Латеральды басы немесе қалың латералды бұлшық ет (m. vastus
lateralis) ортан жіліктің проксимальды бөлігінің латеральды бетінен
басталып, еттің дистальды құйрығы бұлшық еттің тік басымен қосылып
кетеді.
Медиальды басы немесе қалың медиальды бұлшық ет (m. vastus
medialis) ортан жіліктің медиальды бетінен басталып, бұлшық еттің аралық
басына қосылады.
Аралық басы немесе қалың ішкі бұлшық ет (m. vastus intermedius)
ортан жіліктің дорсальды бетінен басталып, бұлшық еттің латеральды немесе
медиальды басымен бірігіп кетеді.
Санның төртбасты бұлшық еті бастарының барлығы бірігеді де, тобыққа
барып бекіп, одан əрі тобық байламдары арқылы асықты жілікте аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |