диафрагмальды иілімнен (flexura coli diaphragmatica dorsalis) жəне
дорсальды оң бөліктен (colon dorsale dextrum) тұрады. Дорсальды жарты
ілмекгің қабырғасыңда үш қатар ет таспалары жəне үш қатар қалташалар
болады. Пішіні қарын тəріздес кеңейген дорсальды оң бөлік, жіңішкеріп
барып, кіші тоқ ішекке өтеді. Кіші тоқ ішек (карта) ұлкен тоқ ішектің оң жəне
сол бөліктерінің аралығыңда ұзын шажырқайға ілініп, ілмек жасай тік ішекке
өтеді.
Күйіс қайтаратын жануарлар тоқ ішектерінің пішіні оралып жатқан
дискі немесе дискі-конус тəрізді болып келеді. Ол құрсақ куысының оң
жағында орналасады. Тоқ ішек басталған бойда проксимальды ілмек (ansa
coli proximalis) жасап, сағаттілі бойынша бір-бірмен шажырқай арқылы
байланысқан орталыққа тепкіш (центрипетальды) оралымдар (gyri coli
centripetales) - (сиырда -1,5; қой мен ешкіде - 3 оралым) жасап, орталық
иілім (flexura coli centralis) түзеді де, қайтадан сағат тіліне қарсы бағытталған
Достарыңызбен бөлісу: |