бауыр-өңеш байламымен (ligamentum
hepatooesophageum), ал оң жағынан бауыр он екі елі ішек байламымен
(ligamentum hepatoduodenal) жалғасып жатады. Үлкен шарбы қарынның
үлкен иінінен белге дейін созылып, шарбы қапшығын (bursa omentalis)
құрайды. Шарбы қапшығының кіреберіс тесігі (foramen epiploicum) оң
бүйректің медиальды жағында, каудальды қуыс вена мен қақпалық вена
аралығында жатады. Шарбының екі сірлі қабатының аралығында көкбауыр
орналасады. Қарынның үлкен иінінен көкбауырға дейінгі байламды қарын-
көкбауыр байламы (ligamentum gastrolienale) — деп атайды.
143 — сурет. Қарын тубінің бездері I — түтікше бездің мойны, II — бездің
денесі, III — бездің түбі
1 — бірқабатты бездің эпителийі, 2 — қарынның кілегейлі қабығының ішкі бетіндегі
шұңқыры, 3 — өзіндік тақташа, 4 — мойындық жасушалар, 5 - көмкерме жасушалар, 6 —
негізгі жасушалар, 7 — етті тақташа.
Бір бөлімді қарын құрсақ куысының қабырғаастылық аумақтарында,
əсіресе оның сол жағына қарай ыгыса орналасады. Кейбір жануарларда ол
семсерше өсінді аумағына дейін жетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |