Морфология


ҚАБЫРҒАДАН ТЫС ЖАТҚАН AC ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет629/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

ҚАБЫРҒАДАН ТЫС ЖАТҚАН AC ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ 

БАУЫР 

Бауыр  (печень)  —  һераг  —  организмдегі  ең  ірі  ас  қорыту  безі. 

Эмбриондық  кезеңде  бауыр  əмбебаб  қан  жасау  мүшесі.  Эмбриогенездің 

алғашқы  кезеңдерінде  бауыр  он  екі  елі  ішектің  төменгі  қабырғасындағы 

эпителий  қатпары  ретінде  қалыптасып,  кейінірек  алдыңғы  жəне  артқы 

бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлігінен бауыр, артқы бөлігінен өт қабы мен 

оның  өзегі  дамиды.  Бауырдың  негізгі  қызметі  азықтың  құрамындағы  майды 

қорытуға  қатысатын  өт  бөледі.  Ол  ішек-қарыннан  жиналатын  вена  қаны 

ағатын  қақпалак  венаның  бойында  орналасып,  қандағы  өр  түрлі  зиянды  да 

ұлы  азоттық  (белоктық)  зат  алмасу  өнімдерін,  биогенді  аминдерді,  дəрі-

дəрмектер  қалдыктарын  бейтараптандырып,  микроорганизмдерді  жояды. 

Сонымен  қатар,  бауырда  қан  алазмасының  белоктары  (альбуминдер, 

фибриноген,  протромбин),  ыдыраған  эритроциттегі  гемоглобиннен  өт 

пигменттері  түзіледі,  жануарлар  организміне  тəн күрделі  көмірсу  -  гликоген 

қор  ретінде  сақталады.  Қан  капиллярлары  қабырғасындағы  тармақты 

макрофагтар  (Купфер  жасушасы)  қанға  түскен  микроорганизмдерді  жəне 

басқа  да  бөгде  заттарды  қармап,  фагоцитоз  арқылы  жояды.  Бауыр 

организмдегі  белок,  май,  көмірсу  алмасуларына  қатысады.  Бауырда 

организмдегі қанның 20% -ы қор ретінде сақталады. 

Жануарлардың түрлері мен бауырдың қанға төлу деңгейіне байланысты, 

оның  түсі  қызыл-қоңырдан  ақшыл-қоңырға  дейін  өзгеріп  отырады.  Бауыр 

құрсақ  қуысында,  көкеттің  артқы  бетінде  орналасқан.  Оның  алдыңғы  бетін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет