Морфология



Pdf көрінісі
бет635/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

орталық  венасын  құрайды.  Орталық  веналар  бір-бірімен  бірігіп, 

бөлікшеасты  веналарын,  олар  өз  кезегінде  бір-бірімен  қосылып,  артқы 

қуыс венасына ашылатын бауыр венасын түзеді. 

Бөлікшелераралық борпылдақ дəнекер ұлпалық  аралықтармен бөлінген, 

пішіні  көпбұрышты  бауыр  бөлікшесі  шеттен  орталық  венаға  қарай 

радиальды  (сəулелі)  бағытталған  бауыр  бағандарынан  тұрады.  Бауыр 

бағандарын  екі  қатарда  орналасқан  бауыр  жасушалары  —  гепатоцитгер 

құрайды. Жоғарыда баяндалған бауыр қызметтерінің барлығын гепатоциттер 

атқарады.  Гепатоциттің  пішіні  көпбұрышты.  Онын  дөңгелек  келген  бір,  екі 

не  одан  да  көп  ядролары  цитоплазмасының  орталығында  орналасады.  Қан 

белоктарын  жасайтын  гранулалы  эндоплазмалық  тор,  өт  пен  гликогенді 

түзуге  қатысатын  агранулалы  эндоплазмалық  тор,  аталған  процестерді  іс 

жүзіне  асыруға  қатысатын  Гольдж  кешені,  митохондриялар,  рибосомалар, 

лизосомалар  тым  жақсы  жетілген.  Бауыр  бағандарьшың  аралығымен 

бөлікшелердің шеткі жағынан орталық венаға қарай тарамдалып жатқан кең 

арналы  қойнауша  капиллярлар  өтеді.  Қойнауша  қан  капиллярлары 

қабырғасында  негіздік  жарғақ  болмайды.  Эндотелий  сыртынан  борпылдақ 

дəнекер 

ұлпасымен 

қапталған. 

Эндотелиоциттермен 

жанасатын 

гепатоциттердің  плазмолеммаларында  микробүрлер  болады.  Гепатоциттер 

жағындағы  эндотелиоциттердің  беттерінде  де  микробүрлер  бар.  Бір-біріне 

қарама-қарсы  жатқан  микробүрлер  аралықтарында  тек  қан  плазмасына 




299 

 

толған  саңылауша  кеңістік  қалады.  Гепатоциттің  қан  капиллярларына 



қараған  плазмолемма  бетін  бауыр  жасушаларының  тамырлы  беті  —  дейді. 

Міне,  гепатоциттер  жəне  қойнауша  қан  капиллярларымен  ағып  жатқан  қан 

аралығындағы  зат  алмасу  (гепатоциттен  қанға  —  глюкоза,  несепнəр 

(мочевина),  белоктар  т.б.  заттар;  қаннан  гепатоцитке  аталған  заттарды 

синтездеуге керекті заттар өтеді) процесі осы кеңістік арқылы жүреді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет