Құрсақ қуысында жатқан ішкі мүшелердің орналасу орындарын дəл
анықтау үшін, оны 3 бөлімге жəне 10 аумаққа бөледі. Құрсақ куысы өз
кезегінде алдыңғы, ортаңғы жəне артқы бөлімдерге бөлінеді.
Диафрагмадағы қабырға доғасына жанама жүргізілген жазықтыққа
дейінгі құрсақ қуысы бөлігін құрсақтың алдынғы бөлімі, қабырға доғасы
мен сербекке жанама жүргізілген жазықтықтар аралығындағы құрсақ куысы
бөлігін құрсақтың ортаңғы бөлімі, ал сербекке жанама жүргізілген
жазықтықтан жамбас куысына дейінгі құрсақ қуысы бөлігін құрсақтың
артқы бөлімі - деп атайды.
262
Достарыңызбен бөлісу: |