Ерекшеліктері. Жылқы бүйенінің пішіні үтір тəріздес, көлемі үлкен,
қабырғасында төрт қатар ұзын ет таспалары (taenia) жəне олардың
аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан
келген бүйеннің негізі (basis сесі) жамбас қуысында жатады, ал оның ұзын
бүйен денесі (corpus сесі) құрсақ қуысының оң жағында бауырға дейін
созылады. Жіңішкерген бүйен төбесі (apex сесі) сол жаққа қарай иіліп,
семсерше өсінді аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен жəне кіші
иіндер болады.
Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні ұзынша келген, ұзындығы 30-70
см. Ол құрсақ куысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында
орналасады. Оның артқы ұшы жамбас қуысында, ал алдыңғы шекарасы бел
аумағының орта тұсына дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |