260
қабаттарының арасында өңеш, кеңірдек, қолқа, жүйкелер, жүрек жəне
жүрекқап орналасады.
Орталық перде плеврасының (pleura mediastinal)
жұрекқапты (перикард) қаптаған бөлігін перикардиальды плевра (pleura
pericardiaca) — деп атайды. Орталық перде плеврасы кеңірдек, бронхтарды
сыртынан қаптап, оң жəне сол өкпеге өтіп, өкпелік плевраны (pleura
pulmonalis) түзеді. Орталық перде, перикардиальды жəне өкпелік плевралар
висцеральды плевраны құрайды.
131 - сурет. Сиыр денесіндегі ішкі мүшелердің орналасу орыңдары
(топографиясы)
1 — тік ішек, 2 — құрсақ қолқасы, 3 — сол бүйрек, 4 — оң бүйрек, 5 —бауыр, 6 —
өт қабы, 7 — көкет (диафрагма) күмбезінің нобайы, 8 — оң өкпе, 9 — өңеш,
10 — кеңірдек, 11 — жүрек, 12 — көкеттің қабырғалық бөлігі, 13 — ұлтабар, ]4 —
он екі елі ішек (ұлтабар ұшы), 15 — ұйқы безі, 16 — аш ішек, 17 — тоқ ішек, 18 — мықын
ішек, 19 — бүйен, 20 — куық, 21 — қынап.
Париетальды жəне висцеральды плевралар аралығындағы саңылау
тəрізді сірлі қуысты
плевральды қуыс (cavum pleurae) — дейді. Оң жəне сол
плевральды сірлі куыстарда оң жəне сол өкпе орналасады. Бұл қуыстар бір-
бірімен қатыспайды. Плевральды қуыстарда тыныс алуға жəне жүректің
жиырылуына байланысты қозғалыс кезінде сірлі қабықтардың өзара
үйкелісін болдыртпайтын, олардың беттерін майлап сылап тұратын сірлі
сүйық болады. Сүйықты сірлі қабық мезотелиоциттері бөледі.
Құрсақ қуысы (cavum abdominis) диафрагмадан жамбас қуысы
кіреберісіне дейінгі аралықтағы дене куысы. Құрсақ куысының төбесін бел
омыртқалары, олардың бұлшық еттері мен терісі, алдыңғы қабырғасын
диафрагма, екі бүйір қабырғасы мен түбін құрсақ бұлшық еттері жəне
сыртындағы тері құрайды. Құрсақ куысы мен жамбас куысының шекарасын
мықын жəне шат сүйектердің алдыңғы жиектері шектейді. Құрсақ қуысында
өңеш, қарын, ұйқы безі, бауыр, ащы жəне жуан ішектер, бүйрек, несепағар,
жыныс мүшелерінің көп бөлігі, қан тамырлары, лимфа түйіндері, жүйкелер,
олардың тораптары орналасады.
Жамбас куысы (cavum pelvis) жамбас астауындағы қуыс. Жамбас
қуысының төбесін құйымшақ, бірінші құйрық омыртқалар, екі бүйірі мен
түбін жамбас сүйектері құрайды. Аталмыш қуысты түзуге аталған
сүйектердің бұлшық еттері мен байламдары жəне сыртындағы тері жабыны
қатысады. Жамбас қуысында азық қорыту, зəр бөлу, жыныс мүшелерінің
соңғы бөлімдері орналасады.
Құрсақ куысы мен жамбас қуысының алдыңғы бөлігінің ішкі бетін сірлі
қабық ішперде (peritoneum) астарлайды. Құрсақ пен жамбас куыстары
қабырғаларының жəне дифрағманың ішкі бетін астарлайтын ішперденің
сыртқы бөлігін қабырғалық немесе париетальды ішперде (peritoneum
parietale), ал дене қуыстарындағы ішкі мүшелерді сыртынан қаптап жатқан
оның бөлігін висцеральды ішперде (peritoneum viscerale) — деп атайды.
Аталған ішперде бөліктерінің аралығында саңылау тəрізді ішперде немесе