Экстензор: 1. Санның төртбасты бұлшық еті (m. quadriceps femoris)
ортан жіліктің алдыңғы жағында орналасқан қомақты тым қалың ет. Бұлшық
еттің торт басы болады. Олар: тік, латеральды, медиальды жəне аралық
бастар.
Тік басы немесе санның тік бұлшық еті (m. rectus femoris) бұлшық
еттің латеральды жəне медиальды бастарының аралығында жатқан ең
қомақты бұлшық ет. Ол ұршық шұңқырының жоғарғы жағындағы мықын
сүйек төмпегінен немесе шұңқырынан басталады. Еттің дистальды бөлігі
санның төртбасты бұлшық етінің басқа бастарымен бірігіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |