Ерекшеліктері. Жылқыда санның екібасты бұлшық етінің омыртқалық
басы тек құйымшақ сүйектен басталады. Сиырда, ұсақ малда жəне
шошқада ол беткей бөксе бұлшық етімен бірігіп, бөксе-кібасты бұлшық ет
деп аталады. Итте бұлшық еттің омыртқалық басы нашар жетілген.
Қызметі. Санның екібасты бұлшық еті бірнеше буындарға əсер етеді.
Ол жамбас-ортан жілік буынын жəне тобық буынын жазады. Асықты
жіліктік тармағы буынды бүгеді жəне артқы аяқты сыртқа қарай
айналдырады. Өкшелік тармақ тілерсек буынын жазады.
2. Жартылай сіңірлі бұлшық ет (m. semitendineus) санның екібасты
бұлшық етінің каудальды жағындағы тері мен беткей шандыр астында
орналасады. Ол шонданай төмпегі (шонданайлық басы) мен құйымшақ
сүйектен (омыртқалық басы) басталады. Бұлшық ет медио-дистальды
бағытга тобық буынының тұсында сіңірге айналып, асықты жілік қырында
аяқталады. Сонымен қатар, ол тігінші, сымбат бұлшық еттерінің сіңірлерімен
жəне сирақ шандырымен бірігіп, өкше төмпегінің медиальды бетінде
аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |