сиырда пилорустан 50-70 см -дей, ұсақ малдарда 25-40 см қашықтықта
ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен 30- 40 см -дей
кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.
Шошқа он екі елі ішегінің ұзындығы 40-80 см -дей болады. Ол құрсақ
қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр өзегі
пилорустан 2-5 см, ал ұйқы безінің өзегі 15-25 см қашықтықта ашылады.
Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, ол қозғалмалы
келеді. Ішек негізінен төмендеген жəне өрлеме бөліктерден тұрады. Ол
қарыннан шыққаннан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған
төмендеген бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырғаастылық жəне оң бүйірлік
аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға
қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан
қарынға қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын
маңында аш ішекке өтеді. Өтпен ұйқы безі өзектері бірігіп, пилорустан 3-8
см -дей қашықтықтағы бүртікке ашылады.
Аш ішек (тощая кишка) — intestinum jejunum — ащы ішектің ең ұзын
бөлігі (сиырда — 40 м, қойда — 30-35 м, жылқыда — 30 м, шошқада — 20 м,
итте — 2-7 м). Ол ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін
(ansae intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |