перитонеальды сірлі қуыс (cavum peritonei), ал оның ішінде сірлі сұйық
болады.
Сірлі қабық туындылары. Париетальды жəне висцеральды ішперде
бөліктері омыртқа бағанының төменгі жағында тоғысып, қос қабаттанады да,
томен ішкі мүшелерге өтіп, оларды бір-бірімен жалғастыратын сірлі қабық
туындыларын түзеді. Сірлі қабық қабаттары арасындағы борпылдақ дəнекер
ұлпасы арқылы ішкі мүшелерді қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары
жəне жүйкелер өтеді. Сірлі қабық туындыларына ішкі мүшелер
аралықтарындағы шажырқай (mesenterium), үлкен шарбы (omentum majus)
жəне кіші шарбы (omentum minus), сірлі байламдар (ligamentum), жамбас
куысындағы үңгілер (excaatio) жатады.
Шажырқай ішек ілмектерінің аралығында жақсы жетілген. Қарын
шажырқайы
Достарыңызбен бөлісу: |