Морфология


АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет460/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   1132
АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

 

Алдыңғы  аяқтың  бұлшық  еттері  (musculi  membri  thoracici)  орналасу 

тəртібі  мен  атқаратьш  қызметіне  байланысты  иық,  шынтақ,  тізе  жəне  бақай 

буындарының  бұлшық  еттеріне  болінеді.  Аталған  буындардағы  қимыл-

қозғалыстардың  түрлеріне  байланысты,  оларға  əсер  ететін  бұлшық  еттер 

жазғыш 

(экстензор), 

бүккіш 

(флексор), 

жақындатқыш 

(аддуктор), 

алыстатқыш 

(абдуктор), 

сыртқа 

айналдырғыш 

(супинатор), 

ішке 


айналдырғыш  (пронатор)  бұлшық  еттер  болып  бөлінеді.  Жазғыш  бұлшық 

еттер (экстензорлар) буын бұрышының төбесі жағында, ал бүккіш бұлшық 

еттер  (флексорлар)  буын  бұрышының  ішкі  жағында  орналасып,  бір-біріне 

қарама-қарсы  жүретін  буынды  жазу  жəне  бүгу  қозғалыстарын  іс  жүзіне 

асыратын  болса,  жақындатқыш  бұлшық  еттер  (аддукторлар)  буынның 

ішкі  медиальды  бетінде  орналасып,  буынды  тұлғаға  қарай  ішке  тартып 

жақындату  қозғалысына,  ал  алыстатқыш  бұлшық  еттер  (абдукторлар) 

буынның  сыртқы  латеральды  бетінде  орналасып,  алдыңғы  қозғалысқа 

қарама-қарсы, буынды тұлғадан сыртқа қарай тартып алыстату қозғалысына 

əсер  етеді.  Супинаторлар  буынның  алдыңғы  бегін  сыртқы  латеральды,  ал 



пронаторлар оңы, керісінше, ішкі медиальды жағына қарай бұрады. 

Иық  буыны  (articulatio  humeri)  құрылысы  жағынан  қарапайым  (бір 

буын қуысы болады), қимылы жағынан копбілікті (жілік басының пішіні шар 

тəрізді)  буын.  Иық  буынын  жауырын  мен  тоқпан  жілік  басы  құрайды. 

Буынның  бұлшық  еттері  буыннан  жоғары,  жауырын  аумағында  орналасып, 

бір-біріне  қарама-қарсы  қозғалыстарды іс  жүзіне  асыратын бірнеше бұлшық 

еттер  топтарына:  экстензорлар  мен  флексорларға,  аддуктор  мен  абдукторға, 

супинаторлар мен пронаторға бөлінеді. 



226 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет