290
қабырғасына жұмыршақ сайы (sulcus reticuli) өтеді. Жұмыршақ сайының оң
жөне
сол ернеулері (labium dextrum et sinistrum) жас төлдерде бір-бірімен
тығыз жанасып тұрып, емген сүттің мес қарынға түспеуін қамтамасыз етеді.
Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі аралықта спираль тəрізді
бұралып жатады. Осының нəтижесінде жұмыршақ сайының оң ернеуі
қатпаршакқа өту алдында, оның сол жағына ауысады.
Жұмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына
ұқсас, үш қабықтан тұрады. Кілегейлі қабық қабаттарының құрылысы мес
қарынның кілегейлі қабығына ұқсас. Көпқабатты жалпақ эпителиймен
астарланған кілегейлі қабығаның ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, пішіні
көпбұрышты жұмыршақ торламасын түзеді. Жұмыршақтың етті қабығы
сыртқы көлденең, ішкі ұзынша қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан
сірлі қабықпен қапталған.
Жұмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, құрсақ куысының
семсерше шеміршек аумағында орналасады Жұмыршақ мес қарынмен мес
Достарыңызбен бөлісу: