безінің сөлдері құрамындағы ферменттердің əсерінен жəне бауырдан келген
292
Қабылданатын азықтың түрлеріне (жануар текті, өсімдік текті, аралас)
байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы əр түрлі болады. Жануар
текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті
азықпен азықтанатын жануарлардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз
жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді.
Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек жəне мықын ішектен
құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден
басқа, өзектері он екі елі ішекке ашылатын ірі ас қорыту бездері бауыр мен
ұйқы безі жатады.
Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка)— intestinum duodenum —
жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см -120 см дейінгі, қысқа
шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның
қақпақша бөлігінен басталған бойда, S əрпі тəрізді иілім жасай бауырға
бағытталып, одан əрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға жəне алға
қарай бұрылып, шекарасыз аш ішекке өтеді. S əрпі тəрізді иілім аумағында
он екі елі ішек куысына бауыр мен ұйқы безі өзектері (сиыр мен шошқада
бөлек, ал жылқы, ұсақ мал мен итте бірге) ашылады. Он екі елі ішектің
кілегейліасты негізінде, өзектері ішек куысына ашылатын арнайы
Достарыңызбен бөлісу: