарсы жақтың аттас
бұлшық еті шандырымен байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады. Еркек
жануарларда аталмыш бұлшық еттің каудальды жиегінде шап өзегінің ішкі
сақинаша тесігі (anulus inguinalis profundus) орналасады.
З.Құрсақтың тік бұлшық еті (m. rectus abdominis) көкіректің тік
бұлшық еті сіңірінен,төртінші жəне алтыншы қабырғалар шеміршектерінен
жəне төссүйектен басталып, құрсақтың вентральды бетіндегі ақ сызықтың екі
қапталымен бойлай созылып, шат сүйектің шат қыры мен шат төмпегінде
аяқталады. Құрсақтың тік бұлшық еті құрсақтың сыртқы жəне ішкі қиғаш
бұлшық еттері аралығында орналасады. Құрсақтың тік бұлшық етінде
көлденең өтетін сіңірлі аралықтар болады. Жылқыда бұл еттің соңғы
бөлігінен жұмыр сіңір бөлініп, жамбас-ортан жілік буынына бағытталып,
оның қосымша байламына (ligamentum accessorium femoris) айналады да,
ортан жілік басының шұңқырында аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |