Шош0ада тоқ ішектің пішіні конус тəрізді болады. Ол құрсақ куысының
алдыңғы жағының 2/3 болігін алып жатады. Тоқ ішектің ішіне қарай
бағытталған центрипетальды оралымның қабырғасында екі қатар ет
таспалары мен қалташалар болады. Оралымдарының саны 3,5. Ол орталық
иілім жасап, центрифугальды оралымдар түзеді де, артқа қарай иіліп, тік
ішекке айналады. Центрифугальды оралымның қабырғасы тегіс.
151- сурет. Тоқ ішектің кұрылысы
1 - кілегейлі қабық, 2 — етті қабық, 3 — сірлі қабық, 4 — кілегейліасты негіз, 5 -
ішектің ішкі бетіндегі бірқабатты призма тəрізді эпителий, 6 — құғыша жасуша, 7 -
кірмелер, 8 — өзіндік тақташа, 9 — етгі тақташа, 10 — кілегейліасты жүйке торабы, 11 -
лимфа түйіншесі (фолликулы), 12 — қан тамырлары, 13 - етті қабыктың сақинаша қабаты,
14 — етті қабықтың ұзынша қабаты, 15 — сірлі қабықтың мезотелий қабаты.
Достарыңызбен бөлісу: |