281
азықтың қысымымен жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл
түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекей тесігін жауып, ауа жүретін
жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқылы жұтқыншақ қабырғасындағы етті
қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық жұтылады. Жұтылғаннан соң, тіл
түбірі алға кетін, өңеш артқа қарай жылжып, жұмсақ тандай төмен түседі де,
бөбешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.
Жұтылу процесін іс жүзіне асыратын жұтқыншақтың ортаңғы етті
қабығы үш жұп: алдыңғы, ортаңғы жəне артқы тарылтқыш жəне бір жұп
кеңейткіш бұлшық еттерден құралған.
Жұтқыншақтың бұлшық еттері негізінен көлденең жолақты ет
ұлпасынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: