диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет
(facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал,
вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың
оң жəне сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш
батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы куыс венаның өтетін орны
көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықтар (incisura
interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus
hepatis sinister) жəне олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі.
Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе жəне бүғыдан басқа
жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі
(ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам
(іштөлінің бұрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң бөліктен өт
қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр
байламның жалғасы орақша байлам, одан əрі қысқа көлденең немесе тəждік
байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам оз кезегінде екіге
ажырап, оң жəне сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare
297
dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v.
portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы
Достарыңызбен бөлісу: |