1 — эпидермис, 2 — тері, 3 — дерма (нагыз тері), 4 — шел қабаты, 5 — түк сабағы, 6
— түк қабының (фолликулының) шұңқыры, 7 — түк түбірі, 8 - тер безінің өзегі, 9 — май
13 - түк баданасы, 14 - түк емізікшесі, 15 - теріасты венасы, 16 ~ шелдегі май қабаты.
244
Терінің құрылысы. Тері құрылысы жағынан қабатты мүше, Ол үш
қабаттан: теріүсті қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) жəне
теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады.
Эпидермис (epidermis) — терінің сыртқы ең жұқа теріүсті қабаты. Ол
жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын құрайды. Эпидермис көпқабатты
жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы, құрылыс
ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне,
терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан
тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан
капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке ұштарына
бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті
қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен
жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақгы, дəншелі, жылтырауық жəне
мүйізді қабаттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: