3. Қосымша бөксе бұлшық еті (m. gluteus accessorius) ортаңғы бөксе
бұлшық етімен бірігіп кетеді. Ол мықын сүйек қанатынан басталып, үлкен
ұршықта аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда қосымша бөксе бұлшық еті ортаңғы
ұршықтың бүйірінде, сиыр мен ұсақ малдарда оның алдыңғы бетінде
аяқталады.
Шошқада қосымша бөксе бұлшық етінің екі сіңірлі құйрығы болады.
Бір сіңірлі құйрығы үлкен ұршыққа, ал екінші сіңірлі құйрығы ортан жілік
денесіне бекиді. Итте ортаңғы бөксе бұлшық етімен бірігіп кеткен.
Қызметі. Қосымша бөксе бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынын
жазады.
4.Терең бөксе бұлшық еті (m. gluteus profundus) ортаңғы бөксе бұлшық
етінің астында орналасады. Ол шонданай қырынан басталып, ортан жіліктің
үлкен ұршығында аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда ортаңғы ұршыққа бекиді.
Қызметі. Терең бөксе бұлшық еті басқа бөксе бұлшық еттермен бірге
жамбас-ортан жілік буынын жазуға қатысады. Ал жеке жиырылғанда, терең
бөксе бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынының абдукторы қызметін де
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |