Ит тоқ ішегінің пішіні таға тəрізді болып келеді. Ол бүйеннен шыққан
бойда құрсақ қуысының оң жағымен алға қарай бағытталып, оң бөлікті, одан
соң көкеттің бойымен солға бұрылып, диафрагмальды бөлікті, содан кейін
құрсақ қуысының сол жағымен артқа қарай бағытталып, сол бөлікті құрайды.
Сол бөлік жамбас қуысына бағытталып, тік ішекке өтеді.
Тік ішек (прямая кишка) — intestinum rectum — жуан ішектің қысқа
соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы
шажырқайға ілініп тұрады. Тік ішек артқы тесік — ануспен аяқталады.
Анусқа өтер алдында тік ішек кеңейіп, тікішек ампуласын (ampulla recti)
түзеді. Тік ішекті сірлі қабық тек құйымшақтың төменгі жағындағы бөлігін
ғана сыртынан қаптайды. Ал оның жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы
бөлігі сыртынан адвентициямен (борпылдақ дəнекер ұлпасымен) қапталған.
Достарыңызбен бөлісу: |