Бөксе бұлшық еттер тобы:
1. Беткей бөксе бұлшық еті (m. gluteus superficialis) жануарлар
денесінің сауыр аумағының терісі мен беткей шандыры астында, санның
екібасты бұлшық етінің алдыңғы жағында орналасады. Беткей бөксе бұлшық
еті тек жылқыда ғана жақсы жетілген. Ол мықын сүйектің сербек жəне
құйымшақ төмпегінен басталып, ортан жіліктің үшінші ұршығында
аяқталады. Сиырда, шошқада, ұсақ малдарда ол көршілес еттермен бірігіп
кетеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда беткей бөксе бұлшық етінің пішіні
үшбұрышты болып келеді. Ол жамбассүйектің сербек өсіндісі мен бөксе
шандырынан басталады. Ол өз кезегінде ортаңғы бөксе бұлшық етін жауып
жатады. Бұлшық еттің еттің сіңірлі құйрығы ортан жіліктің үшінші
ұршығына барып бекиді. Сиырда, ұсақ малдарда жəне шошқада беткей
бөксе бұлшық етінің краниальды бөлігі санның жалпақ шандырын кергіш
бұлшық етпен, ал каудальды бөлігі санның екібасты бұлшық етімен бірігіп,
бөксе-екібасты бұлшық етін тұзеді. Итте беткей бөксе бұлшық еті құйымшақ
пен құйрық омыртқалардан басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығының
төменгі тұсына келіп бекиді.
Қызметі. Беткей бөксе бұлшық еті басқа бөксе бұлшық еттермен бірге
қосылып, жамбас-ортан жілік буынын жазады, ал жылқыда бұл бұлшық ет
жеке жиырылып, буынның алдыңғы бетін ішке қарай бұрады да, пронатор
бұлшық етінің қызметін қосымша атқарады.
233
Достарыңызбен бөлісу: |