Жылтырауық
қабат
кератиноциттерінің
цитоплазмасындағы
тонофибриллалары мен кератогиалин мүйізді заты бірігіп, біртүтас мөлдір
сəуле сындырғыш жұмсақ мүйізді зат элеидинге айналады. Кератиноциттер
цитоплазмасындағы май тамшылары мен еріткіш ферменттер бірігіп,
кератосомалар түзіледі де, эпителий жасушалары аралықтарындағы
саңылауларға шығарылады.
Мүйізді қабат эпидермистің ең қалың қабаты. Эпидермоциттердің
қалың қабықшаларын құрайтын мүйізді зат пен қуысындағы мүйізді
жіпшелер жəне оларды желімдеп біріктіріп тұрған аморфты мүйізді зат
қатайып, қатты мүйіз кератинге айналады. Эпидермоциттердің ішіндегі
мүйізді заттар аралықтары ауа мен май тəрізді затпен толған кератиноциттер
бір-бірімен жасушааралық десмосомалармен өзара байланысып, қатты
мүйізді қабыршақтарға айналады. Міне, осылай белгілі ортаға бейімделген,
құрылымы ерекше қабыршақтар берік те серпімді келеді жəне жылу
өткізбейді. Мүйізді қабат эпидермис қабаттарының ішіндегі ең қалың қабат.
Терінің сыртқы бетіндегі қызметін тоқтатқан мүйізді қабыршақтар, төменгі
қабаттардағы қабыршақтармен байланысын үзіп, қайызғақтанып түсіп
отырады. Сөйтіп, тері əр түрлі лас бөгде заттардан, микроорганизмдер мен
паразит (тоғышар) құрттардан үздіксіз тазаланып отырады. Терінің бұл
қызметін эпидермистің элиминативті қызметі— деп атайды. Қалыпты
жағдайда эпидермистің негіздік қабатындағы эпидермоциттердің көбеюі,
оның сыртқы бетіндегі қабыршақтардың қайызғақтанып бөлініп түсіп отыру
жылдамдығына тең болады, яғни базальды қабаттағы эпидермоциттердің
бөлініп көбеюі мен сыртқы бетіндегі қабыршақтардың түсу қарқыны бір-
біріне сəйкес келеді.
Эпидермисте зат алмасу процесін дермадан негіздік жарғақ арқылы
келетін ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Эпидермис сезімтал жүйке үштарына
бай.
Түкті тері эпидермисінде түзуші, дəншелі жəне мүйізді үш қабат қана
ажыратылады.
Эпидермистің сыртқы бетінде жұмсақ мүйізді зат тұрақты түзіліп
отырады. Осы қасиетіне байланысты эпидермисті жазық голокринді бездерге
жатқызады. Дененің əр түрлі аймақтарындағы тері эпидермисінің қалындығы
біркелкі емес. Оның қалындығы тері түктерінің жиілігіне, жануарлар
түрлеріне, олардың тіршілік жағдайларына, жыл маусымдарына тікелей
байланысты. Мысалы, түгі сирек терінің эпидермисі қалың, ал керісінше, түгі
қалың теріде ол жұқа болып келеді.
246
Жылы жақта тіршілік ететін жануарлардың тері түктері сирек, ал суық
аймақтардағы жануарлардың түктері қалың болатындығы баршаға мəлім.
Сондықтан, жылы аймақтардағы жануарлардың эпидермисі суықжақтағы
жануарларға қарағанда қалың болып келеді. Дəл осылай, оның қалындығы
жыл маусымдарына сəйкес өзгеріп отырады. Көктемде, жануарлар түлеген
кезде, эпидермис қалындайды, ал күзден бастап қысқа қарай ол жұқарады.
Себебі тері түктері қалыңдайды. Терінің үнемі үйкелісте болатын немесе
ұздіксіз қысым əсер ететін жерлерінің эпидермисі мүйізденіп қалындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |