жанасады. Мес қарынның дорсальды иіні (curvatura dorsalis) диафрагма мен
289
бел бұлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvatura
ventralis) құрсақ куысының вентральды қабырғасымен жанасады.
Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы
жағында орналасады. 6-7 -нші қабырғааралық тұста оның жоғарғы жағы
бауыр жəне қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр жəне диафрагмамен жанасады.
Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында жатады.
Оның сол жағында мес қарын, оң жəне жоғарғы бетінде бауыр, төменгі
бетінде ұлтабар орналасады.
Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасқан.
Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Ұлтабардың жіңішкерген
пилорустық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12 -нші қабырғааралық
тұсқа дейін көтеріліп, сөл ғана алға қарай бұрылады да, 9-11 -інші
қабырғааралық тұста ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) өтеді. Ұлтабардың оң
жағы бауырмен, сол жəне алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы
жағында ішектер жатады.
Мес қарын (рубец) — rumen — көлемі жағынан қарынның ең үлкен
бөлімі. Оның өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес қарын кіреберісі
(anthrum ruminis), одан төменірек орналасқан бөлігін кранио-вентральды
қалташа (recessus cranio-ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғы
жəне артқы сыртқы сайлар (sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға
сəйкес: алдыңғы жəне артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et
caudalis) мес қарынды дорсальды жəне вентральды қапшықтарға (saccus
ruminis dorsalis et ventralis) бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: