247
тамырларының өрімдері мен тораптарында организмдегі қанның 10 пайызы
қор ретінде сақталады.
Терідегі зат алмасуды қамтамасыз ететін қан жəне лимфа тамырлары əр
түрлі тамырлар тораптарын түзеді. Олардың терідегі орналасу орындары да
түрліше болады. Арналары кең ірі қан тамырларының торабы беткей шандыр
мен терінің теріасты қабаты аралығымен өтеді. Екінші қан тамырлар торабы
торлы қабаттың астында орналасады. Бұл тораптың құрамында веналық
жалғамаларды (анастомоздарды) байқауға болады. Келесі жұқа қабырғалы
қан тамырлар торабы дерманың торлы жəне емізікше қабаттарының
шекараларында жатады. Ең жұқа қабырғалы қан капиллярлар торабы
эпидермис пен емізікше қабаттың аралығында орналасып, аталған қабаттар
арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Осы əр түрлі деңгейде
өтетін қан тамырлары өзара бір-бірімен байланысып, терідегі жалпы қан
тамырлар торабын түзеді. Терінің бұлай белсеңді тамырлануы, оның
атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Тамырлардың осылай
орналасуы жəне олардың ішінде артерия-веналық анастомоздардың көп
болуы, жануарлар дене қызуының тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік береді.
Терінің лимфа тамырлары эпидермоцит арасындағы жасушааралық
саңылаулардан бастама алады. Бұдан соң, олар үш деңгейде: беткей, ортаңғы
жəне терең теріастылық лимфа тамырларының торларын түзеді. Бұл
торлардан шығатын əкелгіш лимфа тамырлары арқылы ұлпа сүйығы дененің
тиісті аймақтарындағы лимфа түйіндеріне бағытталады.
Теріні жұлын мен мидан таралатын афференттік, эфференттік сомалық
жүйкелер жəне олардың құрамындағы тері тамырлары мен бірыңғай салалы
ет ұлпасы қызметтерін реттейтін симпатикалық жүйке жүйесінің жүйке
талшықтары жүйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: