орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі
елі ішекке ашылады. Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы
безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.
Ерекшеліктері. Жылқыда ұйқы безі без денесінен (орталық бөлік), оң
бөліктен (бездің басы) жəне сол бөліктен (без құйрығы) тұрады.
147 - сурет. Ұйқы безі А — шошқа, Б — сиыр
1 — сол бөлік, 2 — оң бөлік, 3 — орталық бөлік, 4 — он екі елі ішек, 5 — қақпалақ
вена ойығы.
Оның өзегі бауыр өзегімен бірігіп, он екі елі ішекке ашылады. Кейде
қосымша өзегі де кездеседі. Сиырда ол он екі елі ішек бойыңда орналасады.
Ұйқы безі денесінен (орталық бөлік), сол жəне оң бөліктен тұрады. Без өзегі
он екі елі ішекке өт өзегінен 30 - 40 см кейін ашылады. Ал ұсақ малдарда
бездің құрылысы сиыр безіне ұқсас. Ұйқы безінің өзегі өт өзегімен бірігіп,
бір бүртікке ашылады. Шошқада ұйқы безі денеден (орталық бөлік), оң жəне
сол бөліктерден тұрады. Бір өзегі болады. Итте ұйқы безі денеден, оң жəне
сол бөліктерден тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегімен бірге
ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |