Морфология



Pdf көрінісі
бет614/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері.  Жылқы  қарны  бір  бөлімді  оңеш-ішек  типтес  немесе 

аралас  қарын  түріне  жатады.  Оның  сыйымдылығы  орта  есеппен  15  литр. 

Қарынның  сол  жақ  ұшында,  оның  үлкен  иінінен  жоғары  бағытта  котеріліп 

шығып  тұратын  тұйық  қапшығы  (saccus  cecus)  болады.  Бұл  қапшықтың 

қарыңдағы  осындай  орналасуы  өңештің  қарынға  бұрыш  жасай  қигаштанып 

енуіне  əсерін  тигізеді.  Нəтижесіңде  жылқы  қарнының  кіші  иіні  кішірейіп, 

терең  үңгіленіп,  бұрыштық  ойық  (incisura  angularis)  жасайды.  Қарын 

қақпақшасының  қысқыш  етті  аумағындағы  қақпақша  сайдың  (sulcus 

pyloricus)  алдында,  негізі  етті  сақинадан  түзілген,  қақпақшаалдылық  сай 

(sulcus  praepyloricus)  болады.  Бұл  сайлар  аралығында  қақпақша  кіреберісі 

(antrum  pyloricum)  орналасады.  Қарынның  кілегейлі  қабығының  ішкі  бетін 

қатпарлы  жиек  (margo  plicatus)  екіге  бөледі.  Тұйық  қапшық  жағындағы 

кілегейлі  қабықтың  ішкі  беті  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен  астарланған. 

Кілегейлі  қабықтың  бұл  аумағында  без  болмайды.  Ал  оның  қалған  бөлігін 

жалаң  қабат  призма  тəрізді  эпителий  қаптап  жатады.  Бұл  безді  аймақтың 

кілегейлі  қабығында  кардиальды,  фундальды,  пилорикалық  бездер  болады. 

Өңештің  қарынға  бұрыш  жасап  енуі  жəне  қарынның  сол  жақ  ұшындағы 

тұйық қапшықтың дорсальды бағытта шығып тұруы етті қабықтан қарынның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет