312
ұстайтын тері түктері мен бездер болады. Мұрын қуысы кіреберісін
көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Эпителий астындағы өзіндік
тақташа борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Өзіндік мұрын қуысының
кілегейлі қабығы құрылысына байланысты екіге бөлінеді. Мұрын қуысы
кілегейлі қабығының алдыңғы аймағын құтыша жасушаларға бай бірқабатты
көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны эластин
талшықтары көп борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Өзіндік тақташада
кілегей бөлетін бездер болады. Өзіндік тақташаның төменгі қабаттарындағы
кең куысты веналар қанға толған кезде кілегейлі қабық ісініп, мұрын қуысы
сəл тарылып, қанның қызуымен мұрын қуысындағы ауа жылынады. Құтыша
жасушалар мен өзіндік тақташадағы бездер бөлетін кілегей мұрын куысының
ішкі бетін сылап, ауа құрамындағы шаң-тозаңдарды жабыстырып ұстайды.
Кілегей құрамындағы су буланып, ауаны дымқылдайды. Демек, ауа мұрын
куысы арқылы өткен кезде шаң~тозаң тазаланып, дымқылданып жылынады.
Шаң-тозандарды өзіне жабыстырған кілегей қақырыққа айналып, қақырыну
жəне түшкіріну арқылы сыртқа шығарылады. Сөйтіп, мұрын қуысы қорғаныс
қызметін де атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: