ЖҰТҚЫНШАҚ
Жұтқыншақ (глотка) — pharynx — ауыз қуысын өңешпен, мұрын
куысын көмекеймен жалғастыратын, азық қорыту жəне тыныс алу
жұйелеріне ортақ, пішіні түтікше келген етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақ
басқа мүшелермен жеті тесік арқылы қатысады. Олардың үшеуі кіреберіс
тесіктер: жұтқыншаққа ауыз қуысынан есін (бір тесік), мұрын куысынан екі
хоана тесіктері ашылады. Ал олардың төртеуі шығаберіс тесіктер:
жұтқыншақтан оң жəне сол есту түтіктеріне шылатын екі тесік жəне өңеш
пен көмекейге ашылатын тағы екі жұтқыншақ жəне көмей тесіктері.
Жұтқыншақ құрылысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш:
ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады.
Жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу
Достарыңызбен бөлісу: |