Морфология



Pdf көрінісі
бет623/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

дуоденальды безі болады. 

Он  екі  елі  ішек  үй  жануарларында  негізінен  құрсак  қуысының  оң 

қабырғаастылық  аумағында  орналасады.  Бауыр  мен  ұйқы  безінің  негізгі 

өзектері он екі елі ішек қуысының алдыңғы бөліктеріне бірге ашылып, он екі 



елі ішектің үлкен бүртігін (papilla duodeni major) жасайды. Ал ұйқы безінің 

қосымша  өзегі  ішек  қуысының  артқы  бөліктеріне  келіп  ашылып,  он  екі  елі 



ішектің кіші бүртігін (papilla duodeni minor) жасауға катысады. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  он  екі  елі  ішектің  ұзындығы  1  метрдей 

болады.  Қарыннан  шыққан  соң,  оның  куысы  кеңейіп,  он  екі  елі  ішек 



ампуласын  (ampulla  duodeni)  түзеді.  Бұдан  соң,  ол  құрсақ  куысының  оң 

бүйіріндегі  бауырдың  бетімен  төмен  қарай  таға  тəрізді  иілім  жасап,  ұйқы 

безінің денесін айналып өтеді. Ішектің осы бөлімі, оның төмендеген бөлігін 

(pars  descendens)  құрайды.  Одан  əрі  он  екі  елі  ішек  бауырдың  оң  бөлігін 

бойлай  оң  бүйрекке  қарай  көтеріле  бағытталып,  өрлеме  бөлікті  (pars 

ascendens)  түзеді.  Екінші  жəне  үшінші  бел  омыртқа  тұсында  ішек  оң 

бүйректің  артын  ала  солға  бұрылып,  каудальды  иілім  түзеді  де,  шажырқай 

түбірлері арасымен көлденең бөлікті (pars transversa) жасап, аш ішекке өтеді. 

Он  екі  елі  ішек  бауырмен  сірлі  қабық  арқылы  жалғасып,  бауыр-он  екі  елі 

ішек  байламын  (ligamentum  hepatoduodenal),  бүйрек  жəне  бүйенмен 

байланысып,  бүйрек-бүйен-он  екі  елі  ішек  байламын  (ligamentum  reno-

ceco-duodenale), шажырқай түбірімен жалғасып, он екі елі ішектің көлденең 

байламын  (ligamentum  transversum  duodeni),  кіші  тоқ  ішекпен  байланысып, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет